Әдістемелік құрал “Көмекші жұмыс тапсырмалар жинағы”


Айтбаева К. А.   – Алматы қаласы Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Алғы сөз.

  Көмекші құрал 5-сыныпта “Қазақ тілі” оқулығынан өткен лексика, фонетика салаларынан оқушылардың теориялық білімдерін қандай деңгейде меңгергендерін анықтау мақсатында тапсырмалар мен жаттығулар негізінде жасауы.    

 Көмекші құралдың басты маңызы мынадай.

1). Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, орнықты меңгерту.

2). Олардың ойлау қабілеттерін арттырып, есте сақтай білуін қалыптастыру.

3). Әр түрлі жаттығу, тапсырмалар арқылы оқушыларды шығармашылыққа , ізденушіліккеүйрету, тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын байыту.

4). Сонымен қатар көмекші құралдың тағы бір ерекшелігі: 5-сыныпта өткендерді 6,7-сыныптарда өткен материалдарды оқушылардың есіне түсіруге, әрі қарай есте сақтауға қосатын үлесі зор.  

Жалпы, бұл көмекші құрал оқушылардың сапалы білім алуына белгілі дәрежеде жақсы пайдасын тигізеді.

Лексика.

Сөз. оның мағыналары.

1.Тапсырма. Мына сөздерден толық мағыналы сөздер мен мағынасы жоқ сөздерді ажыратып жаз.

адам, орман, қызыл, үшін, дейін, отыз, келді, жүгірді, елу, қайың, туралы, таман, кешке, ертең, арқылы, сарғыш, көкшіл, айтады.

2.Тапсырма. Мына сөздер құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысынан бірнеше мағыналы сөз жасаңдар.

– қарлығаштар, жасыл, Алатау.

3.Қалай оқыса да, бірдей айтылып, оқылатын бірнеше сөз жаз.

4. Тіл туралы үш мақал жаз.

5 тапсырма. Сөздердің қандай ұғым атауларында жұмсалатынын түсіндір.

Білім, Сана, Көмек, Кеше, Былғары, Көл, Бүгін, Үй, Он екі, Көлік, Отан, Кісі, Сары, Арқан, Болашақ, Кітап, Бес, Көрме.

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

1.Тапсырма. Сөйлемдерден тура мағыналы сөздің астын бір, ауыспалы мағыналы сөздің астын екі сыз.

а. Баланың көзі кешеден бері ауырды.

    Бұлақтың көзі дәл осы жерден шығады.

ә. Сиыр бұзауын тілімен жалап тұр.

     Сағаттың тілі екіні көрсетті.

2.Тапсырма. Мына тіркестерден тура мағыналы сөздер мен ауыспалы мағыналы сөздерді бөліп жаз.

-терең сай, терең құдық, терең адам, терең ой, терең көл.

-жақсы жігіт, жақсы бала, жақсы ой, жақсы сөз, жақсы адам.

3.Тапсырма. “қисық”, “қасқыр”, “түлкі” сөздерін тура, ауыспалы мағыналы етіп сөйлем құрастыр.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Айтбаева-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]