Танымдық іс–шараның тақырыбы: «Ойыншық ұтып ал»


Насипова Шынар Магзомовна

№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні  мұғалімі

№34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК

Танымдық іс–шараның тақырыбы:

«Ойыншық ұтып ал» 

«Болашақ» мектепалды даярлық тобы

Өткізген: Компьютерлік сауатылыққа

үйрету пәнінің мұғалімі Насипова Ш.М

2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы:«Ойыншық ұтып ал»

Танымдық іс–шараның мақсаты:

Білімділік:  Балалардың  интерактивті тақтамен жұмыс жасау  шеберліктерін нығайту, тышқанның сол жақ батырмасымен жұмыс, планшерттерді қолдану мүмкіндіктерін нығайту

Тәрбиелік: Компьютер кабинетінде  тиянақтылыққа және техника қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білуге үйрету;

Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін дамыту, дүнитанымын кеңейту, интерактивті тақтаның  мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып үйрену, планшеттердегі орнатылған бағдарламаларды қолдана білуге дағдыландыру , шығармашылыққа баулу.

Қолданылатын құрал –жабдықтар мен көрнекіліктер: компьютерлер, интерактивті тақта, электрондық оқулықтар, слайд.

Танымдық іс–шараның барысы:

Ұйымдыстыру кезеңі:

  • Ұжымдық әрекет;
  • Санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;
  • Техникалық  қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
  • Тәрбиеленушілердің  назарларын аудару;
  • Мотивациялық қозғаушылық:

Бүгін  біздерде ерекше танымдық іс–шарамыз болғалы тұр.

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Қайырлы күн!Біз ақылды баламыз.
Қайырлы күн! Біз тәртіпті, әдемі баламыз.
Қайырлы күн!Қонақтар.
Қайырлы күн! Достарым. 

Барлығымыз орнымызға жайғасып компыютер кабинетінде қайлай отыру керек екендігін еске түсіріп  , қауіпсіздік ережесін қайталап алайық. Тақтада ойыншық ұтып ал ойыны көрсетіліп таныстырылады.Аю ойыншықтарын ұтып алу үшін тапсырманы тианақты мұқият орындауға  тырысуымыз қажет!

№1 Тапсырма. Айдос қарбызды өте жақсы көреді.Тышқан батырмасымен көрсетіп, қарбыз тілімі салынған тәрелкеге Айдосты жетелеп әкелуге тырыс.

№2 Тапсырма Айгерімге үйде және аулада жасырынып қалған жануарларды табуға көмектес.

Көз  жаттығуыБарлығымыз орнымыздан тұрып көзімізді демалтып алайық.

(сілтеме арқылы көз жаттығуына өтеміз)

№3 Тапсырма.Суреттегі әр түсті шарларды қанша екенін сана. Жауаптарынтерезенің ішіне жаз.

.

№4 Тапсырма.

Өсу тәртібімен саннан – санға көше отырып, тасбақаның гүлге жетуіне көмектес.

№5 Тапсырма.

Жемістерді, жидектерді және көкөністерді тиісті себетке сал.

Қорытынды: 

Балалар бүгінгі ойын ұнадыма?

Тапсырмаларды орындау барысында қандай қиындық келтірген тапсырмалар болды?

Интерактивті тақтадан қаламның көмегімен орындалған тапсырма ұнадыма?

Жарайсыңдар, балалар, сау болыңдар!