АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА «Жүйке жүйеснің маңызы, оның құрылысы және қызметі»


А.Ә.Қуат –  «Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №3жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі биология пәні мұғалімі

Түсінік хат

«Жүйке жүйеснің маңызы, оның құрылысы және қызметі» атты авторлық бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ет барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясындаәдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат жүктеме берілген.

«Биология» оқу пәні ретінде, табиғат пен қоршаған ортаның және қазіргі дүние бейнесінің заңдылықтарын танып білудегі химиялық, географиялық, физикалық және басқа да білім салаларымен тығыз байланысты күшейтуге жағдай жасайды. Бағдарлы білім беру бағдарламасы оқушылардың бойында біртұтас дүниетанымдық ұстанымды дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың жоғары деңгейдегі жалпы мәдениетті және өз бетінше және кәсіби бағытын анықтайтын білім, дағды жүйелерін меңгеруге талпыныс жасауын қолдайды.

Курстың мақсаты: оқушыларды оқу материалдарымен, тірі ағзалардың физиологиялық үрдістерін түсіндіру дағдыларын физиологиялық даму механизм мен заңдылықтарын анықтау дағдыларын қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

  • Медициналық биология ғылымының негізгі қағидаларын, ағзалардың тіршілік әркеттерін, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесі, құрылымы, қызметі, адам әркетінің медициналық биологияда болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың жалпы дүниетанымын қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу.
  • Ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдар мен теориялардан тұратын биология ғылымының негізін білу;
  • Өз беттерімен жұмыс жасауға үйрету;
  • Медициналық биология заңдылықтарын түсіндіру барысында күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Авторлық бағдарламаның жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған тапсырмалар арқылы 

-Өз ойын ашық айта алады;

-Өз іс-әрекетіне қорытынды жасай біледі;

-Шығармашылықпен жұмыс жасайды;

Бағалау формалары: Оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Бағалау барысында: материалдың дұрыс әрі сапалы баяндалуын, ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуын, оқушылардың дербес жауап беруін, материалдың дәлелді баян далуын, интеллектуалды, жалпы оқуға қатысты және өзіндік икемділік қалыптастырғанын ескеру қажет

Скачать