Авторлық бағдарлама «Дифференциалдық және интегралдық есептеулер»
Қызылорда облысы Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Н. Тубелбаева
Түсінік хат
«Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» атты авторлық бағдарламаның артықшылығы оқушылардың мектеп бағдарламасында алған білімдерін жан-жақты практикалық тапсырмаларда талдай алуына мүмкіндік беруге ықпал жасауында.
Тақырыптың өзектілігі:
-бұл курсты ұйымдастыру арқылы әр оқушының даму деңгейі, білімі, қабілеттерінің дамуына жағдайлар жасалып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасуына мүмкіндіктер туғызылады;
– қазіргі заманауи білім беруде кіріктірілген білім беру аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады;
-ұсынылған тапсырмалар мәселені айқындау оқушыны шығармашыл жеке тұлға, зерттеуші ретінде сезінуіне, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді;
-мұғалімдерге де біліктілігін жетілдіру жеке тұлғаны дамытуда маңызды роль атқарады;
-сыни ойлауға байланысты оқушының интеллектуалдық және практикалық біліктілігі қалыптасады, дамиды.
Мақсаты – 10-11 сынып оқушыларының алгебра және математикалық анализ элементтері сабағында есептеулерден бөлек сыни ойлау, патриоттық , шығармашылық-ізденушілік, талдау-жинақтау ойлау дағдыларын дамыту болып табылады.
Оқу тәртібін(курс, факультатив) енгізудің себептері:
–оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіруге байланысты олимпиадаға дайындыққа арналған әдістемелік құралдардың талаптарға сай болмағандықтан курсты енгізу қажеттілігі туындап отыр;
-практика мен теорияның арасындағы қарама – қайшылықтың болуы оқу үдерісіндегі курсты енгізудің негізгі себебі болып табылады.
«Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» атты авторлық бағдарламасының негізгі міндеті – базалық оқуға кіретін мектеп пәндері бойынша білімді тереңдету және кеңейту болып табылады.
Бағдарламалық материалдың ерекшеліктері:
-Осыған байланысты пән ерекшелігі алгебра және математикалық анализ элементтері пәнінен функционалдық сауатталыққа бағытталған;
– Бұл бағдарлама кең ауқымды кіріктірілген және алгебра және математикалық анализ элементтері пәнінен функционалдық сауатталыққа оқу-әдістемелік кешенді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
-Берілген бағдарламаның ерекшелігі алгебра және математикалық анализ элементтері пәнінен олимпиадаға дайындыққа арналған болып табылады.
-Оқу үдерісін ұйымдастыруда заманауи талаптарға сай және қолдану үшін бағдарламада тапсырмалардың құрылымына ерекше мән берілген.
-Ұсынылатын бағдарлама … болып табылды. Ол 10-11 сынып алгебра және математикалық анализ элементтері курсының негізінде құрылған.
Курстың (факультативтің) жүргізілу тәртібі:
-Курс 10-11 сынып алгебра және математикалық анализ элементтері оқу жоспарына енгізілген пәндер қатарына кіреді;
-Берілген курсты оқыту алгебра және математикалық анализ элементтері пәндерімен тығыз байланысты;
Курс кім үшін ұйымдастырылады:
-бұл таңдау курсы оқыту бағдарына тәуелсіз, пәнге және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдіретін 10-11 сынып оқушыларына арналған.
-Бағдарлама 10-11 сынып оқушылары үшін құрастырылған, сондай-ақ практикалық қолданысына тапсырмалар көп болғандықтан ҰБТ дайындықта қолданылуы мүмкін.
-Курс 10-11 сынып оқушылары үшін ұсынылған.
[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Тубелбаева-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]