РЕЦЕНЗИЯ №135 – 14.11.2022 ж.


Степногорск қаласы, МКҚК№4 «Арман» балабақшасы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ғ.М. Сұлтангерееваның «Мектепалды балалардың қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы сөздік қорын дамыту» атты жұмыс тәжірибесіне

ПІКІР

          Автор Ғ.М. Сұлтангерееваның «Мектепалды балалардың қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы сөздік қорын дамыту» атты жұмысы талапқа сай рәсімделген. Жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, ақпарат көздеріне сілтеме берілуі, шрифты таңдауы, интервалдары, әдебиет тізімдерін дұрыс рәсімдеуі талапқа сәйкес келеді.  

          Жұмыс бес бөлімнен тұрады: тәжірибенің өзектілігі, теориялық негіздері, тәрбиешінің педагогикалық жетекші идеясы, тәжірибе технологиясы, тәжірибенің тиімділігі. Жұмыста мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталған дидактикалық тапсырмалар да ұсынылған.

          Жұмыстың тақырыбы өте өзекті. Себебі бүгінде балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру маңызды мәселелердің қатарынан орын алып отыр. Жұмыста балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ұсынылған тапсырмаларды құру барысында автор балалардың жас ерекшеліктеріне, сөйлеу тілі мүмкіндіктеріне, – тапсырмаларды қалай түсінетініне назар аударған. Тапсырмалардың ауызша және көрнекілік арқылы берілу жолдары ұсынылған.

Ұсыныс: Жұмыстың рәсімделуін, әсіресе абзацтардың дұрыс қойылуын қайтадан қарап шығыңыз.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,PhD (философия докторы):                                               М. Аманғазықызы