Авторлық бағдарлама «Физикадан эксперименттік есептер шешу жолдары»


Т.Э.Садыкова – Атырау облысы Жылыой ауданы  «№20 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  Физика пәні мұғалімі

Түсінік хат

«Физикадан эксперименттік есептер шешу жолдары» атты авторлық бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ет барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясындаәдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат жүктеме берілген.

Базалық білімнің негізгі компоненті ретіндегі физиканың мәні практикалық іс-әрекетте қолдану үшін қажетті, басқа оқу пәндерін зерделеу үшін, үздіксіз білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін қажетті, нақты физикалық білімді игерту арқылы оның адамзат өркениетін, ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы, қазіргі ғылымдағы және өндірістегі рөлімен, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы физикалық білімнің маңыздылығымен анықталады.

Оқытудың тиімділігі – мектепте оқушылардың белсенді араласуына байланысты, яғни жоғары білімді оқытушы мен білімді меңгеретін оқу-танымы жоғары, қабілетті, белсенді оқушыларға тікелей байланысты. Сондықтан мектепте оқу процессін іске асыру үшін оқытушының жұмыс сапасын арттыру керек, яғни өтілетін сабақтың, жүргізілетін практикасы мен лобараториялық жұмыстарының сапасын арттыру, оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әркеттерін ынталандыру, оқу процессін рационалды түрде негіздеу.

Эксперименттік жұмыстарда басқа білім түрлеріне қарағанда мұғалімнің барынша белсенді болу керектігін айқындайды. Мұндай жұмыстарда мұғалім әрбір оқушымен қарым-қатынаста болады және олардың өзіндік жұмыстарын тиімді басқаруға көмектеседі.

Авторлық бағдарламаның мақсаты: Физика пәні бойынша – оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға негізделген тапсырмаларды құрастыру, жинақтау.

Авторлық бағдарламаның міндеттері:

  • Оқушының пәнге деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
  • Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;
  • Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;
  • Өздік жұмыс жасауына ықпал жасау;
  • эксперименттік есептер шығаруда оқушылардың ой-өрісін қалыптастырудың әдістемелік негізін айқындау;
  • эксперименттік есептер шығару жүйесін, мәнін, мазмұнын зерделеу;
  • эксперименттік есептер шығарудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру;

Авторлық бағдарламаның жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған тапсырмалар арқылы 

-Өз ойын ашық айта алады;

-Өз іс-әрекетіне қорытынды жасай біледі;

-Шығармашылықпен жұмыс жасайды;

Бағалау формалары: Оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Бағалау барысында: материалдың дұрыс әрі сапалы баяндалуын, ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуын, оқушылардың дербес жауап беруін, материалдың дәлелді баян далуын, интеллектуалды, жалпы оқуға қатысты және өзіндік икемділік қалыптастырғанын ескеру қажет

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылықтарын арттыру;
  • Креативті ойлау дағдысы артып, мәселені коллаборативті ортада шешу;
  • Креативті ойлау тапсырмаларын ұтымды шешуге арналған стратегиялар мен дағдыларды анықтау;

Скачать