Күрделі сөздер


Досмағанбетова Гүлзира Қалабайқызы

Қостанай облысы Қарабалық  ауданы  Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі 

Мақсаты: Оқушыларға күрделі сөз туралы түсінік беру, оның сөздерінің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалатынын байқату, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірмелер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым

ІІ Үй тапсырмасын тексеріп шығу.

ІІІ Жаңа сабақ

Төмендегі сызбаға қарап, күрделі сөздің не екендігін түсіндіреміз

Мысалдар

балабақша,тасбақа, мая-мая, Екібастұз, кәрі жілік, сары май

ІҮ Оқулықпен жұмыс:

а) екі бағандағы сөздерді салыстыру /1/

ә) сызбамен жұмыс арқылы күрделі сөздің жасалу жолымен таныстыру /2/

б) сөздерді көшіріп жазып, сөйлем құрап жазу /3/

Ақсақал, айбалта, тасбақа, итмұрын, жас ұлан, сары май, әке-шеше, көзбе-көз, мая-мая.

Ақжарқын Айзаданы көзбе-көз сөйлесуге шақырды. Менің досым Жанасылда тасбақа, тотықұс, балықтың түр-түрі бар. Біздің сынып ертең жас ұлан ұйымының мүшесі болады.

в) Күрделі сөздің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдеу

Күрделі сөз Сөз тіркесі

-Кемінде екі сөзден құралады; -Ең кемітолық мағыналы екі сөзден тұрады;

-бір ғана сұраққа жауап береді; -Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі

-екі не одан да көп түбірден жасалған; екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады;

-қос сөздер -зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік бе-і;

-қысқарған сөздер; -1-ші сыңары бағыныңқы, 2-ші сыңары басыңқы сөз деп аталады;

г) Күрделі сөздерді қатыстыртып «Қысқы бір күн» тақырыбына шығарма жазу /6/

Ү. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Үлестірмелермен жұмыс

Семантикалық карта