Сабақта. Ауыспалы осы шақ.
Хасанова Салтанат Мырзабулановна
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мақсаты: а)Етістіктің ауыспалы осы шағын еске түсіріп,оны ажырата білуге үйрету.Берілген тақырыпты ашу.
ә)Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б)Мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар амандасады. ( Қадыр ағамыздың сөзімен )
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы еске түсіру
Мектеп формасы қандай болу керек?.Бүгінгі сабаққа көшу үшін ең алдымен жұмбақ шешуіміз керек.
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
Дұрыс,балалар,біз мектепке не үшін келеміз?
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім жаны асыл. (ұстаз)
Сонымен, балалар,ұстаз сендерге не береді?
Сонымен, балалар,дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазамыз.
Тақырыбымыз:Сабақта.Ауыспалы осы шақ.
І.Слайдқа назар аударамыз. (Ауыспалы осы шақтың ережесін түсіндіру.
-а,-е,-й +жіктік жалғау .Мысалы:барамын,келемін
ІІ.Слайд.Суретпен жұмыс(Математика,дене шынықтыру сабақтарының суреттеріне қарап, эссе құрастыру)
ІІІ.Слайд. Мәтінмен жұмыс.Берілген мәтінді оқып,аудару.
Қазақ тілі сабағында.
Біз биыл алтыншы сыныпта оқимыз.Біздің мектептің оқушылары үш тілді оқиды.Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді.Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі.
ІҮ.Слайд. Жеке карточкілермен жұмыс (Берілген етістіктермен сөйлем құрастыру. Келеді,жазады,сөйлейді)
«Қазақ тілі сабағында» тақырыбына диалог құрастыру.
Бекіту:Тест сұрақтартарына жауап беру .(Етістікке қатысты сұрақтар көрсетіледі)
Үйге:ереже, 5 сөйлем құрастыру ,Әңгімелеу.