“Қауіпсіздік әліппесі”


Кужабекова Галия Сериковна

Шыгыс Қазақстан облысы білім баскармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№3 Балбөбек” балабақша-бөбекжайы” Комуналдык мемлекеттік қазыналык касіпорны тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Әлеумет».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қауіпсіздік мінез құлық негіздері

Тақырыбы: «Қауіпсіздік әліппесі»

Мақсаты: қауіпсіздік туралы білімді, тұрмыста және көшеде жүріс-тұрыс ережелерін, экстремалды жағдайда өзін дұрыс ұстай білуді анықтау; басқаларға көмектесу ниетін тудыру.

Міндеттері:

Білімділік:

  • күнделікті өмірде пайда болуы мүмкін қауіпті жағдайлар туралы білімді бекіту

жеке қауіпсіздік негіздері бойынша білімдерін кеңейту;

  • себеп-салдарлық және логикалық байланыстарды орнату
  • балалардың: 101, 102, 103; 112 номерлерін бекіту.

Дамытушылық:

  • түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту;
  • сөйлеу, есте сақтау, ойлау, тез ойлау, зейінді дамыту;
  • бір-бірін тыңдау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

  • үйде, көшеде мінез-құлық мәдениетін, жол қозғалысы ережелерін және қауіпсіздік ережелерін сақтауға саналы көзқарасты тәрбиелеу;
  • өзіне және басқаларға жауапкершілікпен қарауға, өзін-өзі сақтау сезімін тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс:

  • қауіпсіздік альбомдарын қарау;
  • күнделікті өмірде, балабақшада, көшеде қауіпсіздік туралы әңгімелер;
  • дидактикалық ойындар: “Қауіпсіздік әліппесі”, “қауіпті – қауіпті емес”.
  • “Үш аю”, “Мысық, короз және Түлкі”, “Колобок”, “Үш шошқа”орыс халық ертегілерін оқу.
  • қауіпсіздік туралы өлеңдерді үйрену.

Сөздік қор: қауіпсіздік, тұрмыстық химия.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, көркем сөздер, сұрақ-жауап, ТРИЗ.

Билингвальды компонент:

  • қауіпсіздік ережелері – правила безопасности- safety regulations;
  • скорая помощь – жедел жәрдем – ambulance [ˈæmbjʊləns]
  • пожарная служба – өрт қызметі – fire service[ˈfaɪə ˈsɜːvɪs]
  • полиция – полиция – police [pəˈliːs]

Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, интерактив тақтасы мен видеолар, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, жол макеті, әуендер, жарсырмалы ойындар.

Іс-әрекет қызметі     Тәрбиешісінің іс-әрекеті     Балалардың іс-әрекеті  
Мотивациялық-қозғаушылық    Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады) Алтын сәуле арайлы. Бақшамызға тарайды. Қуанышпен шат күліп, Қарсы алайық әр таңды. Балалар келген қонақтармен амандасып алайық. Тәрбиеші: Қайырлы таң қонақтар! Балалар: үш тілде амандасайық. -Сәлеметсіздерме?! Здавствуйте, хэлоу!   Тәрбиеші: Жақсы балалар  өзіміз жайлы айтайықшы біздің топта кім ақылды? Кім ұқыпты, тәртіпті? Балалар: ол мен және менин достарым. (Звучит песня «Маленькая страна») Тәрбиеші: Ия, балалар Сендердің барлықтарың жақсы баласыңдар, бұл әлемнің сәні мен көркі, болашағы  сендерсіңдер! Ал, балалар, бізді қоршаған әлем әртүрлі және таңқаларлық,  бірақ ол көптеген қауіп-қатерлерге толы. Біз олардан қорғануды үйренуіміз керек. Бүгін мен сендерді «Қауіпсіздік әліппесі» арқылы қызықты танымдық ҰОҚ шақырамын. «Қауіпсіздік әліппесің» беттерінен Сендер қауіпсіздіктің негізгі ережелерін танып білетін боласыңдар. Сондайақ сендерді түрлі тапсырмалар  күтіп тұр. Сол тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше, «Қауіпсіздік әліппесінің» алғашқы бетін ашайық! Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін айтады. Қонақтармен амандасады. Өздері жайлы айтып, эмоционалды қуанады. Тәрбиешінің өздерін мұқият тыңдап, қызығушылық танытады.
Ұйымдастыру-іздестіру   Тәрбиеші: Ал, «Қауіпсіздік әліппесін ашу үшін сиқырлы сөзімізді  айтайық! Слайд №1 “Үйдегі қауіпсіздік” Мінекей балалар, қауіпсіздік әліппесінің алғашқы беті “Үйдегі қауіпсіздік” туралы екен.  Айтыңдаршы, үйде қандай заттарды қауіпті деп санауға болады? Слайд №2 (пышақ, ине, тұрмыстық техникалар, қайшы, балға, қырғыш, үтік, дәрі-дәрмектер т.б көптеген затар). Тәрбиеші: Дұрыс. Сендер айтқан заттардың барлығымен мұқият болмаса, қауіпті болуы мүмкін. Мына суретке қараңдаршы, суретте барлығы дұрыс па? Осылай болу керек пе? Тәрбиеші: Бұл заттардың барлығы пайдалы және қажетті, бірақ қауіпті заттар. Ендеше барлық заттарды өз орындарына қоюға көмектесіңдерші. Қанекей балалар «Орнын тап» ойынын ойнайық! Бөлмеде шашылған заттарды жинайық.  Әр заттың өзінің орыны болады. Құралдары (жәшікке), дәрілерді (дәрі қорабына), ине-жіптерді (ине-жіпке арналған қобдишаға салайық).  Заттардың арасынан сіріңкені табады. Тәрбиеші: сіріңкені қайда қою керек? Балалар: жоғары, балалар үшін қол жетімді емес орынға. Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Себебі сіріңке ойыншық емес, ол өрттің себебі болуы мүмкін. «Үйдегі қауіпсіздік» туралы не білдік? Жақсы жарайсыңдар балалар! Қауіпсіздік әліппесінің келесі беті бізге не үйретпек? Оны білу үшін сиқырлы сөзімізді айтайық. ОТТЫН ЖАНҒАНЫН ҚОСУ! (Интерактивти тақтада) Ойын «От жақсы ма? Жаман ба? Суретте не бейнеленген? Бұл суретте оттың қандай пайдасы, зияны бар? Кимге жылы, жарық! Ал кимге қорқынышты? От мулдем болмаса қалайболар еді?   Өрт шыққан жағдайда не істеу қажет? Қандай нөмірді теру керек? 101. Полингвалды компонент: ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ – пожарная служба – файэ сервайс екен. ЖЕДЕЛ ЖІРДЕМ КӨМЕГІ – СКОРАЯ МЕДЕЦИНСКАЯ ПОМОЩЬ – эмбулэнс. ПОЛИЦИЯ – полиция – полис. Кайталайык. Топпен, жеке қайталатқызу.  Оларға озіміздің мекен-жайымызды хабарлауымыз қажет. Жарайсыңдар, дұрыс. ДАБЫЛ ҚАҒЫЛАДЫ балалар тездетіп жиналыңдар. Арнайы баспалдақпен сырт жаққа шығайық. Не стеу керекпіз? Дымқыл орамалды алып мұрнымызды жабамыз.  Бейджиктеримизди тағамыз. Әркім өзінікін алуы тиіс шатастырып алмаймыз.Жамылғышпен оранамыз. Естеріңде болсын өрт кезінде лифтпен түсуге болмайды. Жақсы балалар, тездетип сыртқа шығайық қатардан қалмаңдар! Міне балалар өрт болған жағдайда осындай әрекеттерді жасауымыз қажет.  «Қауіпсіздік әліппесінің» бұл беттерінен біз не білдік? Не үйрендік? Оттың пайдасы мен зияны жайлы. Оттан қалай қорғануымыз қажет екенін білдік.Өрт пайда болған кезде қайда хабарласу керектігін қайталадық. Жақсы жарайсыңдар балалар! Қауіпсіздік әліппесінің келесі бөліміне көшпес бұрын сергіту сәтін жасап алайық Сергіту сәті Болды менде бір жағдай, жоғалып қалдым байқамай – (қорқынышты суреттеу) Ойланбастан онға бір, солға бір мен бұрылдым – (бұрылыстар) Анамды мен іздедім – (қолын маңдайына қойып іздеген кейіп салады) Анам жоқ! Енді не істеймін? – (қолды екі жаққа, төменге түсіреді) Оңға қарай жүгіру керек пе? – (оңға солға бұрылып бір орында жүгіру) Солға қарай жүгіру керек пе? Жоқ! – (қолдарын қиыстырады) Бір айналып өзімді. Жөн санадым бір орында Анамды күтіп тұруды. – (орнында тік тұру).   Адамдар жоғалған жағдайда кімнің көмегіне жүгінеді? Дұрыс полиция қызметіне хабар береді. Тағы қандай жағдайда полиция қызметінің көмегіне жүгінеміз? Үйде жалғыз қалғанда біреу есікті бұзайын деп жатса.Қылмыскер қылмыс жасаса Қоғамдық орындарда адамдар тәртіп бұзған жағдайда полицияға хабарлайды. Полиция қызметінің номері қандай балалар?  102. Жарайсыңдар, БАЛАЛАР! «Қауіпсіздік ӘЛІППЕСІНІҢ КЕЛЕСІ БЕТІНЕ КӨШЕЙІК сиқырлы сөздерді айтайық:   Бұл «Көшедегі қауіпсіздік бөліміне өтейік». Тәрбиеші: Бізді мұнда кім қарсы алып тұр? Бұл бағдаршам! Бағдаршам: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым – бағдаршам!                      Маған назар аударсаң. Жолдан өтіп жүресің                      Аман есен әрқашан! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер менің барлық түстерімді, жол жүру ережелерін білесіңдер ме? Мен Сендердің білімдеріңді тексергім келеді. ЖАҚСЫ. Ендеше сұрақтарымды тыңдаңдар! 1. Жаяу жүргінші жолдың қай бөлігінде жүруі керек? (Тротуардың  бойымен). 2. Көшені қай жерден кесіп өтуге болады? (Жаяу жүргіншілер өткелінде). 3. Жол бойында ойнауға бола ма? (Жоқ. Тек ойын алаңдарында). 4. Тағы да қандай жерлерде ойнауға болмайды? (“Су айдындарында, құрылыс алаңдарында) 5. Көшеде не істеуге болмайды? (иттерді мазақтау, бөтен заттарды ұстауға, люктерді басуға, бейтаныс адамдармен сөйлесуге). Бағдаршам: сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер! Ал тустерімді білесіңдер ме? Тәрбиеші:  арине бағдаршам. Бағдаршам: балалар қызыл түсім жанды. Ол нені білдіреді? (қызыл түсін жағып). Балалар: Тоқта, жол жоқ! Баспа алға! Бағдаршам: Сары түсім жанғанда! (сары түсін жағып). Балалар: Дайындал! Қарап қалма аспанға! Бағдаршам: Ал жасыл түсім не дейді? (жасыл түсін жағып). Балалар:Өтіңдер! Жол ашық! (Анасы мен қызы коляскамен жолдан өтеді). Бағдаршам: Жарайсыңдар балалар! Жол тәртібін біліңдер, аман есен жүріңдер! Жақсы.   Көрініс: қызы мен анасы. Анасы: Қызым, бүгін ауа-райы қандай тамаша! ҚЫЗЫ: Ясин: Ия, Анашым! Анашым, қараңызшы қандай әдемі қорабша. Ішінде не бар екен, қарайықшы.. АНАСЫ: жоқ қызым! Ол қорапша біздікі емес, оның ішінде не жатқанын біз білмейміз.  ҚЫЗЫ: Ясин: анашым жай қарап көрейікші! Мүмкін онда тәттілер, ойыншықтар бар? АНАСЫ: Айару: жоқ қызым, болмайды! Себебі ол қорапшаның ішінде өте қауіпті жарылғыш зат болуы мукін. Таныс емес белгісіз біреудің затын алуға болмайды. Ол жайында үлкендерге хабар беру керек. Үлкендер қажет деп санаған жағдайда төтенше жағдайлар қызметінінің біріңғай 112 нөмеріне хабарласады. Ол нөмерлерге себепсіз, ойнап хабарласуға болмайды. Ол үлкен күрделі мәселе. Есіңде болсын қызым! Кызы: жақсы Анашым! Мен бәрін түсіндім. Бөтен заттарды алмауға уәде беремин. әрбиеші:мінекей балалар бұлда көше қауіпсіздігінің бірі, біліп жүріңдер. ОЙЫН «Бейтаныс Сұлу бикеш» Сұлу бикеш: Салеметсіңдер ме балалар! Неткен адемі, сұлусыңдар! Сендердей балаларды қатты жақсы көремін. Менде кәмпит бар алыңдар! Балалар бірі алып, бірі алмайды. Алған жағдайда тәрбиеші балалардан алғаны дұрыс па деп сұрайды.  Сұлу бикеш: Менің үйімде басқада көптеген тәттілер бар, кішкентай күшігім, аппак мысығым бар! Менімен жүріңдер! Балалар: ешқайсысы келіспейді. Тек Арыстан ғана орнынан тұрады. Арыстан: біз қайда барамыз? Сұлу бикеш: Арыстанды қолынан тартып, үндеме! Күшті жерге барамыз! Қауіпсіздік ережесін өзімак саған түсіндіремін! Қайтесің. (ұзақ жолмен айналдырып топтан Арыстанды әкетпекші болады) Тәрбиеші:балалар бейтаныс кісі қолымыздан тартып әкетіп бара жатса не істеуіміз керек? Тәрбиеші: Сұлу бикеш! Арыстанды жіберіңіз! Ол Сізбен ешқайда бармайды! Өз үйінізге барыңыз. Қанекей балалар, Арыстанға түсіндіріп кетейік. ЖАҚСЫ балалар,  көше қауіпсіздігінің ережесін біліп сақтап жүрерсіңдер деген ойдамын!   ҚАУІПСІЗДІК ӘЛІППЕСІНІҢ СОҢҒЫ БЕТІ ПАЗЛДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУҒА ШАҚЫРАДЫ. Қанекей балалар топқа бөлініп үстелдердің жанына жиналайық. Әркім өзінің түстеріне сай, түстелінің қасына тұра қалсын. Пазлдарды жинау. Яғни бөліктерден бүтін суретті шығару керек. Ол суреттегі жағдайларды қонақтарға айтып беру керек. Және сол жағдай туындағанда қайда хабарласамыз, сандарды мына үстелден алып өз тақтайшаларыңа ілесіңдер. Түсінікті ме? Нөмерді толық айту, тақтаға сандарды ілу. ҚАНЕКЕЙ БАСТАҢДАР!!! (КӨҢІЛДІ МУЗЫКА ӘУЕНІ ОЙНАТЫЛАДЫ) Қанекей көрейк дұрыс құрастырдыңдар ма? ЖАРАЙСЫҢДАР! Ал енді айтып суреттегі жағдайды әңгімелеп беріңдер. Бұл жағдайда қандай көмекке жүгінеміз? Жарайсыңдар! Балалар: Ережені білеміз. Өзімізге сенеміз.                   Қол ұстасып бірге біз. Қиындықты жеңеміз. (Қолды көтеріп бірге секіру арқылы аралға жету.) Балалардың жауабы.       «Үйдегі қауіпсіздік» туралы түйін жасайды. Балалар сиқырлы сөзді бірге айтады.   Сұраққа толық сөйлеммен жауап береді.   Жер сілкінісі болған жағдайдағы амалдарды жылдам орындап көрсетеді. Алған білімдерін қорытындылау.     Сергіту сәтін мәтінді айта отырып орындайды               Сұраққа толық сөйлеммен жауап береді. Өз ойларын айтады. Сиқырлы сөздерді бірге қайталайды -Бағдаршам Қызығушылық танытып бағдаршамды тыңдайды Бағдаршамның сұрақтарына жауап береді.         Бағдаршаммен бірге түстерді атап, олардың не білдіретінін айтады.   Кішігірім қойылым: анасы мен қызы.                                                 Бетаныс бикешпен амандасады. Оның сөздеріне келіспейді. Арыстанға дұрыс жасамағанын түсіндіреді. – «Көмектесіңдер» деп көмекке шақыру керек.  Тез арада 102 нөмеріне хабарлау қажет. Өз ойларын айтады. Пазлдарды құрастырып, суреттегі жағдайды әңгімелейді
Рефлексивті-түзетушілік   Балалар ҚАУІПСІЗДІК ӘЛІППЕСІНІҢ СОҢҒЫ бетінің тапсырмасын орындадық.  Бүгінгі оқу іс әрекеті сендерге ұнады ма? Нені білдік? Барінен бұрын не ұнады? Қиындықтар болды ма? Қауіпсіздік әліппесін сәтті аяқтағандарың үшін сендерге медальдарым бар. Әрқашан өауіпсіздік ережелерін біліңдер, Аман-есен жүріңдер! Ережелерді біліп қана қоймай, оларды сақтау керек!!! Осымен оқу-іс әрекетіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыз, до свидание! гуд бай! Балалар сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын толық сойлеммен жеткізеді. Көтеріңкі көңіл күймен қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: қауіпсіздік ережелерін ұғынады.

Түсінеді: күнделікті өмірде пайда болуы мүмкін қауіпті жағдайлар туралы біледі. Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінеді.

Қолданады: қауіпті жағдайлардасебеп-салдарлық және логикалық байланыстарды қолданады. Шапшан, жедел түрде қажетті шараларды қолданады. Жедел қызмет көрсету номерлерін біледі: 101, 102, 103; 112.