Валеология сабағы “Дәрумендер”


Степногорск білім беру жанындағы МКҚК

№1 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі.

Кенегесова Жанна Джамиловна

 

Сабақтың мақсаты:Балаларға өсімдік шөптердің және жеміс-жидектердің тигізетін пайдасы туралы білімдерін кеңейту,денсаулықты сақтап,ауруды болдырмау шаралары көзделеді.

«Дәрумендер» ұғымымен таныстыру.

Ойлау,қабылдау,эмоционалды ықыластығын дамыту.

Көрнекілігі:Бейнежазба; ер балалар бейнеленген сурет;А,В,С дәрумендері қосылған азық-түліктер;шөптер түрі

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,жұмбақтар,сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

1-Балалар бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын.Кәне, бәріміз шаттық шеңбер құрып баршаны қуантайық.

Шаттанайық күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Болсын әр кез күн жарық,

Жайдарлы болып жүрейік.

 

-Балалар бізге электронды пошта келді.Кәне тексеріп көрейік, не бар екен.

  1. (Бейнежазбаны қою)

-Сәлеметсіңдерме балалар.Менің аты-жөнім   Динара Маратовна.Менің екі ұлым бар Арсен және Әділ.Олар біздің балабақшаға келеді.Олар жаман балалар емес:маған көмектеседі, ойнаған ойыншықтарын жинайды, жануарларды ренжітпейді,таңғы жаттығулар жасайды.Ең қырсықтығы тамақ жегенде Арсен еркелеп : «Жемеймін,жегім келмейді! Ботқаны жемеймін,сорпа дәмді емес!»

Сондықтан мен былай деп шештім «Солай ақ болсын!Жемесең қой!»

Арсен көп ауыратын бала болып қалды,ойнамайды,көмектеспейді,қайғылы ән тыңдайды.Неге менің балам осылай болып қалды,білуге көмектесіңдер.

(Бейнежазба ер балалар бейнеленген сурет көрсетіледі)

-Арсен қайсысы?Неге сендер олай деп шештіндер?(Ол арық,еңкіш,көңілсіз)

-Балалар сендерде Арсен сияқты болғыларын келе ме?

-Дені сау адам бұл……..(көңіл-күйі көтеріңкі,бақытты,қуанышты)

-Ауру адам бұл…….(мұңлы,көңіл-күйі жоқ,дене бітімі кішкентай)

3.Фитоорталыққа саяхат

Балалар сендердін араларыңда кім дәрілік шөптер туралы айтады?

(Балалар таныс шөптері жайлы әңгімейлейді түймедақ,итмұрын,алоэ,таңқурай,жөке.)

Балаларға фитошәй ішуге ұсынылады.

-Сендер білесіңдерме, дәрумен деген не?Қайдан оларды табамыз?(азық- түліктерден)

-Қане олармен жақын танысайық, сонда білеміз,қайда жасайтынын.

(үш бала шығады-А,В,С дәрумендері,әр түрлі түсті киімде-сары,қызыл,жасыл.)

 

 

 

 

А:Мен А дәруменімін.Мен сәбізбен,сары майда жасаймын.Мен көптеген көкөністерде және қызыл,сарғыш жеміс жидектерде жасаймын.Мені шешіп көріңдерші?(апельсин,мандарин,асқабақ,қызанақ……)Мені өсу мен көрудің дәрумені деп атайды.Ал сендер білесіңдерме егер адам А дәрумені бар азық-түлікті жемесе не болатынын?(көзі ауырады,адам нашар көре бастайды,сүйектері ақырын өседі,тістері шықпайды)

С:мен С дәруменімің қарақат,алма,пияз,лимон,қышқыл орамжапырақ ішінде жасаймын.Шаршамау үшін,күшті болу үшін,ауырмау үшін осы жеміс-жидектер көкөністерді жеу керек.

-Ал сенде қарақат ішінде жасайсынба?

В:мен сендерге ренжулімін , өйткені сендер қара нанды ақырына дейін жеп қоймайсындар, кейде мүлдем жемейсіндер!Мен В дәруменімін егерде мен тағамда болмасам, адам ұйықтай алмайды көп жылайды, және жүрегі онша істемейді.Дәрумен В нанда, бұршақта, арпа, тары, қарақұмық,сұлыда көп.

Міне көрдіңдерме ботқаның пайдасын!

(құрамында А,В,С бар азық-түліктерді қоюды ұсыну)

4.Сауалнама «Сен не жегенді жақсы көресің?»

5.Қаншама біз көп жаңалықтар білдік!Арсен және оның анасына көмектесу үшін бір шешімге келуіміз керек.Сондықтан біз дәрігерлер мәслихатын өткіземіз.

Кәне «Дәрумендер» сөзжұмбағын шешейік.

1.Бақшада өсетін өсімдіктерді бір сөзбен не дейміз?(көкөністер)

2.Осы ағаш гүлдерінен дәрілік қайнатпа жасауға болады ол ыстықты түсіреді.(жөке)

3.Үлкен көкөніс ,ішінде пайдалы дәні және А дәрумені бар.(Асқабақ)

4.Осы дәрілік өсімдіктің шырынынан тұмауды,жөтелді емдеуге болады,бұл өсімдік көп жыл жасайды,халық оны жүз жылдық десе,ғалымдар …..( алоэ)

5.Жаздай інге тығылып,жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,әкелді әжем бір күні.(сәбіз)

6.Бұл қышқыл,бірақ өте пайдалы жемістін сары қабығыңда С дәрумені көп.(лимон)

7.Осы жидек өсімдігінің жапырағы мен бұтағынан ыстықты түсіруге болады.(таңқурай)

8.Бір сөзбен ағашта өсетін өсімдіктерді не дейміз?(жеміс-жидектер)

Дәрігерлік мәслихаттың Арсенге беретін кеңестері.

-Дәрумендері бар азық-түлікті жеу

-Жеміс жидектері жуып жеу

-Шөптерді ретімен қолдану

-Тамақ жер алдында қолды жуу

-Енді сендер жер бетіндегі адамарға денсаулық,қуаныш,бақыт тілендер.

Барлық балалармен қонақтарға «Дәруменді шашлык» ұсыну.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *