Мақала “Тәуелсіздік – азаттықтың ақ таңы, ата-бабамыздың сан мың жылғы аңсаулы арманы”


Бейнеу политехникалық колледжінің директорының

оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:     Айгул Байбатырова Сайлауқызы

 

Байлығымен елінің жайлылығымен ерекшеленген кең байтақ даланы мекендеген ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама қалалар мәдени орталықтар қиратылды, жазықсыз жандар құрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір отбасынан рулы ел тарап халық қашанда еңсесін көтеріп, ел болып дамитын. Ата- бабамыз осындай ұланғайыр жерді ақ найзасының ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан- ұрпаққа мұра етті. Дархан далаға назарын салғандар да, үлесін алғандар да найзасын безеп шабынғандар да, таңдай қағып табынғандар да болды. Азулылар айқаса кетіп айлалылар арманына жетіп, еліміз бодандық бұғауына тұншықты. Еркіндік елеске азаттық келмеске кетті.

Тар қапастан торыққан тұтас бір елге тағдыр тосын сый жасады.

Ұлы жартушының шешімі әділ болды. Тілі мен діні, ділі мен мінезі уақыттың қатерлі тұсына келген, енді аттаса, заман жарқабағынан құлау қарсаңында –мүлдем жойылу, тарих аренасынан сызылып кету қаупі алдында тұрған қазақ халқына жиырмасыншы ғасырдың соңы ерекше тағдыр сыйлады. Ғасырлар бойы «аттың жалы,түйенің қомында жүріп» дербес ел болуды көксеген кемеңгер ойлы, кесек тұлғалы көсемдеріміз бен шешендеріміздің рухы бір-бір аунап, қазақтың ұлан байтақ даласына Тәуелсіздік дейтін қыран кескінді, алтын қанатты киелі құс келіп қонды. Осындай ауыр кезеңде, осы бір жүгі мен жауапкершілігі зіл батпандай ауыр міндетті атқару үшін тағдыр бізге Н.Ә. Назарбаевтай кемел ойлы кемеңгер ерді берді.

 

1991 жылдың 16 желтоқсанында ел тәуелсіздігі жарияланды. Тәуелсіздігімізді Түркия бастап, әлемнің 100-ден астам мемлекеті мойындады. Түркияның мойындауынан кейін 1991 жылдың аяғына дейін АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Иран сияқты, жалпы саны 19 мемлекет Қазақстанды дербес ел ретінде мойындап, бізбен дипломатиялық қатынастар орната бастады. Тағы да бір жыл өткенше   тәуелсіздігімізді таныған мемлекеттердің саны 108-ге жетіп, солардың 70-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылса, 21-і Қазақстанда елшіліктерін ашып үлгерді. Сондай-ақ, аталмыш кезеңде елімізге 20 шетелдік мемлекет және үкімет басшылардың ресми және жұмыс бабындағы сапарлары өтті.

Тәуелсіздікке қол жеткізуде, елімізді нарықтық қатынастың ауыр қыспағынан алып шығып, 140-тан астам ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп, елімізде татулық пен бірліктің берік іргесін қалауда Елбасының еңбегі ұшан-теңіз.

Қазір елімізді бүкіл әлем таниды. Президентіміздің дана саясатының арқасында елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламалар жүзеге асуда. Бұл бағдарламалар бойынша мемлекетіміз өндірісті өркендете отырып, шикізаттық дамудың шылауынан шығып, өндірісі дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылатын болды.

1992 жылы 2 наурызда, тә­уелсіздігімізге қол жеткеніне екі жарым ай толғанда Қазақ­стан   Республикасы   Біріккен Ұлттар Ұйымының толық­қан­ды мүшесі болды.

Азат елдің іргесін бекітіп, саясат пен экономика тұрғысынан ілгері қадам басқан еліміз сонау тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ сыртта жүрген қандастарымызды іздеп, олармен тонның ішкі бауындай байланыс жасап келе жатқанына біршама уақыт болды.

1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.

1992 жылдың қыркүйегінде, Қазақстан Президентінің бастамасымен, ұлт тарихының сындарлы тұсында мемлекеттік шекарамен алшақталып, саяси жүйемен бір-бірінен қол үзіп қалған қазақ халқының өткенін екшеп, келешегін анықтауға, ел тұтастығына шақыруға бағытталған міндеттерді мақсат еткен Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы Алматыда болды. Құрылтайда “Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.

1992 жылғы 7-мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 1993 жылдың сәуір айында тарихта тұңғыш рет Қазақстанның Теңіз  күштерін құру істері  басталды

1993 жылы 13–қаңтарда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы” Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында бiртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады.

1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды. Елбасы ана тіліміздің дамуына ерекше көңіл бөліп келеді.

1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.

Қазақстан «EXPO – 2017» көрмесін өткізу құрметіне ие болып отыр. Бұның өзі Отанымыздың халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының одан әрі арта түсуіне жағдай жасамақ.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикасы қарқынды дамыды. Қазір Ұлттық қорымыздың активі 80 млрд долларды құрайды, ішкі жалпы өнім 1993 жылы жан басына шаққанда, 700 долларды құраса, ал бүгінде ол 11 мың доллардан асты. Біз табыс деңгейі орташадан жоғары елдер тобына ендік. Елбасының жылма-жылғы халыққа дәстүрлі Жолдаулары ел экономикасының өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне оңды әсер етуде.

«Бүгінгі күні Қазақстан экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктері бойынша әлемнің көптеген елдеріне үлгі бола алады. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі.

 

«Қазақстан – 2050 Стратегиясында Елбасы қазақстандықтар алдында  тұрған нақты мақсаттар мен оған жетудің нақты тетіктері мен механизмдерін айқындап берді. Жалпы Мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат – 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуы керек.  Бұл әрине өте үлкен мақсат.

“Қазақстан – 2050″ стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл стратегияның негізгі алға қойған мақсаты – 37 жылдың ішінде, мүмкін одан да бұрын әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің арасына ену”, – деді Мемлекет басшысы. Осы орайда ол бұл тек қана ішкі өніммен бағаланбайтындығын, онда адамның өсуі, әлеуметтік жағдай, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарындағы өркендеп өсу мәселелерін ескеру керектігін қадап айтты.

Жаңа саяси бағыт қазақстандықтар өмірінің барлық саласын қамтиды. Мәселен, экономика, әлеуметтік, ішкі саясат және демократияның дамуы. Сарапшылар Қазақстанның алға қойған мақсатына жететіндігіне еш күмән келтірмейді.

Енді бүгінгі күні анық айта аламыз, 2030-ға жоспарлаған мақсаттарды 2012 жылы орындап тастадық. Барлық салада – экономикалық, саясат, қауіпсіздік пен мемлекеттік басқаруда үлкен жетістіктер бар. Сондықтан 2050-ге алдымызға қойған мақсаттарға жететінімізге ешбір күмән болмауы керек. Кейбір мақсаттарға тіпті уақытынан бұрын да жетуіміз мүмкін. Мұның бәріне негізгі кепіл, негізгі фактор – Елбасы тұлғасы.

 

«Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның табысының негізін жаңа қазақстандық патриотизм қамтамасыз етеді.  Бұл шын мәнінде болашақ ұрпақ үшін бағыт-бағдар. Тағы да Президенттің даналығына, көрегендігіне, стратегиялық ойлау қабілетіне тәнті болып отырмыз.  Қазақстандықтар болашағына нық сеніммен қарай алады».

 

Ел алдындағы, өркениет алдындағы аса жауапты міндетті Елбасы абыроймен орындады. “Сүйер ұлың болса, сенде сүй” деп Абай атамыз айтқандай, Нұрсұлтан Назарбаев қолпаштауға да, қолдауға да, қошеметтеуге де тұратын; қалай мақтаса да сыятын лайықты тұлға. Демек осы елбасы ұстанған   саясаттың арқасында егемен еліміз еңселі болсын десек біз өскелең   жас ұрпақ   болашағымыздың дамуына үлес қосып Тәуелсіздігіміздің тұғырын мықты ұстайық.

Метки: , , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *