Жаңаша тәрбие беру – заман талабы


Абдуллена Нургуль Булатовна

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ Шағын орталық тәрбиешісі

1. Ойындық технология – мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар.

2. Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б.

3. Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі.

Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б. Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.