Технологиялық карта


Жусупбекова Роза Клышбаевна
Қостанай облысы,Қостанай ауданы “Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі”ММ
Мектепалды даярлық сынып  1 санатты тәрбиешісі

Білім беру аясы: Әлеуметтік орта

Білім облысы: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Тәуелсіздік көкбайрағы (Н.Мұқатов)

Мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Елтаңба, ту, гимн жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: Сұрақ- жауап, әңгімелеу, көрсету.

Көрнекіліктер: Герб, тудың суреттері.

Сөздік жұмыс: рәміз, көкбайрақ, тәуелсіздік.

 

Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру.

Сезімді ояту

Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Еліміздің бас қаласы қай қала?

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Туымыздың түсі қандай?

Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу деген ешкімге бағынышты емес, өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстан    көпұлтты мемлекет. Елімізде  … желтоқсан  Тәуелсіздік күні болып белгіленген.

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, гимн айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ізденістер. Ұйымдастыру Дәптермен жұмыс: Н.Мұқатовтың «Тәуелсіздік көкбайрағы» өлеңімен өлеңімен тан таныстыру.

Орта ылғи от жайнайды,

Тірлік ырғақ тоқтай ма әлі.

Тас төбемде желбіреші,

Тәуелсіздік көкбайрағы.

Мемлекеттік Тудың авторы Ш.Ниязбеков. Тудың көгілдір түсті болуы     бұл ашық аспанның түсі. Тудың ортасында       шұғылылы алтын күн. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күннің астынды      шарықтаған дала бүркітінің бейнесі. Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген.

Тыныштық сәті: Өскенде өз Отанына қалай қызмет ететіндерін, өскенде кім болатындарын ойлап, көз алдарына елестету.

Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей болып өріліп,

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып.

Дид/ойын: «Мен өскенде кім болам?»

Ойын шарты: Әрбір мамандық иелерін сурет арқылы балаларға көрсету керек. Балалар қалаған суретті алып, өскенде қандай мамандық иесі болатынын әңгімелеп айтып беруі керек.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады.

Балалар көздерін ашып, өз ойларын айтады.

 

Сергіту сәтін

қимылмен-қозғалыс арқылы жасайды.

 

 

 

 

Балалар өскенде қандай мамандық иесі болатынын әңгімелеп айтып береді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау Туымыздың авторы кім?

Туымыз неліктен көгілдір түсті?

Тудың ортасында ненің бейнесі бейнеленген?

Неліктен ою өрнекпен әшекейленген?

Мақтау – мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап қайтарады.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білуі тиіс:  Рәміздер туралы білу.

Түсінігі:  Тәуелсіздік туралы түсіну.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *