Ойын арқылы таным үрдістерін, қол машықтарын дамыту


Нуржанова Карагоз  Траубаевна

Лисаков қаласы КМҚК “Мұрагер” бөбекжай бақшасы тәрбиешісі

Тәрбиеші ретінде алдыма  қойып  отырған  басты  міндеттің бірі – оқытудың  әдіс-тәсілдерін  қолдана отырып, қол машықтарын дамыту

           Баланың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру – тәрбиешінің  өз  еңбегін  ұтымды  ұйымдастыра  отырып,  жаңа  сабақ  үлгілерімен  оқушылардың  шығармашылық   ізденуін  қалыптастыру,  сұрақ  қою,  эксперименттік  тапсырмаларды  шештіру,  ой  таласын  жасау,  танымдық  ойындар  ұйымдастыру  арқылы  іске  асады.   Сурет салу арқылы қол машықтары дамиды. Электрондық  оқулық  арқылы  сабақты  түрлі  суреттер  мен  видеокөріністер,  дыбыс  және  музыка  тыңдатып  өткізуге  болады.  Бұл,  әрине  тәрбиешінің  тақтаға  жазып  немесе  құр  сөзбен  айтып  түсіндіргеніненәлдеқайда  тиімді  әрі  әсерлі.  Меңгерілуі  қиын  тақырыптарды  өткенде  компьютердің  көмегімен  оқушыларға  ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  олардың  құштарлығы  оянады. Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  кезінде   электрондық  оқулықтардың  ерекшелігі – үлгіге  сәйкестілігі  мен   жоғары  мобильділігі,  оқуға  үйренуге  икемділігінде  болып  табылады.  Өз тәжірибемде мынадай ойындар арқылы танымын арттырамын. «Мен қай жануармын» дидактикалық ойын ойнатылғанда компьютердің көмегімен жануарлардың даусын балаларға естірту. Естіген дауыс қай жануардың дыбысы екенін   анықтап, танымдылығы артады. Бүгінгі оқу іс – әрекетінде «Мен өскенде кім болам?» ойынында мамандықпен таныстырамын. Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы, тігінші жатады. Дидактикалық ойын «Кім болам?» балалар біз суретке қарап мамандығына суретке қарап әңгіме құрастырамыз. «Кім жоқ?» ойыны. Балаларға мамандықтар суреті көрсетіледі. Көздерін жұмуды ұсынып, бір суретті жасырылады. Қандай мамандық жоқ екенін табады. Дидактикалық ойындардың да баланың логикасын дамытуға зор үлесі бар. Бала заттарды бір-бірімен салыстырады, топтастырады, танымы артады,  белгілеріне қарай ажыратып, қорытынды шығарады. Сурет салу арқылы баланың танымдық  процесі дамиды.