Мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау тиімді


Саримова Алия Ахметжановна бастауыш сынып мұғалімі

Қызылтаң жалпы білім беретін орта мектебі, Качир ауданы, Павлодар облысы

Мұғалім тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарламас бұрын, алдымен бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасымен танысып, ондағы пәннің мазмұнын анықтап алады. Бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын құрайды. Осыдан орта мерзімді жоспарлау пайда болады. Орта мерзімді жоспарлаудың мақсаты: жұмыс кезеңдері тізбектеліп ұйымдастырылады, жеке сабақтың оқыту мен оқу мақсаттары белгіленеді, нәтижеге қол жеткізу үшін әрбір оқушыға бағытталады және оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болады. Осыдан ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс болады. Әрбір тізбектелген сабақтар топтамасынан кейін рефлексия жасалады, бұл мұғалімнің теориялық білімдерін дамытып қана қоймайды оның тәжірибесіне ықпал етеді, бағдарламадағы идеяларды енгізуге мүмкіндік беріп, практикада пайдалануын дамытады. Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпта «Маужырап барқыт қоңыр күз» тарауына әзірлеген өзімнің сабақтар топтамасын әріптестеріме ұсынғалы отырмын.

Пән мұғалімі: Саримова Алия Ахметжановна   Қызылтаң жалпы білім беретін орта мектебі, Качир ауданы, Павлодар облысы

Сабақтың тақырыбы:«Егіншілік дәстүрі» Бауыржан Момышұлы.

Пәні: Әдебиеттік оқу Сынып:3

Сабақтың мақсаттары: естелікті оқып , мазмұнын түсінуге, оның басқа шығарманың түрлерінен айырмашылығын ажыратуға үйрету. Оқушының егіншілік кәсібі туралы білімдерін кеңейте отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Мәтінді түсініп оқуға, негізгі идеяны анықтауға үйрету топтық жұмыста өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету

Міндеттері:

  • Егіншілік кәсібі жайлы жан -жақты ақпараттар жинайды;
  • Оқушылар мәтінмен таныса отырып, мәнерлеп оқуға, мәтінді әңгімелеуге, сипаттауға дағдыланады;
  • Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс жасауға, пікір алмасуға дағдыланады;
  • Оқушылардың сөздік қоры артады, сөйлеу тілі дамиды, өз ойын сыни тұрғыдан білдіруге дағдыланады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс:дүниетану

Құралдар: интербелсенді тақта, флипчарт, маркер,түсті қарындаштар мен фломастер,өшіргіш.

Әдіс-тәсілдер: «Айна», «Миға шабуыл әдісі»,топтастыру,мәнерлеп оқу, топтық әңгіме, пікірталас, «Дыбыстық портрет» әдісі,салыстыру.

Оқыту нәтижесі: естелік шығарманың басқа шығарманың түрлерінен айырмашылығын ажырата алады; Негізгі идеяны анықтай алады;

Сілтеме:әдебиеттік оқу 3-сынып Алматікітап 2014. Б.А Тұрғынбаева,З.Муфтибекова Түсіндірме сөздігі. Алматы 2008.Т.Жанұзақов.

Материалды толық көшіру

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *