БАЯНДАМА «Мұғалім – кәсіби құзіретті тұлға»


Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектеп

Математика пәні мұғалімі: Омарова Б.А.

Мұғалім-кәсіби құзретті тұлға

Академик А.Н. Колмогоров: «Математик әрқашан реалды құбылыстардың әр түрлі модельдерімен жұмыс жасайды. Оны математик  ретінде  «қабылданған модель аясында қорытындылар орынды ма?» деген  сұрақ ғана ойландырады. Егер де ол реалдылық пен оның математикалық моделінің арасындағы диалектикалық байланысты түсіндіру міндетінен бас тартса, бұл әсте жақсы емес» – деп көрсеткен болатын.

«Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» «Бүгінгі заман талабына сай мұғалім –ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс.«Нағыз  тұлға қандай болу керек?»деген сұраққа жауап беру үшін Абрахам Маслоудың кестесіне жүгінеміз.

 

5-деңгей Өзін-өзі жүзеге асыру,дамыту,өркендету қажеттілігі:
4- деңгей Біріншілік,мадақ пен даңқ,марапат,карьералық өсу,басқалардың сыйлауы мен өзін-өзі сыйлау қажеттілігі
3- деңгей Қандай болмаса да болмасын бір әлеуметтік топқа мүше болу қажеттілігі;мұнда басқаның сүйіспеншілігіне бөлену қажеттілігі де бар
2- деңгей Қауіпсіздік пен тұрақтылық қажеттілігі
1- деңгей Физиологиялық қажеттіліктер

 

Мұның математика мұғалімдеріне  де ерекше қатысы бар.Себебі, еліміздің жедел даму жағдайы базалық техникалық пәндердің бірі ретінде математикалық білім  беруді жетілдіріп, оның тиімділігін арттырудың нақты тетіктерін айқындау міндетін қояды»

Қазіргі заман математигі білім беру жүйесі –құзырлылық пен құзіреттілікті негізгі орынға   қоя отырып, оқыту үрдісін технологияландыру болса,  математика   мұғалімінің жеке тұлғасы,білімі,нақтылығы, оқушымен қарым-қатынасы әдістемелік шеберлігі –оқушының танымдық қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулитын жұмысын ұйымдастырушы болмақ. Ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін  шеше білетін білімді  де білікті ұрпақты тәрбиелеу біздердің қолымызда. Мұның математика мұғалімдеріне  де ерекше қатысы бар. Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлаудың әр түрлі стратегиаларды,   жаңа ақпараттық техналогияларды қолдана отырып,оқушылардың құзіреттілігін арттыру арқылы,шығармашылықтарын дамыту.Мұндағы мақсат математика сабағында оқушылардың бойында қоғамдық интелектуалдық мүмкіндігінің критерийі болатындай математикалық   білім   қалыптастыру. Сабақта осындай талаптарды қамтып, тиімділігін арттыруда  интерактивті құрал жабдықтарды  қолданудың маңызы зор. Әрине әр мұғалім сабақты алдын ала жоспарлайды,бірақ сызбалар , анықтамаларды жазу т.б уақытты көп алады .

Сонымен интерактивті құрал жабдықтарды пайдалану  қандай  іс-әрекеттерге қолайлы жағдай туғызады десек, олар келесі:

а) оқушының пәнге деген қызығушылығы артады;

б)  оқушы  математиканың  әрбір саласы бойынша теориялық материалды жан-жақты меңгереді;

в) әрбір  ереже, формулалардың мағыналарын жете білуге машықтанады;

г) талдау объектісіне қажетті материал жинау үшін   мысалдар жинап, оны сұрыптауға дағдыланады;

д) жазба жұмыстарын  дұрыс әзірлеуге үйренеді.

Енді осыларға мысалдар келтірейік:

Жоғары сыныптарда жиі қолданылатын формулаларды бір жазып  қойып кейін ашып еске түсіру ыңғайлы.

Немесе екі тақырыпты қосып окытуда да интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді.

Новый рисунок (8)

Мысалы 6 сыныпта «Осьтік симметрия» , «Ценрлік симметрия» тақырыптарын алатын болсақ  интерактивті құрал-жабдықтардың көмегімен тақырыпты мысалдарды өмірден ала отырып (суреттер) көрнекті өткізуге болады. Көрнекті оқыту оқушылардың ойын оятып, ынтасын арттырады.

Яғни, тақырып бойынша пікір таластыруға мүмкіндік береді. Шапшаң қимылдап, тез ой-тұжырымдауға ықыласын тудырады. Оқушылардың ойлауының дамуы математикалық ұғымдарды дамытумен үзіліссіз тығыз байланыста болады. Ұғымдар жүйелі дұрыс дамытылғанда ғана оқушылардың ойлау деңгейлері жоғары болады, әрбір ұғымды теориялық биігінен көреді.  Мұнда күтілетін нәтиже жеке түлға құзырлығы. Құзырлық-тек кәсіби білімі емес,тұлғаның жалпы мәдениеттімен шығармашылық әлеуметін    дамыту қабілеті.Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынымен дамуы,ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері,еліміздің өркенниетті елдер қатарыннан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған  жоқ.Ақпараттық қоғамның негізгі талабы оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық –құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,ақпараттық технологияны өзіндік дамуы мен оны іске асыру құралы.

 Модульдік оқыту Тиімділігі әр оқушы сабақта сөйлейді, пәнге деген қызығушылық оянады. Уақыт үнемделеді, әр оқушы өз деңгейінде білім алады және деңгейін көтеруге мүмкіндік туады

 Жобалау технологиясы.Оқушылардың зерттеу  жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы.Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.Оқушылардың  сабақ түсіндіруге ынтасын оятады.

    Оқушылардың  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру формалары.

Толық бағдарлау мақсатында белгілі тауарды не бөлімді аяқтаған соң алынады. Ал, қаншалықты жаңа тақырыпты меңгергенін білу мақсатында, күнделікті теориялық сабақты өтер алдында 10-12 минутқа негізделген тестік бақылау алу қажет.      Математикалық диктант ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырады,ақпараттық қоғамға бейімдеу, Қазіргі кезең  математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет.Оқушылар өзбетімен орындауға тапсырмалар,әсіресе геометрия пәні бойынша аксиома,теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылар   абстрактілі ойлау қабілетін дамыту істері әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі.  «Мұғалім- оқушы», «оқушы –мұғалім» қарым- қатынасы  бір-біріне сыйластық,еркін пікір   алмасу   қалыптасады.Мұғалім оқушылардың талдауын тыңдап, олармен санасады. Оқушылардың ашқан жаңалығы –ең қуаныш әкелетін мезет. Білімді игеру,ізденіс,шығармашылық негізінде болады.Балалар өздерін сенімді, еркін ұстайды.Тіпті нашар оқушылар да жұмысқа құлшына кіріседі.Олар слайдтарға қызыға қарап сұрақтарға жауап береді.Сабақ өте көтерінкі көңіл күймен өтеді.Кез келген көрме кезінде балалар өте мұқиат,жинақы және тәртіпті отырады. Математика пәнінің мұғалімі үшін,өз пәнін терең білуі,күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын,әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара біліу іскерлігі, оқытудың ғылыми жетілдірілген,әдіс амалдарын,қүралдарын еркін меңгеруі математиканы оқытудың кәсіби шеберлігін көрсетеді.

 

Оқу жүйелері  білімді өздігінен игеруге негізделеді
Негізгі мазмұны Оқыту,үйрену, білім алу(«үйрену арқылы ғана білімді меңгеру ықтимал») деген қағида ұстанады.
Негізгі мақсаты Күнделікті болмысты   адам  мұқтаждарына сай өзгерту
Субьект Оқытушы мен оқушы
Обьект Қарым –қатынас, жаңа нәрсе үйрену
Оқытушының ролі Таным процесімен үйренуді ұйымдастырушы,жүргізуші, бағыт- бағдар сілтеуші,білімді өздігімен игеруші,өз қажеттіліктерін айқындаушы.
Оқушының ролі Белсенді,өз біліміне деген жауапкершілікті түсініуші, білімді өздігінен игеруші,өз қажеттіліктерін айқындаушы.
Оқытушы әрекеті -өзіндік әрекеттер мен көзқарас қалыптастыру мен дамыту,

-ақпаратты өздігінен игеру;

-талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құру;

-пікірталас жүргізе білу;

-өз сөзіне иландыру және бітімге келе білу.

Оқушы әрекеті – білімді өздігімен игереді;

-өз біліміне деген жауапкершілігі жоғары;

-олаға еш қысым жасаудың қажеті жоқ;

-бастамашыл, белсенді.

 

Оқу қоғамдастығының кәсібилікке бағытталған көшбасшысы-мұғалім. Осы орайда, білім беру үрдісінде сыни ойлау тәсілдерін қолдана отырып, тең құқылы қатысушылары, мұғалім мен оқушының диагностикалық іс-әрекетін жүзеге асыру механизмі маңызды болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы осы уақытқа дейін қолданыста болғанымен, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету іс-әрекеті дұрыс жолға қойылмаған.

Сыни ойлаудың тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың мотивациясын арттыру.Оқушылардың сабақтар жүйесінде сыни ойлаудың тәсілдерін қолдану арқылы оқу жетістіктерін  есепке алу, бақылау және формативті бағалауды жүргізу. Сауалнамалар қорытындыларына, оқушылар іс-әркеттеріне,оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесіне  диагностика жүргізу, талдау жасау арқылы мұғалімнің көзқарасын өзгерту.Сыныптың ағымды мотивациясы қандай?

Сыныптың мотивацияны қалай көтеруге болады?

Ол үшін оқушы ынтасын көтеру керек.Сонда ынта дегеніміз не деген сұрақ түрады.

Ынта (мотивация) — адамның белгілі бір іске ықыластана кірісіп, нәтижелі орындауға тырысуы. Ынта іске қызығушылықтың негізгі ұйытқысы болып саналады. Бұл туа берілетін қажеттіліктер (жоғарғы жүйке қызметінің өзіндік ерекшеліктері және т.б.) мен қоғамдық өмірдің, оның ішінде, мәдени ортаның ықпалынан болатын қажеттіліктерге байланысты. Қажеттілік адам бойында қоғамның, қоршаған ортаның ықпалынан пайда болады. Сондықтан адамның жұмысқа ынталылығы қалыптасқан әдетке байланысты. Ынта іс-әрекет кезінде қалыптасады. Оның ойынға, оқуға, еңбекке байланысты түрлері болады. Ынта істі ойдағыдай орындаудың шарты. Сондықтан баланы кішкентай кезден бастап пайдалы іске ынтасын тәрбиелеу — мектептің, отбасының ең негізгі міндеті. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқушы ынтасын көтеріп,  білім сапасының артуына әкеледі.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.сыын тұрғысынан ойлау дегеніміз – мұғалім бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, жан- жақты мағлұмат ала білуі, кейбір практикалық іскерліктердің қалыптасуы.

Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты. Эдвард Глейзер (1941) сыни тұрғыдан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:

  1. Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру.
  2. Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу.
  3. Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар

Сонымен қатар мұғалімдер мен оқушыларды логикалық ойлауға және қорытынды жасай білуге дағдыландырады.Себебі  мұғалім өз жұмысында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану, қолдану арқылы саналы қазіргі заман талаптарын орындай алатын ұрпақ тәрбиелейді.

Балалар мен ересектердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға, проблемаларды зерделеу және шешімдерді жекелей немесе топтарда қабылдауға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасы аталған үш негізгі элементке сүйенеді.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл, бұл одан кейін де әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлаудың қалыптасқан дағдыларынан басқа оқушы немесе мұғалім оларды практикалық жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс. Глейзер (1941) сыни тұрғыдан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды деп пайымдайды. Сыни тұрғыдан ойлау – өз ойынбағалау ниетінің болуы және оны істей білу, ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға қабілетті, білім құмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін дамытуды көздейді.

Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.

Қорыта айтқанда интерактивті құрал –жабдықтардың оқу процесіне еңгізгеннен бері оқушылар сабақ үстінде қызыға жұмыс жасайтындарын байқадым. Математикаға қабілеттері төмен, көп қызығушылық таныта қоймайтын оқушылар тақтамен жұмыс жасауды ұнатып,пәнге деген ынталарының, зейіндерінің арта түскенін көрдім. Елдің болашағы жастар демекші, мектеп қабырғасында жүрген жас жеткіншектерді жаңаша оқыту, тәрбиелеу қазіргі заман талабы. Қазіргі мектеп қабырғасынан шыққан шәкірт жан-жақты даярланған, өмірге бейімді азамат болып тәрбиеленуі мектептің басты міндеті.

Әрбір мектеп  оқытудың әртүрлі технологиялар мен әдістерді пайдалана отырып, қазіргі қоғамның экономикалық даму талабына сәйкес, интелектуалдық потенциалы жоғары шығармашылығы жоғары тұлға қалыптастыруға мүмкіндік жасап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *