Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары


Каскаева Ляззат Байсеркеевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
“Жақсы ауылының №1жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Тәрбие жұмысының отбасы бағытына бойынша «Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары»күнтізбелік – жоспары

 (барлығы 34 сағат, аптасына -1 сағат)

1-11сыныптарға  арналған

Өткізілетін іс-шараның атауы Сағат саны Мерзімі
 
1 «Менің отбасым-менің тірегім» сынып сағаты    
2 «Отбасы тәрбиесі – береке бірліктің бастауы» тәрбие сағаты    
3 «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» аналармен, мебдикемен кездесу    
4 «Білімділер» интеллектуалды сайыс әке мен баланың қатысуымен    
5 Отбасындағы қарттар – асыл қазынам» сынып сағатты    
6 «Әженің сөзі, ақылдың көзі» әжелермен кездесу    
7 «Ата өнері — балаға мұра»  тәрбие сағаты    
8 «Туған өлкенің білгірлері» ата-аналар арасында сайыс    
9 «Отбасындағы әке орны» тәрбие сағаты    
10 «Әке – отбасының тірегі» (1-8 сыныптар)    
11  «Отбасындағы әкенің беделін қалай арттыруға болады» дөңгелек үстел ( 9-11 сыныптар)    
12 «Жеті атаңды білесің бе?» танымдық ойын    
13 «Толағай»  отбасылық спорттық сайыс    
14 «Жанұя бақыты» тренинг    
15 «Өнегелі отбасы- қоғам байлығы» сайысы    
16 «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын!» пікірталас    
17 «Сырласайық жеңеше» сайысы    
18 «Қызымыз еркем, анасымен көркем» қыз бен ана сайысын өткізу    
19 «Халық дәстүрі – асыл қазына!» сайысы    
20 «Отбасындағы қыз бала тәрбиесі» сынып сағаты    
21 «Мұғалім мен ата-ана арасындағы табысты қарым-қатынас» тренинг    
22 «Білгір отбасы» интеллектуалды сайысы    
23 «Жұлдызды дуэт»  отбасылық   байқауы    
24 «Әкем, анам және мен» танымдық ойыны (1-сынып)    
25 «Өз құқығымызды білу – басты мақсатымыз» ата-аналармен, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен дөңгелек үстел    
26 «Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем» сынып сағаты    
27 “Отбасы-бақыттың кілті” тәрбие сағаты    
28 «Отбасы, мектеп, жұртшылық» тәрбие сағаты    
29 «Компьютердің бала тәрбиесіне кері әсері бар ма?» дөңгелек үстел.    
30 «Үздік оқырман отбасы» байқауы    
31 «Әке – ер, ана – жігер. Бір үйде екі кемеңгер» дөңгелек үстел    
32 «Бақытыңды балаңнан ізде!» әкелер конференциясы    
33 «Отбасы – алтын діңгек» тәрбие сағаты    
34 «Адамның бір қызығы бала деген…»    

Жауапты:                  Каскаева Л.Б

Тәрбие жұмысының отбасы бағытына бойынша

күнтізбелік – жоспары

 (барлығы 34 сағат, аптасына -1 сағат)

1-11сыныптарға  арналған

Өткізілетін іс-шараның атауы Мерзімі Жауапты
«Ата өнері — балаға мұра»
1 «Менің отбасым-менің тірегім» сынып сағаты    
2 «Отбасы тәрбиесі – береке бірліктің бастауы» тәрбие сағаты    
3 «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» аналармен, мебдикемен кездесу    
4 «Әженің сөзі, ақылдың көзі» әжелермен кездесу    
5 «Отбасындағы әке орны» тәрбие сағаты    
6 «Әке – отбасының тірегі» (1-8 сыныптар)    
7  «Отбасындағы әкенің беделін қалай арттыруға болады» дөңгелек үстел ( 9-11 сыныптар)    
8 «Жеті атаңды білесің бе?» танымдық ойын    
9 «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс    
10 « Әке –тірек, бала-жүрек» тәрбие бастауы отбасынан ( дөңгелек үстел )    
11 «Ата кәсібі- бала кәсібі» тақырыбында мамандық таңдауға кеңес беру 9-11 сыныптар    
12 «Білімгерлер» интеллектуалды сайыс әке мен баланың қатысуымен    
13 Отбасындағы қарттар – асыл қазынам» сынып сағатты    
14 «Сырласайық жеңеше» сайысы    
15 «Қыз бен ана» сайысын өткізу    
16 «Берік отбасы –берік мемлекет»     
17 «Отбасындағы қыз бала тәрбиесі»    
18 «Туған өлкенің білгірлері» ата-аналар арасында сайыс    
19 «Білгір отбасы» интеллектуалды сайысы    
20 «Жұлдызды дуэт»  отбасылық   сайысы    
21 «Әкеге қарап ұл өсер» әкелер арасында  пікірталас    
22 «Өз құқығымызды білу – басты мақсатымыз» ата-аналармен, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен дөңгелек үстел    
23 «Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем» атты дөңгелек үстел    
24 «Отбасы-өмірдің басты символы» кітап көрмесі    
25 “Отбасы-бақыттың кілті”    
26 Отбасы, мектеп, жұртшылық      
27 «Оқырман отбасы» сайыс    
28 «Үздік оқырман отбасы» байқауы    
29 «Отбасы – бақыт ұясы»    
30 «Отбасы рухани құндықытары»    
31 «Бала болашағы біздің қолымызда!» пікірталас    
32 «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын!» пікірталас    
33 «Адамның бір қызығы бала деген…»    
34 «Мұғалім мен ата-ана арасындағы табысты қарым-қатынас» тренинг    

Жауапты:                  Каскаева Л.Б

«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ

І. КІРІСПЕ:

Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.

Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай?

Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің бар- лығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын ең бек өте өнімсіз еңбекке айналуда.

Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау сынды міндеттерді шешуде Алакөл аудандық білім мекемелерінің

тәрбие саласында 2022 жылы «Әкелер мектебі » жобасы қолға алынды. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектеп те бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды. Осы талапқа сай мектебімізде құрылған «Әкелер мектебі» жобасы төмендегідей мақсат-міндеттерді басшылыққа алады:

1. Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру;

2. Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету;

3. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау;

4. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.

5. Мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға, іс-шараларға белсенді атсалысу.

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:

Білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, мектеп, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау. Балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру.

ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

· «Отбасы-мектеп-бала» үштігінің өзара байланысын да- мыту процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

· білім алушыларды тәрбиелеу ісіне шетелдік және қа- зақстандық тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең үздік түрлі нысандары мен әдістері арқылы ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестік- тердің қатысуын жандандыру;

· отбасы мен мектептің ынтымақтастығын отбасылық тәрбиені ұйымдастырудағы серіктестік байланыстар арқылы үйлестіру;

· жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеумет- тік құндылықтар мен құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын қамтамасыз ету;

· үлгілі отбасының тәжірибесін тарату арқылы отбасының беделін арттыру.

· Отбасылық құндылықтарды сақтау;

· Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру

· Ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру

· Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету

· Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау

· Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларн ұйымдастыру

ЖОБАДА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР:

· Ата-аналардың оқу процесіне белсенді қатынаспауы;

· Бала тәрбиесіне әкелердің белсенді араласпауы;

· Ұлттық рухани тәжірибені таратуда ұрпақтар байланысының әлсіреуі;

· Ата-аналардың физиологиялық және психологиялық саулығы, отбасын жоспарлау мәселелеріндегі ақпараттың жетіспеушілігі, отбасындағы жанжалдарды дұрыс шеше алу дағдыларының болмауы.

ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ:

Әкелер мектебі Әкелер кеңесі Мектеп әкімшілігі «Жасұлан» Бастауыш балалар ұйымы

ОТБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:

1. Отбасындағы сенімділік

2. Дәстүрлерді сақтау

3. Үлкенге құрмет , кішіге ізет

4. Туысқандық қатынастағы отбасы

5. Еңбексүйгіштік

6. Сүйіспеншілік

7. Жомарттық

Отбасында балаңызды құрметтеуге бірнеше кеңес түрлері

1. Қорлау мен теріс белгілерді қолданбаңыз.

2. Сабырлы болыңыз және ешқашан дауыс көтермеңіз.

3. Балаңызды құрметтеңіз.

4. Егер сіз қателессеңіз, кешірім сұраңыз.

Күтілетін нәтиже:

Ата-ана мен бала арасындағы алшақтық жойылып, өзара ынтымақтастық орнауы, әкенің бала тәрбиесіне көңіл бөлуінің жақсаруы, отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін ұғынуы.