Жаңаша оқыту – заман талабы


Ербол Сырым Ерболұлы

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі дене шынықтыру пәні мұғалімі

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология  бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы “оқыту әдістемесі” деп отырғанымыз: “оқушы – мұғалім” ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген жеке тұлға  маңыздылығы артуда. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Елімізде бәсекеге қабілетті білім, салауатты ұрпақ қалыптастыру  – білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр. Осы орайда, футбол ойыны доп ойындарының ең бір тамаша түрі. Ол  жасөспірім балалардың барлығы барынша қызығатын спорттың бір түрі. Ол адамның денесін шынықтыруда, дене қуаты қасиетін жетілдіруде, адамның күш қайратын асыруда, жігерін шыңдауда, басқалармен өзара сыйластық, өзара қатынастарын дамытуда ерекше рол ойнайды. Мен  осындай бір тамаша спорт түрінің  одан ары кемелдене, толықтана түсетініне, қоғамдағы тәрбиелік маңызының одан ары жоғарлап, тіпті де жоғары сатыға көтеріле беретіндігіне кәміл сенемін.Футболшы  үшін жұмысы жылдамдық күш сипаттағы жұмыс болып табылады. Футбол ойыны кезінде тез жүгірудің маңызы зор. Аз демалып, көп жүгіру ағзаның анаэробтық мүмкіншіліктерін дамытады. Тарқатып айтсам, 2012 жылдың 25 желтоқсанында  әуе апатынан қаза болған шекарашыларды еске алуға арналған шағын футболдан жарыста үздік ойыншы атандым. 1-Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  күніне арналған кіші футболдан аудандық  турнирінде 2-орын алдық. Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы мерейтойына арналған ұстаздар арасындағы спартакиадасында  кіші футбол түрінен 1-орын алдық. Футболдан 2007  жылы туылған ауылдық спорт мектептері арасындағы Қазақстан  республикасының чемпионатында 2-нші орын алған футболшылар Баймухан Санжар, Жүсіпбай Болат, Тұрарбек Дмир, Тұрсынбек Абылайды мақтан тұтсам,  «Біз терроризм  мен діни экстремизмге қарсымыз» атты  ұранмен  футболдан 200-2009 жылы туылған  ұлдар арасындағы  №18 БЖСМ-нің ашық біріншілігінде 1-орын алдық. «Парасыз қоғам-ұлт болашағы» атты тақырыпта 2006-2007 жылғы туылған жасөспірімдер  расында кіші футболдан  №18 БЖСМ ашық біріншілігінде 2-орын алдық. Міне, қазіргі таңда ұстаз да, білім алушы да белсенді болуы заман талабы деп ойлаймын. Болашақта Қазақстанды  көркейту жолында белсенді еңбек ете беруде күш-жігерімізді аямайық дегім келеді.