АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Сиқырлы қалам


Делегеева Ж. А.   – Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы «Үшарал Қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Түсінік хат

«Сиқырлы қалам» бағдарламасы баланың тіл байлығын, сөздік қорларын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді, білімін шыңдайды, адамгершілік сезімін оятады, тілін байытады, эстетикалық тәрбиесін қалыптастырады, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырады. Бұл бағдарлама оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқуға, жаттауға, әңгімелеп беруге, мәнерлеп оқуға, сахналау ойындарын ұйымдастыруға, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал- мәтелдер, ертегілер әлеміне енуге арналған білім беруді көздейді.

Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамыту. Бағдарламамен оқытылған оқушының көркем әдебиетке деген қызығушылығы артады, өз ойын бейнелі, кестелі сөздермен жеткізе білуге дағдыланады. Алғашқы бөлімде «Тұрмыс-салт жырлары» атты бөлімде шәкірттер бойында халықтық тұрмыс-салт өлеңдерімен танысады, туған халқының әдебиетіне деген махаббаттары оянады. Тақырыпқа сай жұмыс жасай отырып, оқушылардың тарихи-танымдық, ұлттық салт-дәстүр, Отаншылдық, қоршаған орта табиғат жайлы білімдері, дүниетанымы, өмірге деген қызығушылығы артады. Әсіресе, «Ертегілер еліне саяхат» бөліміне ертегі және оның түрлерімен танысады, ертегі жазып, құрастыруды үйренеді. Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде ертегілер құрастырып, ұлттық көзқарас қалыптасады. Келесі тарауда оқушылар тарихи тұлғалардың сыр-сипатына үңіліп, тағылым аларлық сәттерге назар аударады.

Пайдаланылған әдебиеттерді қолдана отырып, құрастырушы автор 36 сағаттық бағдарламаның мынандай бөлімдерден тұратындығын атап көрсеткен.

  1. «Тұрмыс-салт жырлары».
  2. «Ертегілер еліне саяхат».
  3. «Аңыз-әңгімелер».
  4. «Шешендік сөздер».

Бағдарламада пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері, пәнді меңгеру деңгейінің талаптары, оқу-тақырыптық жоспары көрсетілген. Бұл бағдарламаны жүзеге асыра отырып, бастауыш сынып мұғалімі өсіп келе жатқан ұрпақты білім, білік дағдыларымен қаруландырады, оқырмандық талғамын тереңдетеді, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыра алады.

«Сиқырлы қалам» вариативті сабақтарының мақсаты:

  • «Тіл дамыту» сабағы арқылы халық ауыз әдебиетін, көркем шығармалардың түрлі жанрын оқыту;
  • адамгершілікті, ізгілікті, достықты, татулықты дәріптеу;
  • еңбекті сүюге баулу;
  • жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын ояту;
  • шығармашылық қабілеттерін арттыру;
  • ойлау, есте сақтау, танымдық іс-әрекеттермен өздігінен білім
  • алуға, ізденуге бейімдеу.

«Сиқырлы қалам» пәнін оқытудың міндеттері:

  • әңгіме, ертегі, өлеңдердің мазмұнын өз сөзімен, әдеби тілде айта білуге, оқып үйренуге үйрете отырып, тіл байлығын дамыту;
  • адамзат тарихындағы рухани-материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі – шешендік сөздер, әңгімелер, аңыздар, өлеңдерді оқыту арқылы баланың тілін ұштау, сөздік қорын байыту, өмірге деген көзқарасын ояту;
  • ауыз әдебиеті үлгілері бойынша адамгершілік пен ізгілікке, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу;
  • балалардың ойлау, қиялдау, елестету қабілетін дамыту;
  • шығармашылық дағдысын қалыптастыру, өз ойынан әңгіме құрастырып айтуға үйрету;
  • өз әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне деген сый-құрмет сезімін ояту;
  • аңыз-әңгімелермен таныстырып, туған өлкесінің айтулы, аяулы азаматтарының есімдерін құрметтеуге, олар туралы жазып жариялауға бағыттау. Өлең, ертегілер құрастыра білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  • балалардың әдебиетке, оқуға деген қызығушылығы артады;
  • жан-жақты білімді, іскер, өзіндік ой-талғамы, ойлау, сезіну, есте сақтау қабілеттері жоғарылайды;
  • білімін кеңейтуге, тілін байытуға әсерін тигізеді;
  • оқушылардың белсенділігі артып, өздігінен жұмыс жасау әрекеттеріне талпынады;
  • қосымша материалдарды пайдалану арқылы ізденімпаздық қабілеттері артады.

Толығырақ…