РЕЦЕНЗИЯ №0165 – 23.05.2023 ж.


Ақмола облысы Білім басқармасының «Атбасар қаласы №1 Ауданаралық психологиялық кеңесі» КММ

Дефектолог – олигофренопедагог Ж.С. Байдельдинованың

«Үйден оқытылатын оқушылармен жүргізілетін ойындар мен жаттығулар»

 атты әдістемелік құралына

ПІКІР

Автор Ж.С. Байдельдинованың «Үйден оқытылатын оқушылармен жүргізілетін ойындар мен жаттығулар» атты әдістемелік құралының мақсат-міндеттері айқындалған. Жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, интервалдары талапқа сай рәсімделген.

          Ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін талап та жоғары. Әдістемелік құралда ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді. Автор ойындарды дидактикалық, тіл дамыту, сюжеттік, дамытушылық, қозғалыс ойындары деп бөліп алып, әр ойынды жүргізудің тәртібін көрсетеді.

          Жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы жоғары деңгейде.

          Әдістемелік құрал бойынша мынадай ұсыныстарым бар: 1) Әдістемелік құралдың авторы туралы толығырақ мәлімет көрсету қажет деп санаймын (жұмыс орны); 2) Әдістемелік құралдың рәсімделуін, яғни ақпарат көздеріне мәтін ішінде сілтеме беру, әдістемелік құралдың соңында әдебиет тізімдерін көрсету дұрыс деп есептеймін.

          Жалпы жоғарыда көрсетілген ескертулер ескерілсе, Ж.С. Байдельдинованың «Үйден оқытылатын оқушылармен жүргізілетін ойындар мен жаттығулар» атты әдістемелік құралын мектеп мұғалімдеріне қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуға болады деп есептеймін.

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институтының

доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты:                                                                              Н.Х. Шадиева