Мақала “ІІІ-деңгейлік курстың берері зор”


Саримова Алия Ахметжановна бастауыш сынып мұғалімі

Қызылтаң жалпы білім беретін орта мектебі, Качир ауданы, Павлодар облысы

 

Негізі адам баласы туғаннан бәрін білуге құмарланып тұрады. Егер біз жаңа бірнәрсе туралы ести, байқай қалсақ, ол жайлы білгенімізше асығамыз. Сондықтан мен де ІІІ деңгейлік курс жайлы курсқа барып келген әріптестерімнен естіп, барғанымша асықтым.

Курсқа келгендегі мақсатым – бағдарламаның негізгі идеясын түсініп, меңгеріп оқушыларға қазіргі заман талабына сай терең білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету және тәрбиелеу болды.

Алғашқы күні курска келгенде бүгін не істейді екенбіз, қалай, қандай болады екен деген сұрақтар өзіме қоя бердім. Сол күні «Есімдеріңді есіңе сақта!» әдісі арқылы әріптестеріммен таныстым және топтың ережесін құрудан бастадық. Бірінші «Бетпе-бет» оқыту кезеңінде Бағдарламаның сындарлы оқытуға негізделгені мен мақсатымен танысқанда курстан алатыным көп екенін түсіндім.

Күнделікті бағдарламаның жеті модуль идеясымен таныса отыра, менде өзгеріс басталды. Мен, бұл өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң әсер беруі тиіс деп ойладым. Нәтижесінде «Қалай оқу керектігін үйрену», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Диалогтік оқыту», Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» модульдерін тереңірек түсінуіме ЖАДА, әріптестерімнің ойлары және тренеріміздің сенімі ықпал етті. Сонымен қоса өткен тәжірибеме көз алдыма елестетсем, қаншама іс-әрекеттерімнің дұрыс емес екенін түсіндім, дәстүрлі сабақ беру оң нәтиже әкелмейтініне көзім жетті. Бүгінгі мұғалімнің алдында көптеген міндет пен жауапкершілік күтіп тұрғанын және оны бағдарлама арқылы шешуге болатынын білдім. Оқушыларды жаңаша оқыту үшін, алдымен өзімнен бастауым керек. Осыған дейін менің жұмысымда қалай болды? Дәстүрлі мұғалім және қазіргі мұғалімнің айырмашылығы неде? –деген сұрақтарға жауап іздедім. Дәстүрлі педагогика мен жаңа педагогика арасында көп өзгеріс бар. Дәстүрлі оқытуда оқушы оқулықтағы дайын білімді жаттанды әдіс арқылы меңгереді, сабақ барысында тек белсенді үш-төрт оқушы сабаққа жауап береді, оқушы мұғалім көмегіне жүгінеді, өз бетінше ойын толық айта алмайды, мұғалім өзі ғана бағалайды, оқушы пікірімен санаспайды. Бұрын дәстүрлі сабақ беруде мен былай жоспарлайтын едім: 1) Ұйымдастырушылық кезең; 2) Оқушылардың үй тапсырмасын сұрау; 3) Жаңа оқу материалын түсіндіру; 4) Бекіту; 5) Үйге тапсырма беру. 6) Бағалау

Ал,жаңа педагогикада Блум таксомониясының оқу мақсаттарының негізі категориялары бойынша : 1) Білім; 2) Түсіну; 3) Қолдану; 4) Талдау; 5) Жинақтау; 6) Бағалау бойынша жоспарлайтын болдым. Оқушы қалай және қайтіп оқуды біледі, мәтінге байланысты сыни көзқарасы қалыптасады, өзіндік пікірі дамиды, ой қорытуға дағдыланады, өзін – өзі реттеу,өзгені сыйлауға бейімделеді, өзін де, өзгені де бағалай алатын болады.

Мектепке келгенде оқушыларым , әріптестерім қалай қабылдайды екен деген ойда болдым. Ал қазір мен жетекшілік ететін 3-сыныбымда «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру» мәселесі бойынша зерттеу жұмысымда өзгерістерді көріп қуанамын. Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы «Диалогтік оқыту» әдісін қолдана алады, өз ойларын еркін айтуға, басқа оқушылардың пікірін тыңдауға, жоғары деңгейлі сұрақтар қоюға, жұппен жұмыс жасауға, формативті бағалай алатын болды. Жеті модульдің тиімділігі, тізбектелген сабақтар жоспарындағы жаңа әдіс – тәсілдер пайдалану арқылы оқу үдерісінің айырмашылығын және оқушының білім-білік дағдыларына, ойлау қабілеттерінде, мысалдарды қандай деңгейде меңгере алатындығын, сабаққа деген қызығушылығы қалай артатыны жайлы өзгерістерді байқадым. Менің 3-сыныбымда11оқушы бар. Оның 6-уы ұл бала, 5-еуі қыз бала. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары, білімдері де әр түрлі.

Тізбектелген сабақтар топтамасынан әдебиеттік оқудан 3-сыныпта сабақ өткізгенде, сабақта тыныш отыратын оқушыны мадақтап, ал сабақ барысында тынышсыз отыратын оқушыларға ескерту айтып қалыптасып қалғанбыз. Ол менің қателігім болды. Сабақта оқушыларды формативті бағалау түрлерімен бағалау кезінде, оқушыларға өте қызықты болады. Оқушылармен сабақ барысында не жайлы оқып білетінімізді анықтау үшін және олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып алып отырамын. Тізбектелген сабақтар жоспарының күнделікті ұйымдастыру кезеңінде әртүрлі тренингтер орындаймыз. Тренинг арқылы сыныптағы психологиялық климаттың өзгеруі менің оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыруға оң әсер етеді. Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруда тренингтің маңызы зор. Сыныпты топқа бөлуде, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін мақал-мәтелдер жалғасын табу, суреттер арқылы топтастыру, сандық реттер негізінде топқа бөліп отырамын. Оқушылар топтық жұмыс жасау кезінде, жауапкершілікті сезінеді, оқушылар постер салып, оны қорғай біледі. Топбасшының белсенділігі артып, оның ұйымдастырушылық қабілеті арқылы оқушылардың да белсенділігі артты. Топтық әдіс оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, сыйластығын, жауапкершілігін сезуге ықпал етеді.

Дәстүрлі сабақ барысындағы «тыныш оқушының» сабаққа деген қызығушылығы артады. Тізбектелген сабақтар топтамасына жоспар құра отырып, «Нені, қалай және қайтіп?» өзгертемін деген ойда боламын. Кез келген сабақты қызықты, тартымды өткізуім керек. Ол үшін мен әрбір сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатыным сабақты жоспарлағанда оқушыға лайықты материалды аламын. Ал бұрынғы сабақтарымда оқушылар оқулықтағы дайын материалмен, яғни дайын жауаппен қанағаттанатын. Ойлау, іздену дағдысын қалыптастырмайтын. Осы бағдарламаны меңгеруде, сұрақ қою жүйесін үйрендім. Жоғары деңгейлі сұрақ қою арқылы оқушылар ой-өрісін дамытады, сыни ойлану, ой қорыту, ой түйіндеу мақсатында алар орны ерекше екендігін пайымдадым.

Не үшін? Не мақсатпен? Неліктен? Қалай? Не себепті? деген сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың сыни ойлауға жетелеймін. Менің бұл жерде байқағаным, оқушылардың бұл өзгеріске оң көзбен қарағандығы. Оқушылардан үй тапсырмасын сұрағанда, сұрақ- жауап әдісі арқылы өз білімдерін толықтыру мақсатында қосымша берген материалдардан сұрап отырамын. Оқушылармен диалог тәсілін қолдану арқылы жаңа тақырыпқа шығып отырамын. Мәтінмен жұмыс барысында да сыни ойлауға арналған сұрақтар қойып отырамын.Топтық жұмыс барысында мәтіннің мазмұнына сүйене келе бірнеше тапсырманы талқылаймыз. Талқылауға уақыт беріп отырамын. Оқушылар тапсырманы жақсы түсінеді. Әр сабақтың соңында рефлексия жасаймыз, сол рефлексия бойынша оқушылар қысқаша өзінің ойын жазып отырады. Осыдан білгенім, жаңа бағдарламаны меңгеруде бағдарлама стратегияларының оқушыларыма жақсы әсер етіп жатқаны. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер әр баланың өз мүмкіндігіне қарай ойын айтуға, жазуға, дағдыландырады.Сабақтағы ынтымақтастық атмосфераны анықтау үшін, топты әр түрлі тәсілмен бөліп отырамын. Алдыңғы сабақта суретті топтастыру арқылы бөлсем, келесі сабақтарда мақал-мәтелдер мағынасына қарай,«Төрт арқа» әдісі арқылы , «Айна» тренингі арқылы және т.б.бөлемін. Бұрынғы сабақтарда топқа өздері бөлініп отыратын, онда үлгерімі төмен оқушылар, жақсы оқитын оқушылар біріңғай бөлініп алатын.Оқушыларды оқыту үдерісі арқылы мен өзімнің қызметімде оқушы оқып жатқан пәннің құраушы бөлігінде емес, шынайы өмір арасындағы өзара байланыстырды анықтай алатын және әлемді өзгеше қырынан қарап,танып білетіні туралы білдім.

Тізбектелген сабақтар топтамасына сыни тұрғыдан ойлау идеясын енгізуде бала ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағыт алады.

