«Жас табиғатшы» Авторлық бағдарлама


Ф.К.Кулбаракова –  Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы
Жыңғылды ауылы «С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат» КММ география пәнінің мұғалімі

Түсінікхат

«Жас табиғатшы» атты авторлық бағдарлама  оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ет барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясындаәдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына  (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат жүктеме берілген.

Адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кез еңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық жағдай дың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық, климаттың жылынуы,өзен-көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы, биологиялық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т.б. ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңда тушылық туғызып отырғаны сөзсіз.

Авторлық бағдарламаның өзектілігі: аталған авторлық бағдарламада жаңартылған білім стандарты ережелеріне сәйкес табиғатқа деген қамқорлығын ояту мақсатында күнтізбелік тақырыптар түзіліп, әрбір тақырыпқа сәйкес сабақ жоспарлары мен оқушылардың дәптері құрастырылған. Авторлық бағдарламада, табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғау ерекшеліктері, құстарды аялау, қорғңау мақсатындағы өтілетін сабақтар, табиғаттың қыр-сырларын түсіндіру мақсатында толық анықтамалар мен дидактикалық тапсырмалар, қызықты логикалық  жаттығулвар берліген.

Авторлық бағдарламаның мақсаты:оқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру;

Авторлық бағдарламаның міндеттері:

  • экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту;
  • қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті жоғары ұрпақ тәрбиелеу;

Авторлық бағдарламаның жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған  тапсырмалар арқылы 

-Өз ойын ашық айта алады;
– Өз іс-әрекетіне қорытынды жасай біледі;
– Шығармашылықпен жұмыс жасайды;

Бағалау формалары: оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Бағалау барысын да материалдың дұрыс әрі сапалы баяндалуын, ұғымдар мен заңды лықтардың толық ашылуын,оқушылардың дербес жауап беруін, материалдың дәлелді баян далуын, интеллектуалды, жалпы оқуға қатысты және өзіндік икемділік қалыптастырғанын ескеру қажет

Күтілетін нәтиже:

-табиғатты аялайды, қорғайды, жанашырлықпен қарайды

– экология мәселелеріне, табиғат келешегіне орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды біледі

Скачать