РЕЦЕНЗИЯ №71 – 09.09.2022 г.


Ғылыми жобаның атауы: Ағылшын және қазақ халық ертегілерінің ұқсастықтарды мен ерекшеліктері

          Авторы: Нұр-Сұлтан қаласы, №63 мектеп-гимназия оқушысы Нурсултанова Анель, ғылыми жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хусаинова Рашида Сеилбековна

1 Ғылыми жоба мазмұнының оның атауына сәйкестігі Жоба атауы оның ішкі мазмұнына сай келеді.
2 Ғылыми жобаның құрылымы Жоба аннотация мен кіріспеден, негізгі бөлім мен зерттеу бөлімінен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Олардың арасында ішкі бірлік, жүйелілік сақталған. Қолданылған әдебиеттердің барлығына жұмыста сілтеме жасалған. Үш тілде берілген аннотациялар өзара мазмұндас келеді.
3 Ғылыми жобаның өзектілігі мен практикалық маңыздылығы Жобада қазақ, ағылшын халықтары ертегілеріне салғастырмалы-тақырыптық талдау жасалған. Осы тұрғыдан келгенде жұмыстың өзектілігі көрінеді.
4 Ұсыныстар мен ескертулер Жобада орфографиялық, пунктуациялық, техникалық қателер ұшырасады: орфографиялық: қортынды – қорытынды (1-б., 17-б.), ертеіглері – ертегілері (3-б.), тел – төл (4-б.), ертігелірінің – ертегілерінің (9-б.) пунктуациялық: а) бірінебірі (2-б.), әдет ғұрыптары (4-б.), филологғалымдар (4-б.) деген сөздер дефис арқылы жазылады; ә) ертегі (2-б.) сөзінен кейін үтір қойылмаған. техникалық: бағдарламадада – бағдарламада (1-б., 12-б.), бұрын (2-б.) сөзі екі рет жазылған (1-б.), қолданылуу – қолданылу (4-б.), қазақь – қазақ (4-б.), шығауы – шығуы (4-б.), менн – мен (4-б.), шығарушылармен – шығарушылар мен (8-б.) мен деген сөз жеке жазылады, тілін – тілі (8-б.), персонажа – персонаж (8-б.), түлкің – түлкі (9-б.), дүкееншіге – дүкеншіге (10-б.), акма – аман (11-б.), баққытты – бақытты (12-б.), мултьсериалдар – мультсериалдар (13-б.), отырымыз – отырмыз (13-б.)
  ШЕШІМ Жоғарыда көрсетілген ескертулерді, ғылыми жобаның мақсатын түзетуді, жобаның мәтінін қайтадан мұқият тексеріп шығуды ұсынамыз. Жоба мәтініндегі кейбір сөйлемдер дұрыс құрастырылмаған: ағылшын ертеіглері мен қазақ ертегілерінің ұқсастықтарын табу, айырмашылықтарын ғылыми ертеіглері жоба барысында көрсету. Бұл сөйлемді келесідей өзгертуге болады: ағылшын ертегілері мен қазақ ертегілерінің ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ғылыми жоба барысында көрсету.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

PhD (философия докторы):                                                      М. Аманғазықызы