РЕЦЕНЗИЯ №93 – 30.09.2022 ж.


Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Өлеңті жалпы негізгі білім беретін мектебінің педагог-психолог маманы Г.Т. Кажикованың «Қазіргі мектептегі әлеуметтік-психологиялық тәрбие берудің мәселелері» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

Қазіргі таңда білім беру саласында ауқымды өзгерістер мен ынталы бастамалар кеңінен өріс алуда. Осы тұрғыдан алғанда,  ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

          «Қазіргі мектептегі әлеуметтік-психологиялық тәрбие берудің мәселелері» атты авторлық  бағдарламаның мақсаты – әр оқушының қабілетін дамыта отырып, шығармашылық, қиял сезімдерін дамыту. «Мен» бейнесін қалыптастыру, арт-терапияны қолдану арқылы оқушының өзі білмеген, өзінен құпияда сақтаған дарындылықтарын жарыққа шығарып, оны дамытуға, өзінің  ішкі жан-дүниесін  танып білуге, түсінуге мүмкіндік беру, бойындағы сенімсіздікті жою. Осы арқылы оқушылардың күйзелістерге жол бермеуіне жағдай жасау.

          Жоғарыда аталған мақсаттарды орындауда автор арт-терапияның элементтік жаттығулары, шығармашылық әрекеттері оқушыға өзін тануға мүмкіндік бере отырып, өзінің қарым-қатынасын бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады деген ойды басшылыққа алады. Қазіргі таңдағы көптеген зерттеу нәтижелері арт-терапияның көптеген мүмкіндіктерін дәлелдеп отыр.

Жинақтай келе, Г.Т. Кажикованың «Қазіргі мектептегі әлеуметтік-психологиялық тәрбие берудің мәселелері» атты авторлық  бағдарламасын баспаға ұсынуға болады деп есептеймін.

«Alikhan Bokeikhan University» ББМ

педагогика және психология

кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.К. Султанова