Сабақ “С дыбысы мен әрпі”


Орынбаеава Гаухар Тортаевна

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№5 “А” мектеп -гимназиясының,

бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты :

1.Оқушылармен   Ы дыбысы мен әрпін пысықтаймыз.

2.Оқушылардың   түсініп оқу және көркем жазу дағдыларын қалыптастыру

З.Оқушылардың   белсенділіктерін   дамыту және адамгершілікке   тәрбиелеу.

Көрнекілігі : кесте,қима қағаз.

Техникалық құрал: интербелсенді тақта

Сабақ   барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық.

2.Қонақтармен сәлемдесу.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Балалар ,бүгін біз өзіміз білетін ертегі кейіпкерлерінің берген тапсырмаларын орындаймыз.

Балалар ,экранға көз салайықшы ,бұл қай ертегінің кейіпкерлері?Дұрыс айтасыңдар.Балалар енді біз ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындай отырып,Мақта қызға көмектесуіміз керек.

1.Мысықтың тапсырмасы.

Бағдарлау-мотивациялық кезең. (жұлдызшалар беру)

«Қызық сөздер бәйгесі» буындардан   сөз ойлау (қасық,балық,шырын,шыны) Балалар қандай сөздер шықты? Осы сөздерді буынға бөлейікші.Буынға байланысты ережені еске түсірейікші.Осы сөздерді пайдаланып мына схемалар бойынша сөйлем құраңдаршы.(сөз,сөйлемнің ережелерін еске түсіру) Өткен әріптерді еске түсіру

А, Т,П, Ш,Қ,У,Й,Н,Д, О, Р,Л,Ғ,М,Б,С

2.Сиырдың тапсырмасы.

Операционалдық –орындаушылық кезең. 63б.

Жаңа сабақты   жұмбақ шешуден бастаймыз.Дұрыс С дыбысы.

“Кім жылдам” ойыны Ы әрпі кездесетін сөздер айту

Суретпен жұмыс.

Осы сөздерден   Ы   әрпінің орнын табу.Сол сөздерді буынға бөлу.

Оқулықпен жұмыс.

-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы

-Сөздік жұмыс

-Оқушылардың оқуы

-Тізбектеп оқу

-Жеке 2-3 оқушыға оқыту

3.Ағаштың тапсырмасы.

Мәтін бойынша сұрақтар қойылады

Сергіту кезеңі   «Мен қазақпын»

5.Сатушының тапсырмасы.

Әңгімеден   Ы әрпі кездесетін сөздерді табайықшы. Сол сөзді тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасайықшы.

6.Тауықтың тапсырмасы

Дәптермен жұмыс.7 бет (отыру ,дәптердің орналасу ережесі )

Көркем жазу С бас әрпі мен кіші әрпін жаздыру.Сөздерді жазу буынға бөлу,дыбыстық талдау жасау. 3-4 балаға қима қағазбен жұмыс жасату.

Тақтамен жұмыс. ( 2-3 оқушы тақтаға сөздерді жазады ,келесі балалар ауызша қанша буын екенін айтады)

7.Сергіту кезеңі  «Жұмыр қылыш »

8.Тышқанның тапсырмасы.

Рефлексиялық –бағалау кезеңі.

Балалар ,тышқан сендерге қима қағаздармен тапсырмалар әкелді,сол тапсырмалардың өз үйін табыңдар.Ы әрпі кезесетін сөздерді бірінші үйге, С әрпі бар сөздерді екінші үйге жинау керек.

Сонымен,балалар біз бүгін қандай әріппен таныстық? Ол қандай дыбыс? Ы әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі.

Уақыт қалып жатса, қақпашы   сөзінен жаңа сөздер ойлау.

Балалар ,сендерге көп рахмет.Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын толығымен орындадық.Мақта қыз сендерге көп рахметін айтып,сендердің барлығыңды жақсы көретінін айтты.

Метки: , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *