РЕЦЕНЗИЯ №155 – 17.03.2023 ж.


«Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің №4 жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі С.С.Нурбосынованың «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор С.С.Нурбосынованың «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты авторлық бағдарламасы талапқа сай рәсімделген.

          Бағдарламаның оқыту мақсаты (танымдық, дамытушылық, тәрбиелік) мен тапсырмалар жиынтығы сәйкес келеді.

          Аталған бағдарламада білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырып, оқу сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін  топтық оқыту, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, саралап оқыту сияқты әдістер таңдап алынған. Аталған әдіс-тәсілдер қазіргі қоғам сұранысымен сәйкестендіріліп, шығармашылықпен ойлайтын, белсенді әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын, өмірлік іс-әрекеттерге бейім тұлға қалыптастыратын әдістер ретінде сипатталады.

          Бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қараластырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары деңгейде.

          Қорыта айтқанда С.С.Нурбосынованың «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты авторлық бағдарламасын баспаға ұсынуға болады.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева