Сабақ жоспары “Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармашылығы”


Райбекова Мақпал Өмірзаққызы

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі оқытушысы

Құзыреттілікті қалыптастырудағы сабақтың негізгі мақсаты:

Базалық: Қазіргі заман ағымына қарай білім берудегі мақсат — өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, қоғам мүддесіне үлес қосуда өзін — өзі белсенді етуге дайын, басекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Кәсіптік: Оқушылар бойында ХІХ ғ. қазақ әдебиетінің даму тарихын білу барысында айтылым дағдыларын қалыптастырады, өмірлік жағдайларда әдеби сауатты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызу, оқушы бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуітін іске асыруына ықпал ету. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, өз сабақтарымда сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдылары меңгертіп, оқушылардың жеке тұлға ретінде өздеріне деген сенімділігін арттырып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Коммуникативтік: Оқушыларға ақынның шығармашылығы жайында жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.

Проблеманы шешу:                      

             студенттерді өз бетінше талдауға;

             өз қызметіне мақсат қоюға;

             жоспарлауға, жинақтауға;

             қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;

             өзін-өзі бағалауға;

             өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

             нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға үйрету

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларымен таныстыра отырып, шығармаларының құндылығы, маңызы туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік: Өз елін өткен тарихын, ұлтын, әдебиетін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Әдептілікке, адамгершілікке баулу.

Дамытушылық: М.Сұлтанқожаұлының шығармалары жайлы өз пікірін білдіре отырып, тілдерін жетілдіру, өзіндік пікірін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағды қалыптастыру

Сабақтың түрі: Практикалық

Оқытудың технологиясы: НЗМ іс-тәжірибесінде қолданатын әдіс-тәсілдер бойынша Болжам етілетін нәтиже: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін күнделікті қажеттілік барысында , коммуникативтік қарым-қатынаста

Пәнаралық байланыс: География,тарих

ІІ блок «Сабақтың жабдықталуы»

Қолданылатын дидактикалық материалдар:

Таратпа материалдар: Оқылым мәтіндері

Негізгі әдебиеттер:

1.С.Қирабаев,Ұ.Әділ, К.Құрманбай, С.Дүйсебаев, Б.Әріпова. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2010 ж

2.З.Ахметов, Ұ.Асыл. Қазақ әдебиеті, хрестоматия.Алматы, «Мектеп» баспасы,2010ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Г.Умарова, С.Шарабасов. Қазақ әдебиетінің тарихы.2007ж
  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 6/2015

Қолданылатын техникалық құралдар: оқулықтар, ноутбук, интербелсенді тақта

ІІІ Блок «Ұйымдастыру – рефлекциялық»

І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация

  • Оқушылармен амандасу;
  • Оқушыларды түгендеу;
  • Сабаққа назарын аудару;

ІІ. Сабақтың тақырыбы

Мақсаттың қойылуы : Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармашылығы

III. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Шортанбай Қанайұлы өмірі
  2. Шығармашылығы, өлеңдерінің негізгі тақырыптары
  3. Өлеңдеріндегі « зар – заман» көріністері
  4. Шығармаларының көркемдік ерекшелігі
  1. Жаңа білімді меңгерту

Жаңа сабақтың мақсаты:

  1. Майлықожа Сұлтанқожаұлы өмірі;
  2. Шығармаларының жарық көруі;
  3. Өлеңдері

Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Мұсылманша сауатты болған ол ержеткен соң көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен. 14 жасқа толғанда әкесі мен шешесі бірдей қайтыс болып, жетімдік күй кешеді. Өмірдің ауыртпалығын көп көреді. Ел ақындарымен кездесіп, сөз өнерін үйренеді. Өз бетінше сауат ашып, Шығыс әдебиетін оқиды. Бұқар, Самарқан, Ташкент сияқты мәдениет орталықтарында болып, Шығыс әдебиетіне, әсіресе, Науаи, Фирдоуси, Низами шығармаларына ден қояды. Сүйінбай, Жаныс (қырғыз ақыны), Құлыншақ сияқты белгілі ақындармен кездесіп, айтысқан. Ақын 1898 жылы қайтыс болды.

Шығармаларының жарық көруі:

  1. Сүйінбаймен сөз қағыстыруы 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Өлеңнің жалпы көлемі 68 жол.
  2. 1883 жылы Ташкент қаласынан шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» атты өлеңдері жарияланды.

Шығармалары: «Ілімге толса көкірек», «Жақсы болсын жұбайың», «Ұрлықтың түбі – қорлық-ты», «Ер көгерер дұғамен», «Аңғарып көрсем байымдап», «Үш жігіт», «Қасқыр», «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға», «Дүниеге мейман көңілім», «Есі кеткен ел байғұс», «Уа, замана» т.б.

Өлеңдерінің тақырыптары:

  1. Адамгершілікке үндеген нақыл өлеңдері: «Райымқұлға» өлеңінде ұнамсыз мінез – құлықтарды сынап, мықтылардың елді зарлатып, түлкіше алдап, сүліктей сорып, зұлымдық істеп жүргендерін әшкерелейді. «Қасқыр» атты өлеңінде өзі тойса да, көзі тоймайтындарды қасқыр мінезді жыртқыш кейпінде суреттеп, ажуа етеді. Оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат қылмау – адамның бойындағы ең жаман қасиеттер деп ұққан ақын өзінің «Үш жігіт», «Аңқау мен қу» толғауларында да осы жағымсыз мінездерді сынайды.
  2. Еңбек тақырыбын жырлаған Майлықожа болашақтың қандай болмағы бүгінгі еткен еңбекке байланысты екенін ескертіп, жастарды кәсіпке, диқаншылыққа үндейді. «Бұлбұл» өлеңінде күнді босқа өткізбей, табыс табуды насихаттайды. Қыс қамын жаз күндері жасау керектігін ескертеді.
  3. Табиғат лирикасына арнап «Жылдың төрт мезгілі» атты жырында жаз, күз, қыс, көктем – бәрі де адам тұрмысымен, шаруа кәсібімен ұштастырыла бейнелейді.
  1. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

І. Өлеңдерінен үзінді оқып, мазмұнын талдау.

«Ұрлықтың түбі – қорлық-ты» өлеңінде өтірік айту, ұрлық істеу мұсылмандыққа жат, ондай адамның жаны азапқа түседі дегенді айтады.

«Есі кеткен ел байғұс» өлеңінде елді басқарып отырған би, болыс, әкімдерді шенеп, билікке таласқанын айта отырып, халықтың жағдайын ойлап жатқан адам жоқ деп күйінеді.

«Ілімге толса көкірек» толғауында «ілімге,білімге ден қойсаң санаң ашылады» деп білімді, сөз өнерді айрықша бағалайды.

ІІ.Кесте толтыру

Майлықожа өлеңдерінен үзінді Өлеңдерінің мазмұны, тақырыбы
«Ұрлықтың түбі – қорлық-ты» Өтірік айтпауға, адал болуға, ұрлық жасамауға шақырады.
Ілімге толса көкірек

Ашылар көзі санаңның

Білімді болсаң көп нәрсеге қол жеткізуге болады, барлық нәрсе білімде дейді.
Жігіттің көркі – өнері  
Жақсылардан шыққан сөз,

Алтынды гауһар бедерлі.

 
Бақ пен дәулет тең келсе,

Адамның толар кемелі.

 
Жақсының жолы жарық күн,

Жаманның жолы – көмескі.

 
Сабыр – ақыл серігі,

Сабырсыз болма асығып.

 

ҮI. Алған білімді бекіту

Тест тапсырмалары

  1. Майлықожаның қай өңірде дүниеге келгенін белгілеңіз:

А) Қарақұм

В) Қызылқұм

С) Аққұм

Д) Сарыағаш

Е) Сарыөзек

  1. Майлықожа әкесінен неше жасында жетім қалды?

А) Он бес

В) Он төрт

С) Он сегіз

Д) Он үш

Е) Жиырма

  1. Ақылды жігіт, адал жүр,

Ұрлықты қылып мақтанба. Үзінді қай өлеңінен алынғанын табыңыз.

А) «Жақсы болса жұбайың»

В) «Ұрлықтың түбі – қорлық-ты»

С) «Толғау»

Д) «Насихат»

Е) «Ақыл»

  1. Майлықожа Сұлтанқожаұлы қай жылдар аралығында өмір сүргенін белгілеңіз:

А) 1777-1864

В) 1835-1865

С) 1835-1898

Д) 1905-1946

Е) 1809-1872

  1. 5. Майлықожаның туған жерін көрсетіңіз:

А) Шығыс Қазақстан

В) Оңтүстік Қазақстан облысы

С) Батыс Қазақстан облысы

Д) Солтүстік Қазақстан облысы

Е) Орталық Қазақстан облысы

  1. «Ілімге толса көкірек» толғауы не жайлы екенін белгілеңіз:

А) байлардың қанауы

В) жетімдік жайлы

С) махаббат жайлы

Д) адам ағзасы туралы

Е) өнер – білім туралы

  1. Кейбір толғаулары қандай жинақта жарық көргенін табыңыз.

А) «Абай»

В) «Дастандар»

С) «Қырғыз хрестоматиясы»

Д) «Поэты Казахстана»

Е) «Айтыс»

  1. Майлықожа айтысқан қырғыз ақынын табыңыз:

А) Қатаған

В) Ұлбике

С) Сүйінбай

Д) Балуан Шолақ

Е) Жаныс

  1. Майлықожаның табиғат лирикасына арнаған өлеңін көрсетіңіз:

А) «Жылдың төрт мезгілі»

В) «Бұлбұл»

С) «Қасқыр»

Д) «Райымбекке»

Е) «Ноғай мырзаға»

  1. «Үш жігіт», «Аңқау мен қу» өлеңдерінің авторы кім?

А) Дулат

В) Майлықожа

С) Махамбет

Д) Сүйінбай

Е) Шортанбай

ҮII. Білімді бақылау, бағалау

Оқушыларға кері байланыс парағы жүргізіледі.

ҮІII. Қорытынды

Ауызша «Миға шабуыл» сұрақтары арқылы

ІХ. Үй тапсырмасын беру

Теориялық бағыт: Майлықожаның өмірі мен шығармашылық еңбегі

Практикалық бағыт: Қалаған бір өлеңін жаттау

Шығармашылық бағыт: «Майлықожа – адамгершілік туын көтерген ақын»тақырыбына шығарма жазу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *