РЕЦЕНЗИЯ №190 – 01.03.2024


ПІКІР

Автордың аты-жөні: Дүйсенбаева Г.М.

Жұмыс орны:

Жұмыс тақырыбы: Математика МАД және инклюзив оқушыларға арналған 5-7 жас

          Талаптар бойынша жұмыс құрылымының дұрыс рәсімдеуі, педагогикалық тұтастығы. Кіріспе бөлімде жұмыстың мақсат, міндеттерін жазу ұсынылады. Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілмеген.

          Тақырыптың ашылуы (жұмыстың атауы оның мазмұнымен байланысты болуы, теориялық және практикалық бөлімдерінің байланысы,  инновациялық сипатының, мақсаты мен міндеттерінің айқындалуы). Жұмыста мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың ойын дамытуға байланысты тапсырмалар берілген.

          Педагогикалық идеяның өзектілігі, жаңалығы, практикалық маңыздылығы (мәліметтердің жаңалығы, жұмыстың қорытындыларын пайдалану мүмкіндіктері туралы  нақты ұсыныстары, педагогикалық үрдісті пайдалануы). Жұмыстың тақырыбы өзекті. Аталған бағдарламада ұсынылған әдістер мүмкіндігі оқушылардың қоғамға бейімделуіне, тұлғалық әлеуетін жүзеге асыруына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң әсерін береді деп ойлаймын.

          Шығармашылық қабілеттілігі (зерттелген материал бойынша жеке өзінің қосқан үлесі, ой-пікірі, көрнекілігі осы салаға деген қызығушылығы). Жұмысты құрастыруда педагогтің шығармашылық қабілеттілігі айқын көрінеді. Автордың аталған салаға деген қызығушылығы байқалады.

Жұмыстың тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын пайдалануы, барлық бөліктерінің бірізділігі. Жұмыстың мазмұндау логикасы жоғары. Автор қарастырып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын толық пайдаланған.

Ұсыныс:

          1.Кіріспе бөлімде жұмыстың мақсатын, міндеттерін жазу.

          2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсету.

Пікір беруші:

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық инстиутының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты      _________    Н.Х. Шадиева