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» модулінің идеясы арқылы оқушыларды өз – өзін, басқаны топты бағалауды үйренді. Бағалау – білімді тексерудегі күтілетін нәтиже. Бағалаудың мақсаты оқушының қай деңгейде тұрғандығын білу, білімін тексеру, алдағы мақсатқа жетелеу. Бағалау үшін оқушының нені білетінін,қандай қиындық болуы мүмкін

екенін бақылау керек. Бағалауды мұғалімнің өзі жүргізуі дұрыс емес екенін түсіндім. Бала бағалауға өз пікірін айтуға, достарының пікірі, мұғалімнің критерийлеріне сәйкес болуы шарт. Басқа тапсырмаларға қарағанда осы жауап алу үдерісін бағалау және жалпы бағалау туралы тақырыптарында ешқандай қиындық тумайды деп пайымдаған едім,бірақ ең қиыны, маған бағалау болып шықты. Бұл біз білетін бұрынғы бағалау емес. Біз бұрын жаңа тақырып өткенде немесе үй тапсырмасын сұрағанда жауап берсе болды, оқушы тақырыпты айтып берсе болды, бағасын қойып жібере салатынбыз. Менің ұққаным, бағалау- өте күрделі екен , тіпті тапсырмалардың ішінде ең маңыздысы десем де болады. Өйткені бағалау арқылы оқушылардың ынтасын арттыруға, оларды қорытындылауға, оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ең шешуші фактор деп есептеймін.Бағалау тек қана баға қою емес. Бағалау жүйесінде топтық және жұптық бағалау, топ басшысының бағасы, өзін-өзі бағалау түрлерін қолданамын. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш шапалақ», «Бағдаршам», «Басбармақ» негізінде бағалау оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың белсенділігін арттырады. Мысалы, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» атты модуль маған қатты әсер етті, бұл тақырыптан кейін мен баға қоюда ойланатын болдым. Қаншалықты мен оқушының білімін бұрын бағалап жүріппін?,- деген сұраққа жауапты осы тақырыптан алдым.

Білім беруде «Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды» қолдануда баланың ой-өрісін, танымын, сабаққа деген қызығушылығын артады. Жаңа педагогикада оқушылар нені біліуді және нені еске сақтауды шешеді. Мұғалім оқушыларға ақпаратты бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі; оқушылар дискке жазады және желіде жариялайды; оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады.

Дәстүрлі педагогикада –кітапта қанша бар болса, сонша және мұғалім қанша айтса, сонша білу, анық қолмен жазылған есеп, оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі, оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады, және мұғалімге ғана оқуға болады. Қоғамда ақпараттық технологиялар күннен күнге дамып өрістеп келеді. АКТ қолдану арқылы біз сабағымыздың дәстүрлі сабақтардан көптеген айырмашылығы бар екенін түсіндім.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Дәстүрлі сабақтарда көбінесе сыныптағы көшбасшы көп жағдайда мұғалім деп саналған. Сыныптағы көшбасшы – оқушылар болуы тиіс. Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беруде мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.

Ғылыми зерттеу нәтижелері осы модульдің ішінде диалогтің маңызды роль атқаратынын көрсетті. Диалогтік оқыту оқушыларға және

сабақтағы оқу үрдісіне қатысты сыныпта шешуші рөл алады. Оқушыларға әлі де болса, өзі орындай алмайтын тапсырмаларды орындау үшін оларға мұғалімнің, қабілетті оқушылардың, үлкендердің көмегі қажет. Сыныптағы оқушылардың бірлескен әңгімелесу көп пайда әкеледі. Оқушылар тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтады. Әр оқушының өз пікірі сақталады. Сөйлеу, ойлау еркіндігі оқушының ақыл-ойын, қабілетін дамиды. Диалогтік оқытуды сыныпта жұптық, топтық және жеке тапсырмалар, сауалнамалар ретінде қарастырамын. Тапсырманы жеке, жұппен, топпен орындаған кезде басқаның пікірін тыңдау, ауызекі сөз, сөйлеу, талқылау және дәлелдемелер келтіру кезінде де оқушы білім алады. Рефлексия немесе кері байланыс жүргізу-оқушылар үшін қызықты үдеріс болуда.Өз пікірлерін білдіре отырып, қазіргі уақытта сабақ жүйесін құрастыру үшін маған үлкен көмек болуда. Рефлексивті білім беруге балалардың не үйренгендері жайында сыни тұрғыдан ойлауы, барлық модульді пайдалану арқылы келешекте оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді. Өз білімімді жетілдіру нәтижесінде өз сабақтарыма көптеген өзгерістер енгізудемін деп ойлаймын. Әр сабағым бір жерінен жақсы нәтиже беріп отырды деп сенемін. Жеті модуль идеясын сабағыма үйренген әдіс-тәсілдер арқылы дамыта отырып, жұмыстың жаңа жолдарын қараймын. Тәжірибені әрі қарай өзгерту үшін, оқушыларымның бойына өзгеріс енгізетін идеялардың тиімді жақтарын көру мақсатында, белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.

«Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысын жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан нәтижелі болып,әріптестерін қызықтыра алса, онда ол өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады. Басқаша айтқанда мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *