Жаңа білім жаңалыққа бастайды


Ермуханова Тогжан Алимбаевна

Қостанай облысы Қостанай ауданы Жданов селосы “Қостанай ауданы білім бөлімінің  Жданов жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі география пәнінің мұғалімі

Жаңартылған білім шеңберінде жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін арттыру басты міндетім  деп санаймын.  Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:қызығушылықты ояту;  мағынаны тану; ой-толғаныс. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс “Мен не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. “Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушыларды өз ойларымен жауап беруге ұйымдастыра отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын  жүзеге асырамын. Сонымен қатар “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 жолдық өлең” жаздыруға болады. Мұндағы мақсатым – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін. Иә, қазіргі таңда инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану кезінде – мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Қазақ тілі мен әдебиет сабағында мәтінді игерту  – бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Қорыта айтқанда, оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны таңдау ұстаз еркінде. Елбасы: «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын қолдай отырып, саналы, білімді, ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық  шеберлігімізді шыңдай түсейік дегім келеді. Сондықтан әрбір ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болғанда ғана қоғамның мықты да шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Осы орайда өзімнің тәжірибемде  жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданудамын.  Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Әр сабағымды  жоспарлағанда бүгін нені үйретем? оны қалай үйретем? не арқылы үйретем? не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырамын. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – оқушылардың тілдік дағдысын дамытып, сөйлеу шеберлігін арттыру. Оның басты ерекшелігі – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданамын. Сабақ барысында cыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән беремін, нәтижесінде оқушыларымның өздерін сабақ барысында еркін ұстауын байқадым. Сондықтан сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, «Шаттық шеңбер» әдісін пайдаланамын. Бір-біріне жақсы тілек айту кезінде олар өздерін еркін және сенімді ұстауды үйренді. Не білетінін анықтау үшін «Үш сөйлем» әдісін пайдаланамын. Осы әдіс арқылы ойын ашық, еркін түрде жеткізе алатындықтан  өз тиімділігін көрсетті. Сабақ жоспарын құру кезінде сабақ мақсатына жету үшін «Не істеймін?»,»Не істеу керек?»- деген сұрақтарға жауап іздеймін. Осы сұрақтардың төңірегінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Оқушыларды топқа бөлудің түрлі тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады. Топқа бөліп оқытудың бір артықшылығы үлгерімі орта, тұйық оқушылар топтың басқа мүшелерімен диалогқа түсе отырып, өздерінің білмейтіндіктерін үйрене отырып, көшбасшылық қасиеттері ашылады.

 «Дәлелденген эссе»

Белгілі бір тақырыпты өмірмен байланыстырып, мәселе шешуде оның өзектілігі неде?, не үшін қажет? тақырып негізгі ойды толық қамтуы шарт. Оқушылар өздері белсенді түрде топпен ақылдасады. Мәселен, «Табиғатты қорғау – парызым» тақырыбын таңдап, табиғаттың адамзатқа берер пайдасынан бастап, бүгінгі күнгі табиғаттың ластануын өмірмен байланыстырып, оны шешу жолдарын қарастырып, мәселе қозғайды. Топ ұйымшылдықпен жұмыс жасап, ойларын ортаға салып, эссені толық аяқтайды. Кәне, оқушы рөліне еніп, эссе жазып, бар дәлелді ортаға салыңыздар.

Міне, осындай жұмыстар арқылы  өзімнің тәжірибемде  шәкірттерімнің сөйлеу шеберлігін арттырамын. Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды. Сабақ бойы оқушылардың барлығы дерлік іс – әрекет үстінде, жұмыс жасау, іздену үстінде болады. Мұғалім ретінде менің рөлім осы іс әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы боламын. Оқушылардан да соны талап етемін. Жаңа сабақ кезеңінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін түрлі сөзжұмбақтар, ойын түрлерін пайдаланамын. Сабақ барысында оқушылар бір-біріне түсіндіреді, топта талдады, зерделеді, өздері ұйымдаса отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа тақырыпты ойлары мен пікірлерін постер қорғау арқылы дәлелдеп шығуға тырысады. Топтық жұмыс жасау кезеңінде 3 топқа мынадай тапсырма беру арқылы шәкірттерім постер қорғады.Оқушылардың өздерінің талқылауына берілген сабақ оқушылардың өз идеяларын жеткізе алуына көмектесті. Аталған стратегиямен жұмыс жасау маңыздылығы ыңғайлы әрі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына негізделген болатын.Топтық жұмыс барысында «Ой қозғау», «Миға шабуыл» стратегиялары арқылы оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін тағы да ой елегінен өткізіп, білетін ақпаратты еске түсіріп, білмейтіндерін есте сақтап, жұмыс жасайды. Орыс мектептерінде қазақ тілі сабақтарында «Екі жақты күнделік», «Аквариум», «Топтастыру», «Айналым» стратегияларын қолданудың маңызы зор. Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге үйрету де өте маңызды. Оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір – біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтты. Сабақта «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «ББҮ» стратегияаларын қолдану оқушылар жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарында тиімді жаңа әдіс-тәсіл-диалогтық оқыту. Диалогтық бөлімдегі сабақтарда сұрақ-тапсырмаларға жауап беру, жекелеген, топтық іздендіру жұмыстары: жаттығу орындау, бірін-бірі тексеру, реферат, тест сұрақтарын әзірлеу, әңгіме құрау, мәнерлеп оқу, танымдық ойындар құрастыру, сызба дайындау – бала білімін оқушылық деңгейге деңін көтеруге мүмкіндік туғызады.  Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады. Болашақта өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей алатын болса, жаңашыл педагогтар шеберлігі арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы одан әрі артатыны сөзсіз. Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткіздім. Тарқатып айтсам,  оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы,  іскерлік дағдысының дамуы, өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы, мақсатқа өз бетімен ұмтылуы, шығармашылық дағдысының қалыптасуы арта түскенін байқадым. Ендеше, болашақта бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жаңа заман баласын  тәрбиелеуде еңбегімізді еселей берейік!