РЕЦЕНЗИЯ №90 – 30.09.2022 ж.


Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №13 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.А. Айтбаеваның

«Көмекші жұмыс тапсырмалар жинағы» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

          Айтбаева А.К. «Көмекші жұмыс тапсырмалар жинағы» еңбегінде фонетика, лексика тарауларына берілетін жаттығу жұмыстарын түрлендіріп жүргізген. Ұсынылған еңбекте әр тараудың мазмұнына сәйкес жаттығу жұмыстары жинақталған.

          Мемлекеттік тілде оқытылатын мектептердің 5 – сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен практикум оқушылардың ойлау логикаларын дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі пәніне және тіл игеруге деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қосымша материалдар қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдылары тиянақтала түседі.

          Жұмыстың құндылығы фонетика тарауынан бастап орфография, орфоэпия, сөзжасам бойынша жеке тапсырмалар, жаттығулар берілген. Осы әдістемелік құрал оқушылардың білім сапасын көтеруге өзіндік көмегін тигізеді.

          Қорыта айтқанда, А.К. Айтбаеваның «Көмекші жұмыс тапсырмалар жинағы» атты әдістемелік құралын қазақ тілі пәнінің мұғалімдері өз сабақтарында әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

ф.ғ.к.:                                                                                       Л.Н. Дәуренбекова