«Ғажайып алаң»ашық сабақ


“Қостанай қаласының әкімділігі бөлімінің № 4 балабақшасы МКҚК ” тәрбиешісі Сыздыкова Айжан Гарибжановна

 

       Мақсаты: Ертегінің құрылымының қалыбын үлкендер көмегімен құрастыра білуге үйрету.

Ертегінің қызметтері арқылы болады:қастық,көмекшілермен кездесу,бақытты соңы.Ертегіде

кейіпкерлердің  атқаратын қызметтері жайында білімдерін қалыптастыру. Таныс ертегіні

бастап,аяғын өз ойынан шығарып байланыстара сөйлеуге дағдыландыру.Ойын арқылы

пішіндерді бір бейнеге ұқсатып, оны сөйлете білу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Үй жануарлары мен дала жануарларының суреттері,пішіндер,саусақ театр

ойыншықтары,интерактивті тақта,ертегі үзіндісі.

 

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Үйлестіру-ұйымдастыру Балаларға жұмбақтар жасыру.

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті

Басынан өткізеді әрбір істі Кішкентай ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар.

Балалардың жауаптары.

(Арыстан)

.

 

(Қой)

Ұйымдастырушылық ізденіс Әңгімелесу.

Жұмбақтарды дұрыс шештіңдер.Енді тақтаға қараңдар.

Тақтада үй жануарлары мен дала жануарларының суреттері лілініп тұрады           

Мында қандай жануарлардың суреттерін көріп тұрсыңдар?

 

Дұрыс.

Бұлар қандай жануарлар?

 

Неліктен дала жануарлары дейміз?

-Ал енді келесі суреттерді қарастырамыз,қандай жануарлардың суреттері?

 

Дұрыс ,ал бұларды қандай жануарлар дейміз?

 

Неліктен үй жануарлары дейміз?

 

 

Балалар осы жануарлар жайында көптеген ертегілер бар,қане естеріңе түсіріңдерші.

Үй жануарлары кездесетін қандай ертегілерді білесіңдер?(атаймыз)

Енді дала жануарлары бар ертегілерді атаңдар.

Өте жақсы балалар көптеген ертегілерді біледі екенсіңдер.

-Ал енді балалар осы ертегілердің ішінен

«Қоянның үйшігі» ертегіснен үзінді көреміз.

Интерактивтік тақта арқылы ертегі үзіндісі көрсетіледі.

-Ал балалар осы ертегілерде қандай жануарларды байқадыңдар?

Жақсы,кім айтады қоян қандай жануар екен?

Неліктен жақсы деп ойлайсыңдар?

 

Ал түлкі қандай жануар екен?

Неге сендер олай ойлайсыңдар?

 

Ал қоянға кім көмектесті ?

Дұрыс балалар ертегіні жақсы біледі екенсіңдер .

Жылаған дауыс шығады.

Тәрбиеші:Неге жылайсың түлкі неболып қалды?

Тәрбиеші:

Неге жылайсың, түлкі сен өзің кінәлі емессің бе балалардан сұрайықшы сенің қандай екеніңді.

Көрдің бе балалар сені жақсы біледі.

 

Тәрбиеші:Балалар біз түлкіні кешіреміз бе?ол бізден кешірім сұрап отыр .

-Ал ендеше бізбен бірге түлкі де ойнасын ойынымызды бастайық.ойынның аты «Ғажайып алаң»- деп аталады

Бәрің мына үстелдің жан-жағына келіп жайғасып отырыңдар.

Ойынның шарты мынандай.

Кезекпен мына шеңберді айналдырамыз,шеңбердің ұзын тілі қай санға тоқтаса ,сол санда тапсырма берілген.Біз сол тапсырмаларды орындауымыз керек.

Әр тапсырманың дұрыс жауабына  бір текшеден беріледі.

№ 1-ші тапсырма.(Тақпақ айту)

№ 2-ші тапсырма. (Күз мезгілі суреттері бойынша әңгіме құрау)

№ 3-ші тапсырма. «Шалқан» ертегіні саусақ арқылы сахналау.)

№4-ші тапсырма. «Бауырсақ» ертегіні бастап өз беттерінше аяқтау)

№ 5-ші тапсырма.(Сергіту сәтін айту)

№ 6-шы тапсырма.(ойын:Қандай пішін)?

Сиқырлы жәшік:(ішіндегі затты сипаттап,қандай ертегіден екенін айтып беру.)

Балалр түлкі сендерге рахметін айтып жатыр,оған сендердің қаншама қызықты бізар нәрселерді  білетіндерің  ұнады.Түлкі де балабақшаға  бармақшы.

 

 

Балалар орындарына отырып тәрбиешіні мұқиат тыңдап отырады.

Тақтадағы жануарлардың суреттерін қарастырады.

 

Мына суреттерде қасқырдың,

қоянның,түлкінің суреттері салынған.

Бұларды дала жануарлары деп атаймыз.

Өйткені олар далада,орманда өмір сүреді.

 

Ал мына суреттерде ит ,мысық,ешкінің суреттері салынған.

Бұл жануарларды үй жануарлары дейміз.

Өйткені олар үйдің жанында,адамдарға жақын  қорада тұрады.

 

 

«Шалқан», «Ит пен мысық неге араз», «Қасқыр мен жеті лақ», «Ешкі мен түлкі»

 

«Бауырсақ», «Үш аю», «Маша мен аю», «Тырна мен түлкі», «Аңқау арыстан», «Қоянның үйшігі»

 

 

 

Балалар интерактивтік тақтадан ертегінің үзіндісін көреді.

Бұл ертегіде біз қоян мен түлкі жануарларын кездестірдік.

Қоян жақсы жануар.

Өйткені ол түлкіні үйіне кіргізді аяп.

Түлкі нашар,айлакер,қу жануар.

Өйткені қоянды үйінен қуып шықты.

Қоянға әтеш көмектесті.

 

 

 

 

Түлкі:Мені бәрі де ренжіте береді,менімен ешкім дос болғысы келмейді.

 

Балалар:Сен қусың,айлакерсің.

Түлкі:Кешіріңдерші мені балалар мен енді ондай болмаймын,мені де ойнатыңдаршы.

 

Иә түлкіні кешіреміз.

 

 

Балалар  «Ғажайып алаң»ойынын бастайды.

Балалар дөңгелек үстелдің маңына жайғасып  отырады.

 

 

Балалар кезекпен шеңберді айналдырады.

 

 

 

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті – түзетуші Сабақтың соңында балаларды мақтап, мадақтау.

 

Балалардың сабақтары ойын арқылы өткендеріне өте қуанышты.

 

Күтілетін  нәтиже:

Ұғынады: Ертегінің құрылымының қалыбын үлкендер көмегімен құрастырылатынын ұғынады.

Түсінеді:   Таныс ертегіні бастап,аяғын өз ойынан шығарып байланыстара сөйлеу жолын түсінеді

Қолданады: Ойын арқылы пішіндерді бір бейнеге ұқсатып, оны сөйлете білу дағдыларын қолданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *