Сыныптан тыс жұмыс. Тарихи –әдеби кеш «Сені жырлаймын, менің Қазақстаным»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы «Ақтас негізгі мектебі» КММ
География-биология пәнінің мұғалімі
Сынып жетекшісі:
Сергалиева Зауреш Фазыловна
Мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, қанатты сөздер, слайдтар, үнтаспа.
Кіріспе.
Жүргізуші-1.Армысыздар, құрметті қонақтар,ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Сені жырлаймын, менің Қазақстаным» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемді өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезенде қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерең еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Жүргізуші-2: О, туған жер, кең пейіл,құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағымен
Сағынышты қанат қып, саған қарай,
Балапандай талпынып , ұшамын мен.
Сенде тас та қастерлі, аспанда алау,
Сенде жанды тербетер, дастан бар-ау.
Менің мына өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған-ау.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар сіздерді 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
1-оқушы: Әнұраным жанұраным,
Айтар әнім- сөйлер сөзім.
Туған жерім –сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Гимн орындалады.
Жүргізуші -1: Құттықтау сөз мектеп директоры Тоқпанов М.С-ұлына беріледі
Жүргізуші-2: Келесі құттықтау сөз кәсіподақкомитетінің басшысы Омаров А.С-ұлына беріледі.
Жүргізуші -1: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орныбасары Өміржанова Ж.С-қызына беріледі.
Жүргізуші -2: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігінаңсаған жастар алаңға шықты.желтоқсан желі дауылғаайналды. Өрттей заулаған өжет жастар ұлттық намыс құдыретін әлемге паш етті.
1слайд өткен тарихқа шолу. Қазақстан Республикасының картасы.
Жұргізуші-1: 17 желтоқсан тәңертең Алматыда жаппай толқу басталды, кейінірек ол Республиканың басқа қалаларына тарады. Тәуелсіздік жолында қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп, құрбан болды. Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.
2-оқушы
Мұз жастанып азаттықтың жолында, Тәуелсіздік туы тұрды қолында
Сойыл таяқ ойнаса да жанында Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігінде желтоқсанның ызғарын. Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке, Егемендік тиді бүгін елшіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Жүргізуші – 2 : Баяндама « Қыршын кеткен Желтоқсанның жастары».
Жүргізуші – 1Тәуелсіздіктің туын көтерген әйгілі Желтоқсан өқиғасына байланысты ән: «Желтоқсан желі». Орындайтын 3 сынып қыздары
2-слайд. Желтоқсан ызғарлы желі.
3-оқушы. Дүр сүлкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтып, қанат жаймақ?
Ұран жазып, қып-қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елім-айлап»
4-оқушы. Алаңға шығып, ойын айтты жастарым
Қиындықпен қатерге тігіп бастарын
Содан барып, таңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікді бастадың.
Жүргізуші -2: желтоқсан оқиғасы туралы көрініс. Жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайратты 1-қантар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқынға алып еді.
Топ мүшелері ( Қайрат- тергеуші алдында).
Тергеуші: Сенің өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба?
Қайрат: Жоқ! Мен оны көргенім жоқ….
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар. Көзін құртындар!
Қайрат: Күнәдан таза басым бар.
21-де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар! ( Қайраттың түрмеден анасына, баурларына жазған соңғы хаты)
Жүргізуші -1 Иә, жасқанбай жырлаған желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғарғы жаза – ату жазасына тартылды. 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21 жасында өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнмен мәңгілік қоштасты. Қазір Семей қаласында орталық көшелерінің біріне халық қаһарманының есімі берілген, және Семейдегі Қазақстан Халықтары кіші Ассамблеясы ғимаратының алдында Қайрат Рысқұлбековтің ескерткіші қойылды.
Жүргізуші -2 Желтоқсан көтерілісінің арқасында туған халқымыз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
5-оқушы. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда
Сан перзентің қара жерге жерледі.
6-оқушы. Егемендік иесі мен деген сөз
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата-жұрттың арасы мен бергісі.
Жүргізуші -1 1991 жылы желтоқсанның 1-күні Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
3-слайд . Президенттің ант беруі
7- оқушы. Келбетінен иізгілік нұр көрінген,
Лебізінен ел арманы өрілген.
Сенің арқаң – Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтайды төрімнен.
Ән: «Ұшқоңыр»
4-слайд. Президенттің туған жері «Ұшқоңыр» табиғаты, Ақ Орда көрсетіледі.
Жүргізуші -2 Тәуелсіздік алғаннан кейін әр мемлекеттің өзіндік ерекше белгілері болады емес пе?
Жүргізуші – 1 1992 жылы 4 маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы заңға қол қойды.
5- слайд. Ел рәміздерін, авторларын көрсету.
8-оқушы. Толқыған дәні бар,
Мамырлаған малы бар,
Қыран қанат әні бар,
Қазақстан келбеті
Елтаңбадан табылар.
9-оқушы. Ұланымның елімнің
Мен оқушы баламын
Болам жігіт зор әлі,
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары
Жүргізуші -2 Егемендігімізді, тәуелсіздігімізді, бостандығымызды паш ететін осы мемлекеттіміздің рәміздері.
10-оқушы. Қазақстан – байтақ ел, нұр мекенім
Қазақстан – айым менен күнім менің
Қазақстан – астығы мол, туған жерім,
Қазақстан- ыстық маған алып елім.
Дүниеде болмасын деп зар қасірет,
Келеміз замананы аплға сүйреп
Бүгінде тұр біздерге жер бетінде
Азаттық, Бейбітшілік арқа сүйеп.
Жүргізуші -1 Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары – ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздары – ай деп қыздардың биін тамашалаңыздар.
6-слайд. Астана қаласы көрсетіледі.
Жүргізуші -2 1998ж 6 мамырдаҚазақстан астанасы Алатаудан Сарыарқаға қоңыс аударып, тоғыз жол торабының теі ортасынанг орын алған Астана қаласына ауысты.
11-оқушы. Асқақтай бер, Астанам
Берекеге бастаған.
Болашақтың есізін,
Өз қолыңмен аш маған!
12 –оқушы. Әсем әні тербеледі, теңселеледі,
Талай қыр, талай сырды еңсереді
Сермейді, сұңқылдайды сыңғырлайды,
Аз емес, еңселі ері, ел сенеді.
Жүргізуші -1 «Орнында бар оналар» демекші, ел орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса , ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып дүниежүзіне танылды. 120 –дан астам ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
13-оқушы. Әрқашанда мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан,байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
Ән: «Астана»
Жүргізуші -2: Міне, жастардың арман еткен Тәуелсіздік- құдіретті, ардақты ұғым. Ата-баба жолы, халық президенттерінің ақ жолы.
Жүргізуші -1 Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ боларелдің ертеңі
Дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Сені жырлаймын, менің Қазақстаным» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Ән: «Жаса Қазақстан»
14-оқушы. Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып жолыңнан таймап едің.
Айырылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Өр едің, өліссең де біріспеген,
Ел елдің еншісін де бөліспеген,
Зар мұңның әні бар ма сен айтпаған?
Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?
Тербетіп тұрса болды жер- бесігім,
Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.
Көз тимей, кірпің түспей қабағына
Жалғыз –ақ құтты болғай енді осы күн!
Жүргізуші -2 Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте, күн сәулесі арқашан бақыт нұрын шашсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Ән: « Елім менің»
Метки: 16 желтоқсан, ҚР Тәуелсіздігі, менің Қазақстаным», Оqu-zaman.kz сайты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шаралар сценарийлерінің жинағын шығарды, Сценарийлер, СЦЕНАРИЙЛЕР ЖИНАҚЫ, Сыныптан тыс жұмыс. Тарихи –әдеби кеш «Сені жырлаймын, Тәуелсіздік күні