«Қыз сыны – 2016» сайысының әзірлемесі
Кырыкбесова Айымгуль Ермековна
Преподаватель казахского языка и литературы
Екибастузский колледж инженерно-технического института им.академика Сатпаева
Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы»
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Қыздардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.
1 – жүргізуші: Армысыздар құрметті студенттер, ұстаздар, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар! Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 – наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
2 – жүргізуші:
Бүгінгі күні сіздерге мерекелік көңіл – күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Көрікті көктем аруы» атты қыздар байқауын тамашалауға шақырамыз!
1 – жүргізуші:
Арулар – аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір – біріне жалғап тұрар.
2 – жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін – өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
1 – жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аруларды құрметтеп
Ән маржанын шашайық – деп ән жолдаймыз.
Жұмкей Жақсыбектің орындауында тамаша ән.
2 – жүргізуші:
Құрметті қауым! Бүгінгі өткелі отырған «Көрікті көктем аруы» атты Қыз сыны 2016 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!
Байқаудың мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Қыздардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
1 – жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен жол береміз сынауға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды таңдап бүгін алуға – деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасы
Колледж директоры – Бекетова Ардак Бейсенгалиевна
Директордың оқу ісі орынбасары – Шугурова Лариса Хамзиевна
Директордың тәрбие жұмысының орынбасары – Каримова Гульнар Сарсеновна
Арнайы пәндер оқытушысы – Самалбай Самал Саматовна
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы – Табуктинова Жайдары Нургалиевна
Саясаттану пәнінің оқытушысы – Аубакирова Жанна Омиртаевна
1 – жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
2 – жүргізуші:
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде – дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Мусабекова Нуркамал
2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз – УА тобының студенті Елеусизова Мадина
1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Каирбекова Рабиға
2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз – МН-12 тобының студенті Тұрдыбекова Гульназ
1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз – МН-12 тобының студенті Букаева Айдана
2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз – ТЭ-21 тобының студенті Бектұрсынова Махаббат
1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Балтабай Мадина
2 – жүргізуші: Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
І – бөлім: «Сәлемдесу» деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
1 – жүргізуші:
ІІ – бөлім «Өз өнері» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)
2 – жүргізуші:
ІІІ – бөлім: «Үй тапсырмасы» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз қолдарымен жасалған тағамдарын ұсынады.
1 – жүргізуші:
ІV бөлім: «Сұрақ – жауап» Бұл бөлімде аруларымыз қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап береді.
2 – жүргізуші:
V- бөлім: «Қол өнері» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің шапшандығы мен пысықтығын көрсетеді.
1 – жүргізуші:
VI-бөлім: «Сән үлгісі» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді.
1 – жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы – әдепті де әдемі
Қазақ қызы – ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі – дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін – өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар!
1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – Мусабекова Нуркамал (презентация)
2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз –Елеусизова Мадина
1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз –Каирбекова Рабиға
2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз –Тұрдыбекова Гульназ
1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз –Букаева Айдана
2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз –Бектұрсынова Махаббат
1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Балтабай Мадина
1 – жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай – пай, шіркін! Қыздардың құдіреті – ай!
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Жұмкей Жақсыбектің орындауында «Ұқсамайсың сен …» әні.
2 – жүргізуші
Өнері өрге жүзер талаптының
Дарыны талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының – деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – Мусабекова Нуркамал
2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз –Елеусизова Мадина
1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз –Каирбекова Рабиға
2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз –Тұрдыбекова Гульназ
1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз –Букаева Айдана
2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз –Бектұрсынова Махаббат
1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз –Балтабай Мадина
2 – жүргізуші
Қарсы алыңыздар Елеусизова Мадинаның орындауында «Қазақ биі»
1 – жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының, Отанның берекесі
– дей келе Сіздерді «Үй тапсырмасы» бөлімін тамашалауға шақырамыз.
1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – Мусабекова Нуркамал
2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз –Елеусизова Мадина
1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз –Каирбекова Рабиға
2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз –Тұрдабекова Гульназ
1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз –Букаева Айдана
2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз –Бектұрсынова Махаббат
1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз –Балтабай Мадина
1 – жүргізуші
Қапаров Еркебулан мен Кабек Алмаздың орындауында «Ханшайым» әні
1 – жүргізуші
Сайысымыздың «Сұрақ-жауап» бөлімінде аруларымыз қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап береді.
2 – жүргізуші
№ 1 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Мусабекова Нуркамал
- Ат тергеу деген не?
- Түйенің пірі?
- Асар жасау дегеніміз не?
- Байғазы беру деген не?
- Тұсау кесу дегеніміз не?
№ 2 аруымыз – УА тобының студенті Елеусизова Мадина
- Аузына түкірту деген не? Қалай түсінесіз?
- Ен салу деген не?
- Жол беру дегеніміз не?
- Көрімдік беру дегенді қалай түсінесіз?
- Қайырлы болсын айту дегеніміз не?
№ 3 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Каирбекова Рабиға
- Аяғына жығылу дегеніміз не?
- Қазан шегелеу дегеніміз не?
- Сүйінші сұрау дегеніміз не?
- Ұлыс күні жасалатын тағам?
- Жылқы атасы
№ 4 аруымыз – МН-12 тобының студенті Тұрдыбекова Гульназ
- Сәндік бұйым жасайтын адам?
- Жиен кім?
- Сүйек жаңғырту дегеніміз не?
4. Түйенің сүті?
5. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды?
№ 5 аруымыз – МН-12 тобының студенті Букаева Айдана
- Қазақ қыздарының бас киімі
2. «Төрт аяқты бота тату, Екі аяқтыдан бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім? - Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адам
- Теріден тігілген киім
5. Сәлемдеме деген не?
№ 6 аруымыз – ТЭ-21 тобының студенті Бектұрсынова Махаббат
- Қысқолайсыз болып малдардың жаппай қырылуы
2. Төрт түліктің жайылымы
3.Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаңда
- Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын салт жырларды ата. 5. Не жетім?
№ 7 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Балтабай Мадина
- Ерулік дегеніміз не?
- Жеті қазына дегеніміз не ?
- Қымызмұрындық деген не?
- Шілдехана қандай дәстүр?
- Жүннен жасалған бұйым
2 – жүргізуші.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй» – дегендей Жумадилова Динара орындауында күй тыңдайық.
Күй «Балбырауын» (Құрманғазы күйі)
Күй – «Ата толғауы»
1 – жүргізуші
Қазақ қызы – тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы – деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.
2 – жүргізуші
V бөлім «Сән үлгісі» Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.
1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – Мусабекова Нуркамал
2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз –Елеусизова Мадина
1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз –Каирбекова Рабиға
2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз –Тұрдыбекова Гульназ
1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз –Букаева Айдана
2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз –Бектұрсынова Махаббат
1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз –Балтабай Мадина
2 – жүргізуші:
Қадыр Мұраттың орындауында «Сезім» өлеңі.
V- бөлім: «Қол өнері» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің шапшандығы мен пысықтығын көрсетеді.
(қатысушыларға ине мен жіп беріледі, матаға түйме тігіледі)
1 – жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар – дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
2 – жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне,
Көз тимесін деп достым сен де тіле.
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды,
Айна көктен жететін жер бетіне.
1 – жүргізуші
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Көрікті көктем аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын! – дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.