Мерекелік бағдарлама “Тәуелсіздік Қазақстан!”


Шахметова Анар
тәрбиеші
№ 23 “Балауса” мектепке дейінгі гимназия

 

Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінгі бар әлемге даңқың жетті,

Төуелсіз Қазақстаным- елім менің.

Сәлеметсізбе, құрметті қоңақтар!

Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен

Балалармен:   Құттықтаймыз!

Әнұран орындалады.

Балалардың рәміздер туралы тақпақтар.

(музыка) Қыран құс, күн-қыз және аспан-қыз кіреді.

Қыран құс: Мен қыран, қыркнмын,

Тәуелсіздіктің белгісімін.

Еркін самғаймын,

Елдің құсымын.

Күн-қыз:     Жерге түскен алғашқы

Сәулесі мен болам.

Жылулықтың байлықтың белгісі мен болам.

Көкте күнмін көпке нұрымды шашамын.

Аспан-қыз: Құрметті қыран мен күн,

Ренжіспейік, достарым.

Тағдырымыз бірге жалғасқан,

Қазақстан біздің ортақ үйіміз.

Астана туралы тақпақ.  

Ән «Астана»

Қыран құс, күн, аспан бір-бірінің қолын ұстасып, бас иіп шығып кетеді.

Жүргізуші:   Балалар қыран құс, күн және аспан достасып бірге ұшып кетті. Ал біз сендермен Қазақстанға саяхат жасайық. Сендер дайынсыңдар ма?

Жақсы, көздерімізді жұмамыз, енді кеттік

(музыка орындалады, Бай келеді).

Бай: Тоқтандар, сендер кімсіндер?  Қайдан келдіңдер?

Жүргізуші:   Сәлеметсізбе, Байеке, біз «Балауса» б/бақшасының балаларымыз.

Бай. Сәлеметсіздерме, қоңақтар, сәлеметсіңдер ме балалар. Мен сендерге сенбеймің, кәне сендіріңдер!

Жүргізуші:   Қазір біздің балалар ойнап та, билеп те, ағылшын тілінде тақпақ және ән айтып береді.

Тақпақ «Қайырлы кұн!» және ән «Біз бәріміз бірге боламыз.»

Ал енді балалар «Қара жорға» биің билеп, «Шаңырақ» ойының ойнаймыз.

Бай: Рахмет балалар, мен сендерге сеңдім. Саяхаттарыңды ары қарай жалғастырыңдар, сау болыңдар. Мен кеттім.

Жүргізуші: Ал біз саяхатымызды жалғастырамыз. Балалар Отан туралы тақпақтарың айтып береді.

Тақпақтар.

Жүргізуші: Аспаптарды алайық ,

Көңілді әнге салайық

Оркестрдың орындалуыңда ән

«Қызыл құмды ауылда».

Музыка . Алдар көсе келеді.

Алдар көсе:   Сүйінші! Сүйінші!

Жүргізуші:   Алдар көсе не болды?

Алдар көсе:   Жақсы хабар үшін не бересіңдер?

Жүргізуші:   Біздің сыйлығымыз дайын, айта бер.

Алдар көсе:   Тыңдандар! Тыңдандар! Мерекеге қоңақ келе жатыр.

Жүргізуші:   Ол қандай қоңақ, кәне тез айтшы!

Алдар көсе:   Жоқ алдымен сендер маған ойын көрсетіңдер, көңілімді көтеретін ән айтындар.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен бізше сүй.

«Жаңбыр» әні.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

«Теңге жинау» ойыны.

Алдар көсе: Рахмет балалар, сендерге сонау алыстан

Тәуелсіздік мерекесіне Алтын адам

келе жатыр.

Жүргізуші: Саған сүіншіге мына тақия.

Музыка. Алтын адам келеді.

Алтын адам. Сонау жеті су мен байтақ жері мекендері,

Халқы бар теңдігі мен егеменді.

Бейбітшілік, тәуелсіздікті жақтаған,

Аты оның дархан дала Қазақстан!

Егеменді еліміздің 20 жылдық мерейтойы

құтты болсын қазағым.

Тәуелсіз еліміздің көк байтағы желбіресің!

Әрқашан бейбітшілік заман болсын,

Ер іргесі аман болсын,

Ертеңге жол ашатын,

Бүлдіршіндер аман болсын!

Балалардың орындалуында «Қанша бала, қанша қыз» әні.

«Достық» биі.

Жүргізуші:   Болашағы жайнаған бақ тұғыры,

Бұл да болса қазақтың мықтылығы

Еркіндік, тәуелсіздік ансаған ел,

Жиырма жылға қыр асып шықты міне!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына мереке оты

шашылсын.

Балалармен:   1,2,3

Қазақстан алып күш!

От шашылады.

Жүргізуші:     Мерекелеріңіз құтты болсын! Сау болыңыздар!

 

Метки: , , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *