Ашық сабақ. «Геометриялық фигуралар»

Есимханова Айгерим Бекайдаровна

Өскемен қаласы әкімдігінің «Негізгі орта білім беретін мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Пән:   математика                                                Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В – Геометриялық фигуралар Күні:                                   Мұғалімнің аты-жөні: Есимханова А.Б. Сынып: 1                          Қатысқандар саны:           Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы 3.1Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.3.1.1 – геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:  Геометриялық фигураларды (нүкте, түзу,қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле) біледі. Көптеген оқушылар: Геометриялық фигураларды (нүкте, түзу,қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле) ерешеліктерін ажыратады, салыстырады. Кейбір оқушылар: Геометриялық фигураларды (нүкте, түзу,қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле) ерекшеліктерін салыстыра, дәлелдейді.
Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Геометриялық фигураларға нелер жатады?
Құндылықтарды дарыту «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу қадамын» басшылыққа ала отырып, өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға, бірін-бірі оқытуға және салыстыра отырып  жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары  
Бастапқы білім Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы,әрекеті) бойынша құру және жіктеу.