РЕЦЕНЗИЯ №0173 – 17.11.2023 г.
Павлодар облысының білім беру басқармасы,Екібастұз қаласының білім беру бөлімі, «№3 санаториялық сәбилер бақшасы» КМҚК тәрбиешісі Г.Т. Бельгибаеваның «Он саусақпен өрейік»
үйірмесінің әдістемелік құралына
ПІКІР
Автор Г.Т. Бельгибаеваның «Он саусақпен өрейік» үйірмесінің әдістемелік құралы техникалық талаптарға сай рәсімделген. Әдістемелік құралдың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, интервалдары талапқа сай безендірілген.
Әдістемелік құралдың педагогикалық тұтастығы, таңдалған әдістері айқындалған. Теория мен практиканың бірлігі сақталған.
Cаусақ жаттығуларының мағынасы туралы кітаптарда аз жазылған жоқ. Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан ойынды ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға, т.б.) шыңдалуына себепші. Осы тұрғыдан келгенде Г.Т. Бельгибаеваның «Он саусақпен өрейік» атты әдістемелік құралы өте маңызды екендігін байқаймыз.
Жалпы, Г.Т. Бельгибаеваның «Он саусақпен өрейік» үйірмесінің әдістемелік құралын балабақша тәрбиешілеріне тәжірибе алмасу мақсатында ұсынуға болады деп есептеймін.
Ұсыныс: Пайдаланылған әдебиеттер тізімін талап бойынша рәсімдеу ұсынылады.
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия
гуманитарлық институты,
қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті,
педагогика ғылымдарының кандидаты: Н.Х. Шадиева