Оқушылардың тілін коммуникативті түрде машықтандырып,шеберліктерін ойын арқылы жүзеге асыру  


Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Шағалалы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Бегалина А.С.

Қазіргі заман талабы бойынша әр мұғалімнің алдына  шығармашылықпен жұмыс жасап,білім сапасын арттыруда қойып отыр.Бұл мақсатқа мұғалім шеберлігін үнемі арттырап,қоғамның өмірге еніп отырған әр түрлі  жаңалықтарды тиімді пайдаланып,оқушылардың пәнге қызығуын арттыру арқылы  ғана жете алады.

Ең бірінші негізігі мәселелердің түйіндісін табуға дағдыланады.Оқушы өз бетімен ізденуге үйренеді,бағыт-бағдар алады.Сұрақ  қойып,сұрақтарға жауап беруге машықтанады.Тапқырлықа деген жан-жақты түсінігін аңғара отырып,ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады.

Одан идеясын ішкі астарына үңілуді,өзікті мәселеге терең барлауға бағыт беріледі.Ақпаратты саралауға,жүйелі жүргізуге дағдыланыды.Оқушылардың шығармашылығын белсенділіктері мен іскерліктін жүзеге асырамыз.

Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту,білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу,шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Шығармашылық қаситті адам баласының бойында қалыптастыруда өз өнерінің берері мол.Мектепте әдебиет сабағының өнер өкілдері мен туындылары кеңінен насихатталады.Ал оқушы өз өнерін өзі пір тұтып,өзісүйіп айналасуы тиіс.

Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек?Оның жолдары,әдіс-тәсілдері,мазмұны қандай?Оқушыларды сөз өнеріне баулу,үйрету ісін қолға алу үшін баланың қай жаста шығармашылық қабілеттерінің ашылу мүмкіндігі мол-соны таныстралық.

Төменгі және орта буынның шығармашылық дамуын бағыттап бағдарламаса,онда жоғары сыныпқа келгенде,көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп,тоқырап қалады.Сонымен орта буында оқушыларды сөз өнеріне баулап.Үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ;

-Өзім ең алдымен,сыныпта шығармашылық көңіл күй тудырамын,баланың назарын бір нәрсеге қызығушылықпен бағыттап аламын.

-әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыларға ұсыныстан бұрын түсіндірімен.

-кейінен сабақтан ой толғаныс бөлімінде шығармашылық жаттығу ойы тапсырмаларын мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дайындап қолданамын.

-кеінінен сабақтың ой толғаныс  бөлімінде шығармашылық жаттығу ойын тапсырмаларын мазмұны оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай дайындап қолданамын.

-тапсырманы-міндеттеп танысқаннан кейін бал жұмысқа кіріседі.

Сабақты сапаландыру мәселелері бойынша дәстүрлі сабақтардан гөрі ойын арқылы оқушыларды машықтандыру шығармашылықпен ізденіске баулитындай жұмыс құрудамын.

Осы еңбегімді бір нәтижеге келтіру үшін ұстанған проблемам мынандай «Оқушылардың тілін коммуникативті түрлде машықтандырып,шеберліктерін ойын арқылы жүзеге асыру»осы проблемам бойынша үш жыл жұмыс істеп жатырмын.

Мақсатым «Оқушының ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамытудағы рөлінің барын ашып көрсету,қосымша жұмыс түрлері мен әдебиеттер арқылы оқушының қызығушылық қабілетін дамытып,функционалдық  сауаттылығын қалыптастыру».

Міндеттерім:

1.Қазақ тілін үйрену деген қызығушылығын ойын арқылы ояту.

2.Тәрбиелі коммуникативті тұлға қалыптастыру.

3.Шығармашылық,зерттеушілік қабілетін арттыру.

4.Мақал-мәтел,қанатты сөздер,өлең сөздерінің нәрін түсіну.

5.Тілдің өмірге қажеттілігін саналарына жеткізу.

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту,дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесіне құрылып жатыр.Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісінде жүктеліп отырған жаңа талап,міндеттер оқытушыларға қойылып отыр.Сондықтан оқытушы іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру  бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бастауыш сыныпта пәндерді оқыту барысында теориялық білім негіздерін меңгертумен ғана шектелмей оқу үрдісінде оқушылардың шығармашыл әлеуетін дамыту,бәсекеге қабілетін арттыру,ақпаратты өзі  тауып өзі іздеп тәжірибесіне қолдана білуге үйрету өмір талабы болып отыр.Аталған қажеттіліктерін оқыту үрдісінде кей жағдайда іске аспауын қалыптасқан дәстүрлі оқыту жүйесі мүмкіндігін шектеулі екендігімен түсіндіруге болады. Бұл мәселе тек оқыту  үрдісінде оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру арқылы шешімін таппақ.Осындай тиімді оқыту тәсілдерінің бірі-ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалана  отырып оқыту.Ойын-оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.

«Ойын» ұғымыны түсініктеме берсек-бұл адамның мінез құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі.Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

-Ойын –сауық

-Коммуникативті немесе қарым-қатынастық

-Диагностикалық/ойын барысында өзін-өзі тану/

-Коррекциялық /өзін-өзі түзету/

-Әлеуметтендіру.

Ойын-адамның өміртанымның  алғашқы қадамы.Сондықтан ойын  арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.

Ойын үстінде бала санасын дамыту,тәрбиелеу,оқыту қатар жүргізіледі,оны бала белсенділікпен және асқан  ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан көптеген педагогтар ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу жайлы  айтады.Я.Коменский өзінің «Ұлы дидактикасында»баланың бойында  білімге деген құштарлықты арттыру үшін қажет деген ең қарапайым тәсілдің өзі табиғи болуы шарт.Оның үстінде осы тәсілмен қабілеттері оянуы үшін оны ақылдылықпен жандандырып,балаға жағымды еткізіп жеткізе білуі керек.Түсіндірілер сабақ қандай маңызды болса да,әңгімелесу,сайыс,жұмбақ жасыру немесе мысал  мен  аңыз мазмұнында өткізілгені жөн»деп жазды.Бұл арада  К.Ушинский «Ойын баласын-ойын үстінде үйрет»дегенін айта кеткен де орынды.

«Балардың ойлауын дамыту»туралы М.Жұмабаевтың еңбегінде ойлау жанның өте бір қиын терең ісі,жас балаға ойлау тым ауыр,сондықтан мұғалім ойната  отырып ойлантуға жүйелі сөйлеуге ұмтылдыру қажет. Ойнай жүріп балар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады,дербес шешім қабылдауға дағдыланады,ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады.Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар  айналасындағы адамдар олардың  әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын  белгісі келеді.Балалардың қиялын,ойлауын дамыту үшін түрлі ережелер  мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.Оқушының тілін дамытуда,сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін,дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді.Сабақта оқушының рөлдік ойындарда ойнау барысында іс әрекеті әлеуметтік сипат алады.Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге,батырға теңеп кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді.Ойынның ережелері ойнаушылардың қисында ой қабілетінің дамуы,бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды.Ойынның басты шарты жеңіске жету болса,әр ойыншының өзінің  қарсыласының мүмкіндегімен санасып,бір-біріне деген сенім арттырады.

Ойынның өзіне тән мотивтері болады.Мысалы:мазмұндық,рөлдік ойындар баланың бала өз қасиетін қалай қанағаттындыра алатынан,қандай қабілеті бар екнін байқап көреді.Ал,ақыл-ой ойындарына белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды.Ол ойындар баланың тапқырлығын,байқағыштығын,зйінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады.Оқытудың ойын формасын пайдалануда екі жақты байланыс байқалады,біріншіден ойнау үшін білу,үйрену қажет екіншіден ойнай  отырып өзіндік білім алуы,шығармашылық қабілетін арттыруы болып шығады.

Оқу үрдісінде –кеңінен қолданатын ойынның тағы бір түрі ол-дамытушы ойындар.Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып,оқуды қызықты етіп,білік,дағдыны қалыптастыру.Дамытушы ойындарға қойылатын талап –оқушыныңтанымдық әрекетін,қызығушылығын дамыту.

Бастауыш сынып еліктегіш,жаңаны жаны сүйгіш.Сондықтан мұғалім сабақ деген ынтасы артып,алған  білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу,мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап,білімді берік меңгеруіне көмектеседі.Өйткені ортанғы сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді.Ойын барысында балалар тез серігіп,тапсырманы жылдам,дәл орындауға тырысады. Ортанғы буын сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,сабаққа белсенді түрде қатысып,түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Қазақ тілінің әрбір тараудан кейін оқушының білімін тереңдетіп шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында қызықты ойындар ұйымдастырамын.Мысалы: «Мені түсін», «Сиқырлы қалам»т.б «Достық әзіл жұмбақтар»құрастыруда Сейдахметова Диананың шығармашылығына тоқталсам.

Көзді жұмып тақпақты,                  «Сен тимесең мен тиме»,

Беріліп тұрып айтады.                   Деп ол отырған

Кейіп алып қалпақты,                     Айтындаршы,балалар,ол кім? (Женя)

Түсте үйге қайтады. (Карина)

Ойынның негізгі-мақсаты баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту құралы болса,мұғалімнің міндеті сол ойын түрлерін пайдалана отырып өздігінен жұмыс істей білуге ой белсенділігімен тіл байлығын арттыра түсуге дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.Олай болса,ой-өрістің дамуына сызба түрінде тоқталсақ:

ОЙ-ӨРІС

Қимыл әрекет ойыны

Ұлттық ойын білімі,сауаттылығы логикалық ойын

ОЙЫН

Сөздік қоры

Дүние танымы кеңейеді

Пәнге қызығушылығы

Әрекет

Дидактикалық ойындарды оқытудың мазмұнына сәйкес түрлері 5 топқа бөлінеді.

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері

Ойын болжамдар.

Бұл ойын «Не болар еді», «Мен не істер едім,егер»деген сұрақтарға негізделеді.

Ойын саяхаттар.

«Олар ертегілерге ұқсас»

Ойын тапсырмалар.

«Бұл ойын негізін заттар мен әрекет сөздік тапсырмалар»құрайды.

Ойын әңгімелер.

Ойын құндылығы-олар эмоционалдық түрде белсендіруге,бір сөздікке,өз ара әрекет жасауға,бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Ойын жұмбақ.

Жұмбақтың негізгі ерекшілігі-логикалық астарында болады.Ойын барысында бала сол тақырыпқа сәйкес ізденеді,сол оқитын тақырыптың мазмұнын ашып ізденіпаздық әрекетін көрсетеді.

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындар түрлері

1.Дидактикалық ойындар

2.Сюжеттік рөлдік

3.Жаттығу

4.Драмалық

5.Шығармашылық

6.Әдеби музыкалық

7.Сергіту сәті

8.Ұлттық ойындар

9.Логикалық

10.Интелектуалдық

Осындай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып,білімді толық  игеруіне көмектеседі.

Оқушылардың жетістіктері:

Ойын –технологиясын пайдалану арқасында,оқушы жан-жақты болып қалыптасады.

Шығармашылық қабілетті дамиды.

Жүйелі сауатты сөйледі

Ізденімпаздық

Қиындықты жеңеді

Сабаққа деген қызығушылығы артады.

Саналы ойланады

Тапқырлық әрекет

Өздерін еркін сезінеді

Алға ұмтылады

Оқушы

Оқушылардың сөздік қорын байыту.Сол себептіосы тақырып бойынша үш жыл жұмыс жасап,үнемі ізденісте болдым.Бұл міндетті іс жүзінде асыруда сыныптың сабақтың шешуші рөл атқаратын белгілі.Өзім сабақ барысында оқушылардың сөздік қорын байыту үшін бірсыпыра әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.Баланың сөздік қорын байыту үшін,жаңа сөзді күнделікті өмірде орынды пайдалана білуі үшін мәнін,мағынасын жете түсіндіріп, белсенді сөздік қорын арттыры қажет.Қоршаған заттар мен құбылыстардың барлығы сөз арқылы жеткізіледі.Зат есім,сын есім,етістікті байланыстыра білу дағдылары қалыптастырлады.Мысалы:зат есім+сан есім+зат есім+етістік.Айша+екі +алма +алды.Сонымен қатар суреттер және ойын жаттығуларды,балаларға арналған әңгімелерді оқыту,ондағы кейіпкерлерді сынау,сұрақ-жауап беру,әр сөйлемге дұрыс сұрақ қоя білу,өзара бір-біріне сұрақ қою,әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сөз туындату,сөйлем құрау,шығармашылықпен қысқаша әңгіме құрастыру арқыл баланың тілі дамытылады.

Осылайша сабақта оқушылардың тілдерін дамыту жолдарын бірнеше салаға бөлуге болады:

1.Сурет

2.Ойын жаттығулары

3.Әңгімелерді оқу

4.Мәтін бойынща өзара сұрақ қою

5.Сұхбат құрастыру

6.Синонимдік қатарлар

7.Антонимдер

8.Сөйлем құрау

9.Шығармашылықпен қысқаша әңгіме құрастыру.

10.Әңгімелеу,сөз туындату.

11.Мақал-мәтел,жұмбақтар,сөзжұмбақтар арқылы.

Сурет арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.Сабақта оқушыларға жалпы өмірде күнделікті тұрмыста кездесетін жайларда дұрыс танытып,ой-өрісін кеңейтіп,сабақта сапалы игеруге және түсінгенін айтып беруге үйретуде сабақ тақырыбына көрнекі құралдардың дидактикалық материалдардың маңызы зор.Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар алдымен сөз,содан кейін сөйлем ойлап,ойын жүйелі,тұтас айта білуге төселеді.Сабақта тақырыпқа байланыстыра пайдаланған көрнекіліктен ұтарымыз көп.

1.Материалды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды.

2.Оқушылар жаңа сабақты,материалды оңай қабылдап,тез меңгереді.

3.Оқушылардың ынтасы артады.

4.Тіл ұстарту жұмысы еркін  жүзеге асады.

5.Сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады.

6.Сурет арқылы екі-үш сөзден сөйлем құрай алады.

7.Оқиғаға құрылған сурет бойынша оқушыға заттың атын,түсін ататқыза отырып,қимылын,көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып,әңгіме айтқызуға болады.

8.Мәтін мазмұнына байланысты берілген суреттер мәтінде баяндалған оқиғаны көзге елестету арқылы оның мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік жасайды.

Мысалы:1.Сурет-кім?қайда?не істеді?Сөйлем құрастыру.Азат дүкенге барды.

2.Тақырыптарға байланысты суреттер.

Мысалы:белгілі бір заттың атын атау,түсін,белгісін,сынын,сапасын,үлкен-кішілігін,тегін,көлемін т.б. Тақырыпқа байланысты ол суреттер мыналар:жемістер,ұлттық киімдер,көкөністер,азық-түліктер,жидектер,жануарлар т.б.

3.Мәтін, әңгіме,сұхбат,шығарма,мазмұндама жаздыруға арналған суреттер:жыл ақшасын.мезгілдері,сюжетті суреттер,табиғат аясында,пейзаж,мультфильм,ертегі мазмұнына қайта жаңғыртып,ондағы кейіпкерлерді сипаттау,сөйлету.

Ойын жаттығулары арқылы  оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.Осындай синонимдік қатарларға сөз тіркестерін және құрғызу.8-сынып оқулығында тақырыптарды алатын болсақ.Оны оқушыларға төмендегідей жолмен түсіндіруге болады.Абайдың «Бес нәрседен қашық бол,бес нәрсеге асық бол»атты өлең жолдарындағы бес асыл қасиетпен бес жаман қасиеттің мағынасын орыс сыныптарындағы балалар түсіне бермейді.Оны төмендегіндей жолмен түсіндіруге болады.Екі түрлі ағашқа сөздерді бөліп іледі,олардың мазмұнын синонимдік қатарлар арқылы түсіндіруге болады.

Өсек ,өтірік,бекер мал шашпақ,мақтаншақ,еріншек деген сөздердің жаман қасиеттер  екенін төмендегідей синонимдік қатарлар арқылы білеміз.

Өсек-ауызда тұрмау –көп сөйлеу

Өтірік-жалған

Мақтаншақ-көсемсеу-өзін-өзі мақтау.

Бекер мал шашпақ- босқа шашу

Еріншек-жалқау.

Талап-мұрат –мақсат.

Еңбек-жұмыс істеу.

Терең ой-ақыл-білім.

Қанағат-риза болу

Рақым-имандылық-қамқорлық-кешірімді болу.

Кез келген сабақ барысында осындай түсініксіз сөздерді түсіндіріп,сөздер есте сақталу үшін синонимдік,антонимдік қатарлардан ойындар өткіземін.

Ашық сабақта қолданған ойын сюжетін көрсетейін «Өз үйне қондыр» есімдіктерді дұрыс өз үйлерін тауып беру.Оқушылар қызығушылықтарын арттырып ойнайды. «Енесін тап» мұнда қаламмен енесін атауын,оның төлін сәйкестіріп әкелу.5-6 сынып оқушылары осы ойында ізденімпаздықпен тез тауып алады. «Күн мен түн»ойынды әр сабақта қолданамын сөздерді қалай жаттағанын көре алуға болады.Дарынды балармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады.Ол үшін алдымен бала бойында қабілеттілікті,бейімділікті тани білуіміз қажет.Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті,белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген.Бейімділік-бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналасуға бет бұрысы,оянып келе жатқан қабілетінің  алғашқы белгісі.Ал қабілет –іс-әректтің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.Белгілі психолог Н.С.Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:

*Ұқыптылық,жинақылық,зейінің тұрақтылығы,еңбек ету қабілетінің жоғарылығы;

*Ақыл -ой логикалық ойлауның тездігі,кез келген жағдайды талдап салыстыра білуі;

*Барлық күш-қуатын саралап жұмсап,тынымсыз еңбек етуі.

Алайда балаларды тани білу,олармен жүргізілетін жұмыс түрін жүйелі,орынды ұйымдастыру әр ұстаздың бала жанын дұрыс түсініп,үлкен педагогтік шеберлік көрсеткенінде ғана нәтиже бермек.Осы орайда бақылау жүргізіп отырған оқушының белсенділігіне,тапқырлығына,түсіндірілген материалдарды тез қабылдай алуына,берілген тапсырманы мұқият орындауы мен жауапкершілігіне,жанындағы жлдастарымен тез тіл табыса білуіне,сөйлеу шеберлігіне,сөздік қорының мөлшеріне тағы да басқа ерекшіліктеріне баса назар аударылған жөн.Міне,осындай бала бойындағы ерекше қабілеттері мен туа біткен қасиеттерін,соның ішінде дарындылық та бар,дамыту оқыту мен тәрбиелеу арқыл жүргізілетін жұмыстың түрлері мынадай:

1.Сыныптан тыс жұмыстар.

2.Пәнді тереңдетіп оқыту.

3.Жаңа технологияны қолдану.

4.Шығармалар байқауы.

5.Көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы.

6.Пән олимпиадасы.

Шығармашылық дарындылығын дамыту бағытында жүргізілген жұмыстарымның нәтижесі мынадай.

1.Оқушының ынтасын,қызығушылығын арттыру.

2.Өзіндік,дербес ізденуге үйретеді.

3.Көркемтуындыны өз бетімен оқуға,талдауға қабілеттерін арттыруға

4.Әдеби тілі дамып,шығармашылық қабілеттерін арттыру.

5.Алған білімдерін кеңейтіп,тереңдету.

6.Өз пікірін айтып қорғауға,басқаның пікірін саралап үйрету.

Сыныптан тыс жұмыстарды өткізуде халықтық педагогикалық құндылықтарына сүйене отырып тәрбие сағаттарының алуан  түрлерін өткіздім.Мысалы: «Ата Заң Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі»сынып сағатында оқушылардың Ата заңды білуі,парламент,үкімет,депутат,әнұран туралы білімдерді болуларына баса көңіл бөлемін.Оқушылардың әрбір Республика мерекелеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеуде атаулы даталар арналған сынып сағаттары өту мерзімділігіне үнемі қадағалап отырмын. «7-санының құпиясы»атты сынып сағатын өткіздім.Көшпенділер  ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді.Аптада жеті күн бар.Қауіп-қатерден аман қалған адам үшін не анасы,не жұбайы 7 шелпек пісіріп,садақаға 7 түрлі нәрсе таратуы да наным-түсініктен ғана тумаған құбылыс.7 атанды білу сонымен 7 санының қасиеті өте киелі екенін айтып тәрбиелейміз. «Имандылық-қастерлі қасиет»атты тәрбие сағатаның мұсылмандықтың бес парызы,имандылық қасиеттерінің екі негіздері.Мұхаммед пайғамбардың хадистері,ислам дінінің күнә деп санаған,қылмыс деп қараған іс-әрекеттер туралы айтылады. «Тіл ұлттың жаны,жүректің қаны» жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін,тіл ұлттың мұрасы екенін түсіне білуге,оны құрметтеуге,мақтан етуге қорғауғабаулу.Ана тілініңмқұдіреті туралы түсінігін кеңейту және дамыту. «Абай-дана,Абай-дара»әдебиеттік кеш ұйымдастырдым.Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығына тоқталып,өлеңдерімен,әндерін оқушылар нақышына келтіріп орындады.Абайдың өмірінен алынған сахналық көріністер қойылады.

Сондықтан әр ұстаз білім беру процесін ғылыми негізінде ұйымдастырудың маңыздылығын түсінуі қажет.Ең бастысы мониторинг жүргізу негіздерін  білуі керек.

Оқу процесі нәтижелігінің мониторингісі жасалған.

Қорыта келгенде,қазақ тілі орыс сыныптарында  оқу үрдісінде «ойын»түрлерін пайдалану,біріншіден,оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса,екіншіден,балардың сабаққа деген қызығушылығын,белсенділігін арттырып,білім сапасын көтеру болып табылады.

 

 

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *