РЕЦЕНЗИЯ №104 – 11.10.2022 ж.


Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Ә.Ж. Сәрсенбайдың «Физиканы оқыту үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамыту» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          «Физиканы оқыту үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамыту» атты авторлық бағдарлама екі бөлімге бөлініп берілген: 1-бөлім жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздері, 2-бөлім орта мектепте физиканы оқыту үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамыту әдістемесі деп аталады. Жұмыстың соңында қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша ұсынылған.

          Кіріспе бөлімде зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы және зерттеу әдістері жазылған. Ал бірінші бөлімде педагогикалық технологиялар, педагогикалық технологиялардың классификациясы қарастырылса, екінші бөлімде Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер, физика және астрономия пәндерінің бұрынғы және жаңа бағдарламаларындағы айырмашылықтар, автордың өзі қолданып жүрген педагогикалық технология үлгілері ұсынылған.

          Жалпы айтқанда, әр тараудың тақырыбы айқын. Дегенмен авторлық бағдарламаның мәтінін толықтай тексеруден өткізу қажет. Бағдарлама мәтінінде Президентіміз Н. Назарбаевтың деген тіркес бірнеше мәрте қолданылады. Сөйлемді алмастыру керек, болмаса Тұңғыш Президент, Елбасы деп өзгерту ұсынылады. Осы ескертулер назарға алынып, түзету жұмыстары жүргізілсе, бағдарламаны мектеп мұғалімдеріне қосымша құрал ретінде ұсынуға болады деп есептеймін.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева