Алтын күз


 ММ «Лесхоз негізгі мектебі»

  Қазақ тілі  мен әдебиет  мұғалімі: Қарабатырова Б.К

 Ашық сабақ  6 сынып.   

Алтын күз                                                              

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз.

Сабақтың мақсаты:1.Күзгі жапырақтың атқаратын қызметі, туралы   түсінік беру.

2.Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақты  орындату       арқылы  ойлау  қабілетін дамыту , сөздік  қорын молайту ,танымдық белсенділіктерін арттыру.

3.Қоршаған ортаға  қамқор болуға, табиғатты  сүюге баулу.

Көрнекілігі: слайд,  тірек сызбалар, сөзжұмбақ , электрондық кітап.

Әдіс-тәсілдері : түсіндіру, талдау, жинақтау, топтық жұмыс, тірек  сызбалар,  ойындар.

Пәнаралық байланыс: еңбекке  баулу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық  дайындық.

 1

 Алтын сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады  атырап.

Ой, алақай, тамаша

Шашу шашып жапырақ

Бақтың іші  алаша.

ІІ. Сұхбат  айту.

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыс айларды  атаңдар.

-Қыста қандай мерекелер болады?

Сөз  жұмбақты шешу.

1.Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі не?(шанырақ)

2.Халықтық мереке және қандай мереке бар?(Кәсіптік)

3.1997жылға дейін Астана қаласы қалай аталды?(Ақмола)

  1. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?(Есіл)

5.Ұлттық мерек.(Наурыз)

  1. Н.Ә.Назарбаев кім?(Президент)

7.Қазақстан неше елмен  шектеседі?(Бес)

8.Музыкалық аспап?(Домбыра)

2

 III. Сабақтың мақсатын,  барысын айту.

3

  1. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық  тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы  сызбаларды дәптерлеріне көшіріп  жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып  бойынша сұрақтар қояды,  оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Новый рисунок (8)Сөйлемде  сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста қолданылады.  Сол байланыстың  негізінде  сөйлемдегі сөздердің  белгілі  орын тәртібі  болады. Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшелері  ыңғайында былай болады.

  1. Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады.
  2. Толықтауыш өзінің  толықтайтын  сөзінен,  анықтауыш өзінің анықтайтын сөзінен,  пысықтауыш  өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады.

Мысалы:  Жаңбыр жиі-жиі жауады.

  1. Сөздік жұмыс.

Каптау-скучиваться,

собираться

Топ-топ- группой

Ерекше- особенный

Егін даласы- посевное поле

Қайнау- кипящий

Үздіксіз- непрерывно

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
  • мұғалім сөздерді  мәнерлеп оқиды;
  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді  дауыстап  оқиды;
  • тізбекпен оқиды.
  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін  құрау.
  2. Сөйлемдер құрау.
  3. Жаңа сөздерді сөздік  дәптерге  жазу.
  1. Лексикалық тақырып. Тақтада сызбаны құрастыру бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Оқушылар тақтадағы сызбаға  қарап, жаңа тақырапты  мұқият тыңдайды. Сызбаны  пайдаланып дәптерлеріне  сөйлем құрып жазады.

4

ә) Мәтін бойынша «Мәтін құра» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар «Күз» мәтінін  іштей оқып, суреттердің орнына тиісті сөздерді  қойып  шығады. Қолдарына қалам мен  қағаз алады. Әрбір  оқушы мәтінге  сұрақ жазып, парақты   бүктеп, оны жүргізушіге береді.  Бірақ мұның алдында  мәтінді  тағы бір рет жылдам оқып шығады. Сосын жүргізушіден  кез келген парақты  алып, жауабын ойластырады.  Енді  оқушылар жауаптарын  өзара талдап,  мәтіндегі  тәртібі  бойынша  түзетеді. Осы  түзетілген тәртіппен олар  мәтінді  әңгімелеп,  соңынан  оны жауап үлгісімен салыстырады. Әңгімелеуге  кіріседі. Жүргізуші  ең белсенді  ойыншыны анықтайды.

Жауап үлгісі

Күз

Күз келді. Күн суыта бастады, аспанды бұлт қаптады.  Жиі-жиі жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр.  Олардың түстері  әр түрлі: сары,  қызыл,  жасыл.  Олар жерге жайылған кілемге ұқсайды.  Құстар топ-топ болып,  жылы жаққа ұшты. Адамдар да жылы киіне бастады.  Адамдардың күзгі еңбектері  де ерекше. Егін даласында – қайнаған қызу еңбек.  Комбайндар мен тракторлардың гүрілдеген даусы үздіксіз естіліп тұр.

VII. Сергіту жаттығу. «Қара жорға»

  1. 3-тапсырманы орындау. Сөйлемдерді дұрыс құрау. Дайындыққа  5 минут уақыт беріледі.  Содан кейін бір-бірін  жауап үлгісі бойынша  тексереді.
Жауап үлгісі

1.     Күзде  күн қысқарады, түн ұзарады.

2.     Күзде  құстар жылы жаққа  ұшады.

3.     Күздігүні  диқаншылар егін жинайды.

4.     Бақтарда  жеміс-жидек піседі.

5.     Жиі-жиі жаңбыр жауады.

6.     Күз айлары-жылдың ең бір ғажайып айлары,

 

 «Қыркүйек. Қазан. Қараша.» мәтіндерімен жұмыс. «Қарлы кесек» ойыны.

Ойынның  шарты: Презинтация жасау.Сынып оқушыларын 3 топқа  бөліп, А,Б,В, деген 3  үстелге отырғызамыз. Әр үстел өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 6 минут уақыт  беріледі.  Оқушылар презентацияны  жасап, қорғайды.  Оқушылар  әрқайсысы  үстелдеріне  отырып  жауап  береді де,  қолдарына берілген   жүру бағыты парағына өзіне ұнаған  жауаптың нөмірін  белгілейді. Яғни әр оқушы  «жүру бағыты» парағы мен оның номіріне  сәйкес үстелінің нөмірі  жазылған парақты  үстелісіне  тағып алады. Әрі қарай II турда  оқушылар «жүру бағыты» парағында көрсетілген үстелге барып,  реті  бойынша сөйлейді.  Осылай 3 турда 3 үстелге  отырып,  жауап беріп,  тыңдап шығады.

5 

I  топтың  тапсырмасы: «Қыркүйек» мәтінімен  жұмыс жүргізеді.

II топтың  тапсырмасы: «Қазан» мәтінімен  жұмыс жүргізеді.

III топтың  тапсырмасы: «Қараша» мәтінімен  жұмыс жүргізеді.

Мәтіндердің мазмұнын айтуға дайындалады.  3 топ ең алдымен  аударады, содан кейін  мазмұнын айтуға  дайындалады.

6

7

-1 -2 -3 Ең  жақсы жауап  берген  ойыншының нөмірі Топтың ортақ ұпайы
«А»
«Б»
«В»

 VII. Дәптерде жұмыс- Сөздерді  септелеп жазады.(Электрондық кітап.)

1топ—алма

2топ— шырша

3топ—ағаш

 8

9  

Сергіту сәтті: ролик арқылы.

 Зерттеу жұмысы:Өмір  тәжірибесі(жапырақ, қайшы, салфетка)

Жапырақтар неге сарғаяды?

Түстері қандай болады?

Жапырақтарды салыстырып , ұқсастығы  мен айырмашылығын табады.

VIII. Тақтада жұмыс істеу – «Білім ағаштың» жемістерін, көкөністерін іліп қою. Сурет арқылы  сөздерді аудару.

Сабақтың қорыты: Синквейн.

10

Жаңбыр жауып————- басылды

Аспан шайдай————–  ашылды.

Жел қозғалып—————- жапырақ ,

Жерге түсіп  ——————шашылды.

Стикерлерді жаздыру  –  әр оқушы  өз пікірін жазады.

Үш ойлы шляпаларды сөйлету.

 Үйге: Өлең  жаттау.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *