ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ Логикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру әдістемесі


Карибаева Н.О.   – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №31 Сарыбұлақ орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде математика негізінде ұлттық ойындар, өз бетінше орындауға арналған жаттығулар, жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар, зерттеу өзгешелігі бар немесе үйреншікті емес жаттығулар, өзін-өзі бақылауға арналған жаттығулар, тексеріп қатесін табуға арналған жаттығулар, граф арқылы орындалатын жаттығуларды енгізу мектептерде жан-жақты өріс алып келеді.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін  математика пәнінің мұғалімі сабақта оқытудың педагогикалық  технологияларын тиімді қолданып, оқушының логикалық ойлауын және  таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету керек.

Қазақстан республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

Оқушы  бойында  білім  нұры  тасып,  сыныптан  сыныпқа  көшкен  сайын оқушының  ішкі  дүниесі ,  сыртқы  ортамен  байланысты  дамып,  оқушы дүниетанымы  арта  түсуі  анық. 

Логикалық  есептерді  ойлап  шығарудағы  мақсат – логикалық  жаттығуларды  орындау  баланың  ақыл–ойын ,  қиялын, ой  ұшқырлығын  дамытудың  ең  ұтымды  тәсілі. 

Логикалық есептер деп арнайы формулаға келмейтін, әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді айтамыз.

Логика – (грек тілінен алынған logic – сөз, ой,ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым. Объективті пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары  мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель (384 -322жж. б.з.д.) негізін қалаған. Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады.

Ол «Біз қалай ой қорытамыз?» деген сұраққа жауап іздей отырып, ойлау ережелерін зерттеді. Аристотель алғаш рет логиканы жүйелі түрде реттеп,

ойлау түрлерін талдап берді: түсіну, пікір, ой қорыту. Осылайша формальді логика пайда болды.

Ойлаудың негізгі формалары:

түсінік – бұл нысанның нақты белгілерін тіркейтін ойлау формасы. Түсініктің көлемі нысандар жиыны түрінде берілуі мүмкін. Қазіргі математика теориясының негізін қалаушы жиындар алгебрасы жиындар арасындағы байланысты түсіндіріп береді;

пікір – нақты заттардың қасиеті туралы жалған немесе ақиқат екендігі айтылатын ойлау формасы. Пікір ақиқат немесе жалған бола алады. Леп белгісі және сұрақ белгісі бар сөйлемдер пікір бола алмайды: Маған кітапты әкеліп бер! Сен киноға барасын ба? Пікір екі түрге бөлінеді: 1)Қарапайым (немесе жеке) (мысалы 2+8<5 – жалған; Жер – Күн жүйесінің планетасы – ақиқат; 2) Құрама(немесе жалпы) (пікірлер алгебрасы арқылы ақиқаттығы есептеледі);

ой қорыту– бір немесе бірнеше пікірлердің көмегімен жаңа пікір(қорытынды) туғызатын ойлау формасы.

Неміс ғалымы Готфрид Лейбниц (16461716) математикалық логика негізін салды. Ағылшын Джордж Буль (1815-1864, математик) – Лейбництің еңбегін жалғастырушы.

Мектеп курсында логика жеке пән ретінде  өтілмейді, логикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға барлық сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде математика сабағының ара салмағы үлкен.

Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады:

1) формальды логика;

2) математикалық логика;

3) ықтималдықты логика;

4) диалектикалық логика.

Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.

Логика дұрыс ойлаудың заңдары мен жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым [1, 25]. Анықтама, дәлелдеме, пайымдау, жіктеп саралау тағы басқа логикалық амалдарды әрбір оқушы өзінің ойлау қызметінде қолданып отырады.Оқушы анықтамаларды жаттап, теоремаларды дәлелдей отырып дәлелдеу мен бекерлеудің мәні, түрлері және оларды қалай дұрыс қолдану туралы әдетте біле бермейді.

