АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Баланы ауыз-әдебиет шығармалары арқылы оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейінділігін, тілін дамыту


Ибадятова З. К.   – Алматы қаласы, Талғар ауданы №29 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

КІРІСПЕ

Баланы ауыз-әдебиет шығармалары арқылы оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейінділігін, тілін дамыту  –  қазақ тілінің синтаксистік құрылысын түгелге жақын қамтыған категория. Жаттығулар жинағы мен оқулықтарда мұндай құрылыстағы сөйлемдердің қатары беріліп отырады. Алайда, бұл мысалдар, жаттығулар үйірлі мүшелерді танып білуге, олардың күрделі мүшеден немесе құрмалас сөйлемнен ажырата білу үшін берілмейді, керісінше, күрделі мүшені жасаудың тәсілі ретінде немесе құрмалас сөйлем ретінде келтіріліп жүр.

          Сөйлем талдау барысында (синтаксистік) өте маңызды рөл атқаратын үйірлі мүшелердің қыр-сыры толық түсіндірііп, практикалық тұрғыдан да  тереңірек талдап беруге тырыстым.

          Жинақта оқушылар білімін толықтыру, сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ұжыммен қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында әр түрлі жұмыстар келтірілді. Тапсырмалар барысында білім алушылардың сауаттылығын, танымдылығын, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсатына көп көңіл бөлдім. Жаңа технологиямен оқыту барысында  оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптарға сай жұмыс түрлері де берілді.

          Мектеп оқушыларын  арналған оқулық мазмұнына толық енбеген үйірлі мүшелер – бұл еңбектің негізін құрайтын күрделі тақырып. Оқушылар үшін мектеп оқулығында берілген жаттығулар аздық етеді. Сол себепті әр түрлі деңгейдегі грамматикалық тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар орындап, өзіндік ой-пікірін еркін жеткізе алады. Жаттығу мәтіндеріндегі сөйлемдер көркем әдеби шығармалардан іріктеліп алынды. Тапсырманы орындау шарты берілген, атап айтсақ,  грамматикалық талдаулар (оның ішінде синтаксистік); сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйрету, күрделі мүше немесе құрмалас сөйлемдердің   үйірлі мүшелерден ара жігін ажырату секілді; шығармашылық қабілеттерін дамыту және тіл дамыту мақсатында шығармашылық  тапсырмалар беріліп отыр. Сонымен қатар, шығарма, эссе жазу барысында тақырыпқа сай үйірлі мүшелерге сөйлем құрай білуге  төселдіруді де назардан тыс қалдырмадым.

Білім алушыларға арналған  бұл еңбектің  жүйелі, тиянақты, саналы білім беріп, сауатты жазуға, ұқыптылыққа, ойлылыққа үйретуге, шығарма, эссе жаза білуге төселдіруде, ең бастысы – толық грамматикалық талдау жасау барысында тигізер пайдасы көп.

Мақсатым да өрелі: әлемдік ортаға қазақы болмыспен танылар тамаша тұлға даярлау. Бұл мақсатты жүзеге асыру жауапкершілігінің бір ұшы Сіздерде. Басты кейіпкері – шәкірт, үйлестірушісі – мұғалім болып табылатын бұл оқу құралым – жылдар бойғы тәжірибеден жинақталған ерекше дүние. Бұл  дүниенің  ерекшелігі сонда, егер Сіздер бұл дүниені қажеттіліктеріңізге жаратсаңыздар.

Мен, Сіздердің талабы мен талғамы жоғары, уақыт міндеті мен талаптарын жоғары деңгейде түсініп орындайтын, өз ісінің тамаша маманы екендіктеріңізге шын жүрегіммен сенемін.

Болашаққа зор сеніммен қараған қадірлі ұстаздар, Сіздерге сенім мен сәттілік серік болғай!

Толығырақ…