РЕЦЕНЗИЯ №0177 – 10.01.2024


ПІКІР

Күні, айы, жылы: 10.01.2024

Автордың аты-жөні: Матай Сарқыт Құрманғалиқызы

Жұмыс орны: «Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «Қазалы ауданының оқушылар Үйі» КМҚК педагог-психологы

Жұмыс тақырыбы: Қосымша білім беру ұйымындағы психологиялық қызметтің ерекшеліктері

          Талаптар бойынша жұмыс құрылымының дұрыс рәсімдеуі, педагогикалық тұтастығы. Авторлықбағдарлама талапқа сай рәсімделген. Педагогикалық тұтастық сақталған.

          Тақырыптың ашылуы (жұмыстың атауы оның мазмұнымен байланысты болуы, теориялық және практикалық бөлімдерінің байланысы,  инновациялық сипатының, мақсаты мен міндеттерінің айқындалуы). Жұмыстың атауы оның мазмұнымен байланысты. Теориялық бөлім практикалық бөлімде жалғасын тапқан.

          Педагогикалық идеяның өзектілігі, жаңалығы, практикалық маңыздылығы (мәліметтердің жаңалығы, жұмыстың қорытындыларын пайдалану мүмкіндіктері туралы  нақты ұсыныстары, педагогикалық үрдісті пайдалануы). Жұмыстың тақырыбы өзекті. Аталған бағдарламада ұсынылған әдістер оқушылардың қоғамға бейімделуіне, тұлғалық әлеуетін жүзеге асыруына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң әсерін береді.

          Шығармашылық қабілеттілігі (зерттелген материал бойынша жеке өзінің қосқан үлесі, ой-пікірі, көрнекілігі осы салаға деген қызығушылығы). Жұмысты құрастыруда педагогтің шығармашылық қабілеттілігі айқын көрінеді. Автордың аталған салаға деген қызығушылығы байқалады.

Жұмыстың тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын пайдалануы, барлық бөліктерінің бірізділігі. Жұмыстың мазмұндау логикасы жоғары. Автор қарастырып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын толық пайдаланған.

Пікір беруші:

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық инстиутының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты      _________    Н.Х. Шадиева