Экология ашық сабағы


Есенеева Анар Сериковна

№8 логопед топ тәрбиешісі

№1 «Айгөлек» балабақшасы

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

 

Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесімен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.

Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуді үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байиды. Ойынның негізгі мақсаты  баланы қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік меңгеру. Сондай-ақ ойын үстінде балалардын тілін дамытып, ойын жүйесін айта беруге үйрету  тәрбиешінің басты парызы. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде атап көрсеткен.

Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеуге болады. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, өмір тәжірибесінен өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барысында тиімді қолдану қажет.

Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілген көпшілік жұмыстардың бірі – экологиялық дидактикалық ойындар.

Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos – үйретуші, diddaskalos –мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымынығ саласы .

Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, кештер, дидактикалық ойындар, әр түрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылып жүр. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсат біреу, ол оқушыға тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының есінде қалатындай етіп ұйымдастырып бекіту. Ұстаз оқушылардың пәнге қызығуын арттыру мақсатында өз тарапынан шығармашылық ізденістер жасап, әр түрлі дидактикалық кештер ұйымдастыруы керек.

Биология пәнінің дидактикалық ойын кештерінің мазмұны тіршіліктің құндылығын, биологиялық мәселелердің маңыздылығын жете түсінуге, оқушылардың өмірге деген көз қарастарын жан-жақты дамыту, оқытудың теориялық бағытын, практика жүзінде іске асыру, қоршаған ортамызды аялай білуге үйрету және оқушыларға өмір сүру заңдылықтарын терең сезініп, оны дұрыс қабылдауына мүмкіндік береді .

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа деген қызығуларының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық ойындар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды биологиялық материалдарға қызықтыруымен қатар алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін ізденімпаздығын еңбекқорлығын жетілдіруге, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.Дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар арқылы теориялық білімді нақтылап, білім-білік дағдыларды қайталап және бекітуге арналған.

Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу қолға алынды. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барсында тиімді қодану қажет. Осы бағытта:

1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;

3.Отанымыздың мейлінше бай, көркемдікті бағалай ілуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;

4.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;

5.Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу керек.

Демек, экология сабақтарында дидактикалық, ойындарды балаларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай экологияны дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынандай мақсаттары болуы керек:

а) дидактикалық ойындарды тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда экологиялық жұмбақтарды, сауалғыларды, сөзөрімдерді сөзжұмбақтарды оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы балаларды мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) дидактикалық ойындар арқылы балаларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың экологиялық тілін қалыптастыру керек.

Және де дидактикалық ойындар ойнату.

Мысалы; ”Бұтақ неге ұқсайды?”

”Қай жануар немен қоректенеді?”

”Ара ұясын тап.”

”Не қайда мекендейді?”

”Үйшігін тап.”

”Өсімдікке көмектесейік.”

”Неге ұқсас?”

”Ненің ізі?”

”Суретті аяқта.”

”Ненің дыбысы?”

”Қай құстың дыбысы?”

”Аяқтарын іздеп тап.”

”Құйрықтарын ұстап ал.”

”Дәмін татып айт.”

”Қай жеміс қай ағашта өседі?”

”Ұстап айт.”

”Саяхат.”

”Гүлді қалай отырғызады.”

”Искеп тауып айт.”

”Гүліңді тап.”

”Қапшықтан сезіп тап.”

Мысалы.Балаларға қапшықтан жемісті көрсетпей ұстатып айтқызу,ол не?қабығы қандай?

Алып шығып оның иісі қандай екенін айту.

Түсін анықтау.

Оның дәмін анықтау.

Келесі жұмыс карточкамен жүргізіледі.

Көріп тауып айт,ойыны ойналады.

Балаларға қазіргі заманға сай көріністер көрсету.

Мысалы.”Лунтик.”

”Саңырауқұлақ.”

”Немо.”балықтар туралы.

”Бемби.”

”Вини пух.”

”Аю ағасы.”т.б.

Балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *