«Математикалық сайыс» танымдылық ойынының әдістемелік әзірлемесі


Алшынбаева Гүлайым Жанбалаевна
Астана қ. Сервисжәне туризм колледжінің оқытушысы
1 курс студенттерінің арасында өткізілген

Мақсаты:

Білімдік: Студенттердің ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: студенттерді ұйымшылдық, нақты пәнге қызығушылық, жауапкершілік қасиеттерін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топтық сайыс сағаты

Жоспар:

1.Жүргізуші сөзі

2.Топтардың сәлемдесуі

3.1-сайыс.  Логикалық сұрақтар;

4.2-сайыс. Есептер шығару;

5.3-сайыс. Сергіту сәті (үй жұмысы);

6.4-сайыс.  Адасқан әріптерден математикалық  термин  сөздерді табу;

7.5-сайыс. Тарихи  калейдоскоп

8. Жүргізушінің қорытынды сөзі.

9. Сайысқа  қатысушылар математикалық  гимн орындайды.

Жүргізуші: Бүгінгі білімді студенттерді  анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық сайыс» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келіпсіздер құрметті студенттер, қонақтар! Сіздер бүгін математика жайлы көптеген мағлұматтармен танысасыздар. Математика адам ойы арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан математика-адам ойын тәртіпке келтіретін ғылым деп саналады. Қазір біз сендердің бойларындағы қабілеттеріңді  шыңдауға  математикалық сайысымызды бастаймыз.Сіздерден тек шапшаңдық, ұқыптылық, шыдамдылық талап етіледі. Бәріңе  сәттілік тілеймін. Сонымен  бүгінгі сайысқа қатысушы топтарға  Биіктерге самға!  Біз айтамыз сіздерге «Тек қана алға !» деп сайысымызды бастаймыз.

Алдарыңызда бес команда: Евклид, Ньютон, Алгоритм, Глоссарий, ТОТ .

Жеребевка өткізіледі.

Жүргізуші:

Бүгінгі математикалық сайыс ойынымызды  әділ бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Олар:

1.———————————————————————————————————————————————

2.———————————————————————————————————————————————

3.———————————————————————————————————————————————

 1-сайыс  «Логикалық сұрақтар сайысы», әр дұрыс жауап үшін1 ұпай.

 Әр командаға 3 сұрақтан қойылады. Жауап болмаса басқа команда жауап беріп ұпайы жинайды.

  1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
  2. Диаметрдің жартысы? (радиус)
  3.  Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар (құрама сандар)
  4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (Дұрыс бөлшек)
  5. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
  6.  1/10 санының кері саны? (10)
  7.  Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
  8. «Пифагор теоремасы» қандай үшбұрыштар үшін қолданылады? /тікбұрышты үшбұрыштар үшін/
  9. Трапецияның табандары 4 және 8 см. Орта сызығы неге тең? / 6 см/
  10. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. / аксиома /
  11. а3 + в3 формуласының жіктелуі / а3 + в3 = а3 + 3а2в + 3ав2 + в3 /
  12.  у = х3 функциясының графигі / 1-ші және 3-ші ширекте орналасқан гипербола/
  13. «Пифагор теоремасын» айтыңыз / с2 = а2 + в2 /
  14. Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут
  15. 1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік

2-сайыс   «Есептер , ойлан шеш»

Тарату материалдарында әр командаға бірдей 3 есеп беріледі, орнындалу уақыты 6 мин.

Надпись: -1/3

1.   жауабы

            2. Берілген  функцияның  кері  функциясын тап:

              У= 2х-3    Жауабы: у =

             3. Ең кіші оң периодын тап:

               У=ctg4x         Жауабы:

Жанкүйерлер 1сайысы:

Осы аралықта  жанкүйерлер арасында мақалдар жарысы өткізіледі: әр дұрыс жауап үшін бір ұпай командасына қосылады.

Мақалды аяқтау:

  1. Отыз тістен шыққан сөз,   ………

2. Білгенің бір тоғыз,   ………..

