«Ғасыр да жаңа, ой да жаңа» атты интелектуальдық танымдық сайыс


Сәлімгереева Ақмарал Бақтыгерейқызы
Атырау аграрлы-техникалық колледжі, химия-биология пәні мұғалімі

Сабақтан тыс шараның жоспары «Биология»пәнінен

Мақсаты:

Білімділік:
Биология  пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына    ғылыми         тұрғыдан түсінік беріп, студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:
Студенттердің ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру  және      қосымша материалдармен еркін сөйлеуге баулу, талдауға дағдыландыру,өзбетімен жұмыс жасау арқылы білімдерін арттыру.

Тәрбиелік:  Жастарды өз бетімен өзін- өзі тәрбиелеуге, сыйластыққа баулу. Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке,іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.Өсімдік әлемін қорғауға, мамандықтарына, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
Түрі: Сайыс

Көрнекілігі:   слайдтар, тігілген кесте, тапсырмалар, макет,т.б.

Техникалық құрал:Компьютер, интербелсенді тақта

 

Жүргізуші:

-Уа халайық халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде,

Биология елінде

Биология тілінде

Есеп шешіп жарысып.

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

«Құрметті ұстаздар мен студенттер! «Ғасыр да жаңа, ой да жаңа» атты сайысты  бастауға рұқсат етіңіздер!

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Күш- өнер, Білімменен алысуға

Бар өнерді салайық, ортамызға

Ал қанеки, кім шығады сайысуға?

Әр топты ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырамыз, сайыс алты кезеңнен тұрады.

1 кезең- «Таныстыру» (команданың атын қорғау, төс белгісі, слайд)

2 кезең-“Айтқанды ұғамыз, Білуге құштармыз!” (Жұмбақтың жауабын тауып үш тілде айту)

3кезең-“Біз өнерлі халықпыз”(Шығармашылық жұмысстуденттер өз шеберліктерін ортаға салып, үй тапсырмасын қорғау)

4 кезең- а)«Егер де мен»(Егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз,онда… )

б). «Егер мен ақын болсам…»(Өлең жолдарымен табиғатты жырлау.)

5 кезең-«Гүлдердің атауын тап!»(Суреттегі гүлдердің атауын табу).

6 кезең – «Ойлы болсаң, озып көр» (Капитандар сайысы)

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!- демекші, қатысушылардын  еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік.

 

Жүргізуші:

1 кезең – Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Өзімізді таныстырып тастайық – келесі сөз кезегін, «Болашақ», «Жасылел» командаларына береміз (Таныстыру). (5 бал)

Жүргізуші:

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт –деп келе екинши кезеңге өтейік.

 

2 кезең-“Айтқанды ұғамыз, Білуге құштармыз!” бұл бөлімде берілген жұмбақтың шешуін қазақша, орысша, ағылшынша айту керек.(1Бал)

1) Туған жердің белбеуі.

Шұбатылып қалыпты

Керемет- ау кернеуі –

Тасты кесіп жарыпты.

( өзен, река,River, риве).

2.Басы доғал,

Мұрты бар,

Аузы апандай,

Ұрты бар.

Түрі китке ұқсайды,

Терең судан шықпайды.

(Жайын, сом, Sheat,шит)

 

 

3.Сулы жерді мекендеп,

Құрлықта да секеңдеп,

Шыбын-шіркей аңдиды,

Жемге қашан жетем деп.

(Бақа,Легушка,frog,фрог)

4.Жымыңдатып көздерін,

Түнде алыстан жанады.

Таң атқанда өздері,

Жасырынып қалады.

(Жұлдыздар, звезда, stars,старс)

5.Көкке қарап наздана

Қолын созар күнімен.

Күз,

Қыс,

Көктем,

Жазда да

Өзгермес бір түрінен.

(Шырша, елка, fir-tree,фри три)

6.Жолбарыстан аумайды,

Пеш түбінде аунайды.

(мысық, кошка,cat,кэт)

7.Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(қоян, заяц, rabbit,ребит)

8.Күші десең күші бар,

Тісі десең, тісі бар.

Торуылдап ауылды,

Түнде жортар ісі бар.

(қасқыр, волк, wolf,вулф)

9.Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

(әтеш,петух, cock,кок)

10.Үшқаны қызық жалпылдап,

Өзі  сондай қарқылдақ.

(Қарға,Ворын,Crow,креу)

 

11.

Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді.

(ауа, воздух, air,эар)

12.Қабат-қабат киінген,

Төбе шашы түйілген.

Шешіндірген кезенде,

Жас тұрады көзінде,

(Пияз,лук,onion)

13.Ұшады,

Қонады,

Гүлдердің қонағы.

Қысында көрінбей,

Жазыңда болады.

Түр-түсі сары ала,

Не нәрсе?-

(Бал ара,Пчела,Вее,би)

 

14.Жоқ тігетін жейдесі,

Жоқ үзілген туймесі.

Жібі де жоқ, алайда

Толып жатыр инесі.

(Кірпі,ежёк,Hedgehog,хэджхог)

15.Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

(Ағаш,дерева,tree,три)

Жургізуші:

Өмірменен білімді,

Әркімнің өз жолы бар

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар

 

3 кезең-“Біз өнерлі халықпыз” шығармашылық жұмыс,тақырыпқа сай өлеңдер жазу,сурет салу,қолөнер бұйымындайындау.Өз жұмыстарын қорғай білу,жоғары бал(5 бал)

 

4 кезең- а)«Егер де мен»(Егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз,онда… )

Қазақстанға мұнайдың пайдасымен зияны 10 бал

б) «Егер мен ақын болсам…»(Өлең жолдарымен табиғатты жырлау.)

 

«Гүл» дегенің жүрегі ғой даланың.

Сұлулығы туған жердің қаланың,

Жан тербейтін нәзік сұлу гүлдерді,

Күтіп- баптап аялайтын баламыз-

5 кезең-«Гүлдердің атауын тап!»(суреттегі гүлдердің атауын табу) әр дұрыс тапқан жауапқа 3 бал.

Жургізуші:

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа .
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына-дей келе 6 шы бөлім, бұл бөлім  «Ойлы болсаң, озып көр»деп аталады,топ басшысы теріс қарап тұрады,ал қалған студенттер тақтаға шыққан суреттерді кезекпен  кезек топ  басшысына түсіндіреді. Суретті айтпайды басқа жағынан түсіндіреді.(1 бал)

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену  жалықпау.

Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңіз.

Әділ қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме. Жеңімпаз топ марапатталады.

Жүргізуші

Мінеки, сайысымыздың аяқталуына да бірнеше секундтар қалды. Ендеше сөз кезегі әділқазыларда (Әділқазылар баға беріп, сыйлықтарын тапсырады). Осымен биология пәнінен өткен «Ғасыр да жаңа, ой да жаңа»  сайысымызды жабық деп жарялаймын.Қатысқандарыңыз үшін көп – көп рахмет!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *