Авторлық бағдарлама “Ұлттық құндылықтарға негізделген тыңдалым тапсырмалары”


Д.Г.Дукенбаевна –  Астана қаласы әкімдігінің ” №5 гимназиясы ” КММ  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

КІРІСПЕ

      Ғылым мен техника дамып, жаһандану заманында әрбір халықтың ұлттық мәдениетін сақтап қалуы өте маңызды.

      Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», – деген.  Салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені  әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», – деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн. Жас жеткіншектерге қазақтың салт-дәстүрін,мәдениетін, музыксын таныстыру мақсатында  тапсырмалар,видеокөрсетілімдер берілді.Осы  арқылы ұлтын сүйетін,мақтан ететін жас жеткіншектерді тәрбиелеп, олардың қызығушылығын тудырып,көздеген мақсатқа жетеміз деп ойлаймыз.

      «Ұлттық құндылықтарға негізделген тыңдалым тапсырмалары»  авторлық бағдарламасының мақсаты- қазақ тілінің мұрасын-салт дəстүрлерін,шешендік сөздерін,атақты тұлғаларын танытуды көздейді.

Авторлық бағдарламаның міндеттері:

  • Қазақтың рухани мұрасымен таныстыру.
  • Логикалық ойлануға баулу;
  • Үндестік     заңына     сəйкес     орфографикалық                    нормаға   сай сауатты жазуға төселдіру,
  • Оқушылардың                       функционалдық,         мəтінге негізделген, коммуникативтік əрекеттерін жетілдіру;
  • Салыстырмалы талдау жасау дағдыларын тереңдету,
  • Тұжырым жасау, өз   пікірін дəлелдеу, ғылыми                                       ізденіс дағдыларын қалыптастыру;

Авторлық бағдарламаның құжат негізі:

– «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің,таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы).

– Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығы.

Авторлық бағдарлама бойынша қолданылатын инновациялық педагогикалық технологиялар:

  • Сын тұрғысынан ойлау;
  • Дамыта оқыту;
  • Деңгейлі тапсырмалар арқылы оқыту
  •  Интербелсенді əдістерді тиімді қолдану;
  • Əңгіме əдістері.

Авторлық бағдарламаның əдіснамалық негізі:

Бірізділік, жүйелілік, ғылымилық жəне салыстырмалы талдау принциптері басшылыққа алынды.Тілдік, ғылыми жалпы ұстанымдары ескерілді.

Оқыту барысында қолданылатын педагогикалық əдіс- тəсілдер:

  • Оқушылардың жас жəне тіл білудегі деңгейлік ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу жəне жоспарлау, болжау дағдыларын қалыптастыратын əдіс-тəсілдер мен деңгейлік тапсырмалар;
  • Графикалық органайзерлер мн кіші жоба қорғау стратегиялары;
  • Тыңдалым тапсырмаларын қолжетімді ету мақсатында берілген QRкодтар.

Авторлық бағдарламаның айырмашылығы:

Пəнді оқыту жаңа басым бағыттар арқылы, яғни функционалдық, мəтінге негізделген, коммуникативтік əрекеттермен жүзеге аспақ. Коммуникативті əрекеттерді (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) дамытуға арналған стратегиялар қарастырылған.

Күтілетін нəтиже.

  • Қосымша     əдебиеттермен     жұмыс     жасау    барысында

оқушылар мəтінге талдау жасайды жəне коммуникативтік əрекеттері дамиды;

  • Оқушылар ресурс көздерінен материалдарды пайдаланып, шығармашылық, ғылыми зерттеу жұмысын жасай алады;
  • Тақырыптар аясын терең меңгеріп, өз пікірлерін айта
  • біледі, тұжырым жасайды;
  • Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен жұмыс жасалынады;

Ресурстармен жұмыс. Ғаламтор желісінен алынған ақпараттарды, қазақ тілі бойынша ғылыми тұжырымдар мен еңбектерді, кесте, диаграмма, сызбаларда берілген мəліметтерді таңдай алады.

Нысаны: 7-сынып

Авторлық бағдарламаның құрылымы. 36 сағат, 5 тараудан тұрады.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2023/03/1-Думшебаева-Гульназ-Дукенбаевна-авторлық-әдебиет1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]