3. Бір кісі қазған құдықтан,    ……….

4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,……

5. Елу жылда ел жаңа,  ………

6. Жеті рет өлшеп, …………

7.Жеті жұрттың тілін біл,……….

8.Білекті бірді жығар,………….

9.Екі жақсы қас болмас,…….

10.Досыңды үш күн сынама,…….

11.Жүз теңген болғанша,……….

12. Жүзден біреу шешен………..

Жауаптары:

1. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар.

2. Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.

3. Бір кісі қазған құдықтан, отыз кісі су ішер.

4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу  түгел болса төбедегі келеді.

5. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.

6. Жеті  рет өлшеп, бір рет кес.

7.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
8.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
9.Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
10.Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
11.Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
12.Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем.

3-сайыс  «Үй жұмысы Сергіту сәті» ,5,4,3,3,1 ұпаймен бағаланады.

Әділ қазыларға сөз беріледі.

4-сайыс« Адасқан әріптерден математикалық  термин  сөздерді табу» әр дұрыс термин үшін 1 ұпай.

1.леусә – сәуле 2.деніскі – кесінді 3.камсоиа  – аксиома   1.келегдөң – дөңгелек 2.уетдең  – теңдеу 3.ұшыбр – бұрыш   1.оетамре – теорема 2.яицнфук – функция 3.екрөн – өрнек   1.тотапсима – асимптота 2.еклөшб – бөлшек 3.қызсы – сызық   1.синуакср – арксинус 2. өпкүшем – көпмүше 3. роткев – вектор

Жанкүйерлер 2 сайысы:

Осы аралықта жанкүйерлер арасында жұмбақтар жарысы өткізіледі: әр дұрыс жауап үшін бір ұпай командасына қосылады.

1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (инелік)

2. Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде
Бірін – бірі көрмейді. (көз)

3. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)

4. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкі
Екі қоян, үш түлке
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

5. Бір – бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)

6. Түйе, бота аң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой. (15)

7. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан – жағына қарамай. (натурал сан)

8. Бүтін, бөлшек бөліктерден,
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (ондық бөлшек)

5-сайыс. Тарихи калейдоскоп

1.Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның басты еңбегі – «Негіздер». (Евклид)

2. Бұл математик 1777 жылы туған. 19 жасында ол дұрыс жетібұрышты және тоғызбұрышты салудың толық шешімін берді. Бұл мәселені ғалымдар 2 мың жыл бойы шеше алмаған. Оның атақты сөздері: «Математика – барлық ғылымдардың  патшайымы, арифметика – математика ханшасы» Ол кім? (Карл Гаусс)

3.Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда өмір сүрген. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған.  π санын есептеп тапқан.Бұл кім? (Архимед)

4. Ұлы ғалым  б.з.д. 570 жылы Самос аралында туған.Ол атлетикалық жарыстарға қатысқан, Олимпиадалық ойындарда төрт рет жеңіске жеткен. Мектеп курсында оның бірнеше теоремасы қарастырылады. Бұл кім? (Пифагор)

5. Заң қызметкері, офицер, философ болғысы келген, бірақ математик болды. Ол математикаға төртбұрышты координат жүйесін енгізді. Ол кім? (Декарт)

Әділ қазыларға сөз беріледі. Марапаттау.

Математика гимні: «Айгөлек» әнімен:

Айталық, кел жандырып,

Матемді жыр ән қылып, таң қылып.

Ғылымды бұл мәнді ұғып,

Алуымыз мәңгілік заңдылық.                        

 Қ-сы:

Өмірді тану сан – салалы,

Жолдары матемнен басталады.

Болашақ білімнің тұтқасы бұл

Бағынар бар ғылым, басқалары.

Керек ғылым маған да

17 мың ғаламда, саған да

Ел- жұртымыз аманда,

Болсын білім әманда санаңда.

                                                Қайырмасы

Ғылым сырын ұғына,

Шығып білім шыңына.

Қаныңыздар сусындап,

Математика сырына.

Рахмет!