«Жалаң және жайылма сөйлем»
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Талица ауылы
Талица жалпы негізгі білім беретін мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Аскар Салтанат Аскаркызы
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері.
Бүгінгі сабақта жақсы көңіл – күйде боламын
( оң қолдарын көтеру)
Бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз.
(сол қолдарын көтеру)
Бүгінгі сабақта жақсы нәтижеге қол жеткіземіз
(екі қолдарын шапалақтау)
Біз бір-бірімізбен доспыз және әрқашан біргеміз.
(бір-бірінің қолдарынан ұстау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 101 – жаттығу. Талдау.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
III. Қайталау – білім анасы
– Сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтан алған білімімізді еске түсіре кетейік.
Оқушылар тест―тапсырманы кезекпен ауызша орындайды. Бағалау.
- «Білімді мыңды жығар» Сұрақ-жауап.
- Бастауыш деген не?
- Баяндауыш деген не?
- Тұрлаулы мүшелер деген не? Мысал келтір.
- Тұрлаусыз мүшелер деген не? Мысал келтір.
- Бастауыш пен баяндауыштың арасында қай уақытты сызықша қойылады?
Бағалау.
- «Талаптыға нұр жауар» Ребус шешу: