РЕЦЕНЗИЯ №187 – 08.02.2024 г.


ПІКІР

Автордың аты-жөні: Ескараева Сулухан Еркебаевна

Жұмыс орны: Түркістан облысы, Шардара қаласы, «Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі»

Жұмыс тақырыбы: «Бастауыш сыныпта заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының қабілетін арттыру»

          Талаптар бойынша жұмыс құрылымының дұрыс рәсімдеуі, педагогикалық тұтастығы. Авторлықкурс техникалық жағынан дұрыс рәсімделмеген. Абзацтарды біріздендіру керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің рәсімделуі дұрыс емес.

          Тақырыптың ашылуы (жұмыстың атауы оның мазмұнымен байланысты болуы, теориялық және практикалық бөлімдерінің байланысы,  инновациялық сипатының, мақсаты мен міндеттерінің айқындалуы). Жұмыстың атауы оның мазмұнымен байланысты. Теориялық бөлім практикалық бөлімде жалғасын тапқан. Әр сабақ түрлі әдістерді қолдану арқылы ұйымдастырылған. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа зейінін аударуға септігін тигізеді.

          Педагогикалық идеяның өзектілігі, жаңалығы, практикалық маңыздылығы (мәліметтердің жаңалығы, жұмыстың қорытындыларын пайдалану мүмкіндіктері туралы  нақты ұсыныстары, педагогикалық үрдісті пайдалануы). Жұмыстың тақырыбы өзекті. Аталған курстың бағдарламасында ұсынылған заманауи әдіс-тәсілдер оқушылардың қабілеттерін дамытуға оң әсерін береді.

          Шығармашылық қабілеттілігі (зерттелген материал бойынша жеке өзінің қосқан үлесі, ой-пікірі, көрнекілігі осы салаға деген қызығушылығы). Жұмысты құрастыруда мұғалімнің шығармашылық қабілеттілігі айқын көрінеді. Автордың аталған салаға деген қызығушылығы байқалады.

Жұмыстың тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын пайдалануы, барлық бөліктерінің бірізділігі. Жұмыстың мазмұндау логикасы жақсы деңгейде. Курстың бөлімдері бірізділікпен ұсынылған.

Пікір беруші:

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық инстиутының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты      _________    Н.Х. Шадиева