Логикалық есептер  оқушылардың  танымдық  қасиетін  дамытып,  математикаға  қызығушылығын  арттырады.  Логикалық  есептерді  шешу  үшін  бағдарламалардан  да  басқа  кітаптардан  көп  іздену  керек. 

Логикалық   есептерді   ойлап   шығарудың   әдіс-тәсілдері   оқушының ақыл ойын  тәртіпке  келтіреді,  логикалық  ойлауға  үйретеді.  Әсіресе, логикалық  есептерді  шығару  –  баланың  ой-өрісін  дамытатын  негізгі құрал.

Логикалық  есептерді   шығарудың  басты  мақсаттарының  бірі – оқушының  тереңнен  ойлауын ,  жан-жақты  ізденуін  дамыту және   қазіргі халықаралық   талаптар  деңгейінде  күнделікті  өмірде математиканы еркін пайдалана  алуға  бастауыш  сыныптан  бастап  үйрету.

Әрбір есепті шығару үшін мынаны есте сақтау керек:

-әрбір есепті  шығарған  кезде  уақытпен  санаспай оған  барлық  мүмкіндік пен күшін  салу;

-есептерді  шығарған  кезде  оның  шығару  жолдарына  жете зер  салып, оларды шешудің  тәсілдері  мен  әдістері  ерекшеліктеріне,  есептерді талдаудың  жолдарына, дәлелдеуге  тырысу;

-есепті  шығару  үшін  өз  біліміңе,  барлық  күш -жігеріңе  сену  керек;

-шығара  алмаған  есепті  шыдамдылық  пен  қажырлық  көрсетіп, есепті  қайта-қайта  шығарудан  тайынбау.

Логикалық есептерді шешу өзіндік мақсат емес, оқыту құралы болғандықтан шешу тәсілдерін іздену, қолданылған осы амалдарды есте сақтау, осы амалдардың қолдану мүмкіндігі шарттарын айқындау, есептерді жалпылау – мұның барлығы мектеп оқушыларына есепте оқуға; оқушыларға кейін тек қана математикада емес, басқа да салаларда қажет болатын есеп шығару үрдісіндегі логикалық және шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.

Және соңында, сыныптан тыс сабақтарда логикалық есептерді шығару  оқу қызметінің тиімділігі арттырады, себебі математикаға қызығушылықты күшейтеді, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Логикалық тапсырмаларды меңгеруде жаттығулар әдісі қолданылады. Осылай мысалы, кестелерді құрастыруды, графтарды тұрғызуды оқытуда мұғалім оқушыларға жақсы ойластырылған жаттығулар жүйесін береді.

Логикалық есептер көптеген математикалық есептерден оларды шешуде арнайы математикалық білімдер жиі қолданылмай, ереже ретінде аңғарушылық қажет болады. Мектеп оқушыларына логикалық есептерді шығаруға үйрететін мұғалім оларды өзі шеше алуы, және онымен басқаларды оқытуға қажетті білімдер мен біліктерді игеруі қажет. Бірақ ағымдағы уақытта 5-6 сыныптардағы логикалық есептерді шығаруға оқыту бойынша ұсыныстарды табуға болатын әдістемелік құралдар аз. Сондай-ақ көптеген оқулықтарда логикалық есептер аз (төменнен қараңыз) және олар шешудің түрлі әдістерін (кестелер, графтар және т.б.) қолдануды қарастырмайды, осы себептен мұғалімдер логикалық есептер шығару сабақтарына дайындалу кезінде қосымша әдістемелік әдебиеттерді қолдануға мәжбүр болады.

Дисертациялық жұмыстың мақсаты 5-8 сыныптар оқушыларына арналған логикалық есептерді шешу тақырыбы бойынша факультатив құрастыру.

Дисертациялық  «Орта мектепте логикалық есептерді шешу»  тақырыбы бойынша факультативтік сабақтардың бір жүйесі жасалған. Бұл факультатив математикаға қызығушылығы бар, ынтасы зор орта буын оқушыларына арналып жазылған.

Толығырақ…