«Тілім – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» (сайыс)


Кырыкбесова Айымгуль Ермековна
Преподаватель казахского языка и литературы
Екибастузский колледж инженерно-технического института им.академика Сатпаева

Мақсаты: Студенттерді туған елін, жерін сүюге, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.

 

 

Көрнекіліктер: тіл туралы қанатты сөздер,  презентация.

 

Барысы: Қазақтың әсем ұлттық әуені ойнап тұрады, сахна безендірілген, қанатты сөздер, баннер ілінген.

 

Фанфара

 

1 – Жүргізуші:

  • Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі «Тілім өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты сайысқа қош келдіңіздер! 1989 жылдың 22 қыркүйегінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.                       Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлт өкілдері тойлап  келеді. Тілдер мерекесі еліміздегі барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет!

 

2 – Жүргізуші:

  • Қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Мәртебесі көкке жеткен тіліміз 25 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Соның бір айғағы жаңа Әнұраны.

 

(Әнұранды айту)

 

1 – Жүргізуші:

 

  • Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі “Қазақстан — туған жерім, Отаным, алтын ордам” деп 130 астам түрлі ұлт өкілдері бір ауыздан жар салуда. Өйткені біздің ел “татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі”.

 

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Бірлік, достық, татулық жүрегі боп

Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

 

2 – Жүргізуші:

Бүгінгі шарамыз бабаларымыздың сөйлеген, ана сүтімен бойымызға дарыған, көркем әрі бай қазақ тіліне арналмақ.

 

(Шараның мақсатын хабарлау)

 

  • Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осындай мақсатпен біздің мекемеміздің қабырғасында «Тілім – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты сайыс ұйымдастырылып отыр.

 

  • жүрізуші:

Ана тілім- арайлы шапағатым,

Ана тілім – сәнім мен салтанатым.

Ана тілім – таудағы таза бұлақ,

Ана тілім – Мәңгілік махаббатым.

Ана тілім – қазағым, қазақ тілім!

 

«Тілім өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты білім сайысымыз ашық деп жариялаймыз!

Құттықтау сөз мекемеміздің директоры Ардак Бейсенгалиевна Бекетоваға беріледі.

 

 

 

1 – Жүргізуші: (Байқаудың белестерімен таныстыру)

 

– Сайыс алты кезеңнен тұрады.

 

  1. «Жүйріктен жүйрік озар жарысканда» викториналық сұрақтар. (сұрақтарға шапшаң жауап беру).
  2. «Өнерлі өрге шығар» сайысы (өлең құрастыру).
  • «Мақал – сөздің мәйегі» сайысы (мақал-мәтелдің мағынасын ашу).
  1. «Көңілім әнді ұғады» сайысы (өлеңнің аты мен авторын анықтау).
  2. «Ойлан да, тап» сайысы (тарихи орындардың атауын табу).
  3. Үй тапсырмасы.

 

(Әділқазылар алқасымен таныстыру)

 

2 – жүргізуші.

– Сайысмызды бастамай бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып алайық.

 

Мекемеміздің директоры Бекетова Ардақ Бейсенғалиевна

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Каримова  Гүлнар Сарсеновна

Орыс тілі пәнінің мұғалімі – Каирбекова Бибигуль Джамбуловна

1 – Жүргізуші:

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпіліп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

Топтастыру (топ басшыларын таныстыру).

Өзін өзі таныстыру, ұранын айту.

 

 

1-тур: «Жүйріктен жүйрік озар жарысканда» сайысы.

Әр топ басшылары дайындалған үш конвертті өздері таңдайды, сол негізінде сұрақтар оқылады. Сұрақ екі минуттың ішінде оқылады, сол уақытта қанша  сұраққа жауап берсе, сонша ұпай жинайды.

 

1-топ.

  1. «Кел, балалар, оқулық!» өлеңінің авторы.
  2. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қала.
  3. Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры.
  4. Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы.
  5. Парижде «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» әндерін орындаған әнші.
  6. Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы.
  7. Қазақстандағы ең терең көл.
  8. Жүз жасаған ақын?
  9. Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел.
  10. «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын еңбекті жазған ғалым.

 

Жауаптары:

  1. Алтынсарин
  2. Түркістан
  3. Бигелдинов
  4. Алматы
  5. Қашаубаев
  6. Тәуке
  7. Алакөл
  8. Жамбыл
  9. Қытай
  10. Әл-Фараби

 

2-топ.

  1. Қабанбай батырдың шын аты.
  2. « Невада-Семей» қозғалысының басшысы.
  3. Қазақстанның ең алғашқы астанасы.
  4. Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы.
  5. Латын алфавиті қолданылған жылдар.
  6. Қазақстан облыстарының саны.
  7. Киіз үй неден тұратынын белгіле.
  8. Әбілхан Қастеев- …
  9. Бауыржан Момышұлы- …
  10. Қыран құс баулитын адамды қалай атайтынын анықта.

Жауаптар:

  1. Ерасыл
  2. О.Сүлейменов
  3. Орынбор
  4. «Семей-Невада»
  5. 1929-1939
  6. 14
  7. шаңырақ, уық, кереге
  8. суретші
  9. батыр, жазушы
  10. құсбегі

 

3-топ:

  1. Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап.
  2. Көшпелілердің баспанасы.
  3. Құрманғазыдан бата алған күйшіні ата?
  4. Тұңғыш қазақ ғалымы?
  5. Тіл білімінің негізін салушы?
  6. Балалар әдебиетінің негізін салушы?
  7. Жазба әдебиетінің негізін салушы?
  8. Тұңғыш педагог?
  9. Тұңғыш қазақ оқулығын ата?
  10. Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім?

 

Жауаптар:

  1. нағашы ата
  2. киіз үй
  3. Дина
  4. Шоқан
  5. Байтұрсынов
  6. Алтынсарин
  7. Абай
  8. Алтынсарин
  9. «Қазақ хрестоматиясы»
  10. А.Байтұрсынов

 

 

2-Жүргізуші:

  • 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні “Қазақстан Республикасының тілдер туралы” Заңы қабылданып, қазақ тілі ҚР мемлекеттік тіл статусына ие болды. “Қазақстан Республикасының тілдер туралы” заңның 4-бабында былай деп жазылған.

“…Мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы”.

  • Ал, Елбасы былай деген екен:

“Ана тілі мен мемлекеттік тілді білу — уақыт талабы”.

Құралайдың орындауында М.Мақатаевтың «Қара өлең» өлеңі.

 

2 – Жүргізуші:

– Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!

2-тур: «Өнерлі өрге шығар» (өлең шығару сайысы).

Шарты: Тіл туралы өлең шығару. (уақыты 3 минут)

 

1 – Жүргізуші:

Тілім менің-тірлігім,

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің, тілім менің – тірлігім!

3-тур: «Мақал – сөздің мәйегі». (Мақалдың мәнін ашу, өмірден мысалдар келтіру)

Әр топ мүшесі мақал-мәтелдерді алады, оның мағынасын топпен бірге ашады.

 

  1. Бірлік бар жерде тірлік бар.
  2. Ана тілің алпыс тілге татиды.
  3. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
  4. Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тілің – тірлік үшін.
  5. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
  6. Бірлік болмай, тірлік балмас.
  7. Тіл қылыштан да өткір.
  8. Тіл көңілдің кілті.
  9. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.

 

1 – Жүргізуші:

– Өнерлінің өнерін

Тағы да байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Ән сайысына кезек берейік.

 

«Көңілім әнді ұғады» сайысы.

Шарты: оқушылар ойнап тұрған минусовкалардан әннің атын танып айтулары керек.

 

2 – Жүргізуші:

 Елді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен – бірі туысқан.

Қол ұстасқан ел жатыр

Қырғыз, қазақ, өзбектер

Армян, татар, ұйғырлар.

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр,

Алатау Кавказ ұласып

Баурайы бұйрат кең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап

Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату – тәтті, достық қарым – қатынаста.

 

 

1 – Жүргізуші:

-Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн –Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсің!

 

5-тур: Үй тапсырмасы. Өнер сайысы.  (Қатысушылар үй тапсырмасын көрсетеді)

 

Абдуалиева Гүлбақыттың өз шығармашылығын тамашалайық. («Менің тілім» өлеңі)

 

– Болатбек Өсібайдың орындауында «Көк тудың желбірегені» қазақ әні тамашалайық.

«Қамажай» биі.

 

2 – Жүргізуші:

– «Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты» дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әдісқазыларға сөз берейік.

 

(әуен ойнап тұрады)

Сөз директорының тәрбие жұмысының орынбасары Гульнар Сарсеновна Каримоваға беріледі.

Жеңімпаздар аталады.

Марапаттау ресімі.

 

1 – Жүргізуші:

– Құрметті әдебиетті, өнерді, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен талапты оқушылар! Тілдер айлығы шеңберінде өткізіліп отырған іс шарамыз аяғына жетті.

– Анамыздың қанымен бойымызға тараған тіліміздің құндылығын, қасиетін, жан-жақтылығын,  маңыздылығын түсініп жүрейік, тілімізді әрқашанда құрметтейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *