ҚЫЗЫҚТЫ ГРАММАТИКА Авторлық бағдарлама


М.Д.Какимжанова –  Алматы қаласы, Алатау ауданы, Өжет ықшам ауданы 156 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Түсініктеме

          «Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізгі де, маңызды пән.
«Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.

          Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

          Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да, сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы «Қызықты грамматика» курсы бағдарламалық талаптарға сай ұйымдастырылып, аптасына 1 рет жүктемемен, жылына 34 сағатты құрайды.


          Мақсаты – бағдарламалық талаптарға сай білім-білік дағдыларын қалыптастыру, каллиграфиялық талаптарға сай сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру,қазақ тілі салалары бойынша білім – білік дағдыларын тереңдету,  және сөздік қорларын молайту.

          Міндеттері:
– оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;
– тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы теориялық білімдерін  

жүйелеу;
– теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды

қолдануға төселдіру;
– оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға

  қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже

-салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру,

 тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
-практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай

 алу;
-сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;


Оқушылардың біліктілігне қойылатын талаптар

Оқушылар нені білу керек:
– қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;
– білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;
– талдау машығының жоғары болуы;
– орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;
– салыстыра алу қабілетінің басым болуы;
Оқушылар нені үйрену керек:
– тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;
– грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;
– сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;
– деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;

ББД деңгейін тексеру:
1. Өзіндік жұмыс
2. Тест жұмыстары
3. Талдау жұмыстары

Ұйымдастыру формалары: топтық жұмыс, зерттеу, бақылау жұмысы, жеке жұмыс, қосымша әдебиетпен жұмыс.

Скачать